Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ "Тапқыр достар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс өтуге болады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар» интеллектуалды ойыны.
Мақсаты:
1. Білімділік: Жан - жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушыларды ұйымшылдыққа достыққа, өзін - өзі тануға, айналасындағы ортамен қарым - қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
3. Тәрбиелік: Тапқырлық, шапшаңдық, дарындылық, зейінділік, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, сөздік қорын молайту.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: кеспе әріптер, қима қағаздар, слайд
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды 4 топқа бөлу.

2. Топ басшыларын сайлау

Жеребе алып қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.
Жарыс ережесімен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім

Ойының барысы:
I. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
II. «Ойлан, тап»
III. «Сен білесің бе?»
IV.«Кім зерек?»

V. «Сөз ойла, тез ойла»

VІ. «Кім жылдам?»


1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
(Төрт топқа 10 - 10 сұрақтан қойылады. Қойылған сұрақтарға қолына түскен әріптен басталатын сөзбен жауап береді)
1 - топқа
1. Олимпиада чемпионы болғыңыз келе ме?
2. Алма қай жерде өседі?
3. Кітап оқисыз ба?
4. Жазғы демалыста қайда қыдырасыз?
5. Аспанда не бар?
6. Қай спорт түрін ұнатасыз?
7. Көңіл күйіңіз қалай?
8. Қай пәнді ұнатасыз?
9. Қазақтың батырын атын айт.
10. Қандай тілек айтасың?

2 - топқа
1. Көп сөйлейсіз бе?
2. Суды немен ішесің?
3. Болашақта кім болғың келеді?
4. Досыңның аты кім?
5. Сіз өзіңізді қандай оқушымын деп есептейсіз?
6. Қазақстанның табиғи байлығы не?
7. Өсімдік атын ата?
8. Қай түсті ұнатасыз?
9. Қазақтың ұлттық тағамын ата
10. Сумкаңда не бар?


3 – топқа

1. Досың кім?
2. Күнделігіңді уақытылы толтырылады ма?
3. Жасың нешеде?
4. Қандай пән ұнайды?
5. Бос уақытыңда немен айналысасың?
6. Өлең жаттайсың ба?
7. Бантикті кім тағады?
8. Шашыңды өсіргің келе ме?
9. Нені жақсы көресің?
10. Кімге сәлем жолдайсың?


  1. топқа

1. Атың кім?

2. Мұғалім болсаң не істейсің?
3. Үлкейгенде кім боласың?
4. Сабақ оқыған жақсы ма?
5. Нені жақсы көресің?
6. Заттың атын білдіретін сөз айт?
7. Қуанғанда не істейсің?

8. Қалтаңда не бар?

9. Қай сыныпта оқисың?

10. Елімізге айтар тілегің?


II. «Ойлан, тап» (берілген суреттерге қарап мақал - мәтел айту)

Суреттер: қой, ағаш, батыр, бала, күн, жеті, бесік, қыз, көз, ат, нан, қол, қоян, балық, нар, сиыр.

III. «Сен білесің бе?» (слайдтағы ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдайды. Әр ұпай сандарының астында жасырынған сұрақтар бар, сол сұрақтарға жауап берген топ негізгі ұпай санын алады).
5 – Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды?(1991ж. 16 желтоқсан)
5 – Туған жерге байланысты мақал – мәтел айт
5 –Қашықтықты қалай табамыз?
5 –Есімдік дегеніміз не? Мысал келтір

10 – Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері кім? Ғарышқа қашан ұшты?(1991ж. Т. Әубәкіров)
10 – ҚР мемлекеттік Әнұранының авторлары кімдер? (Н. Назарбаев. Ж. Нажмеденов, әні: Ш. Қалдаяқов)
15 –Қоңырқайдың (Сатурн) неше серігі бар? (17)
15 – Ғарышкерлердің киетін киімі қалай аталады? (скафандр)

IV.«Кім зерек?» (логикалық сұрақтар)

1.Сыныпта 30 оқушы.Әрбір 6 қызға 4 ұлдан келеді.Сыныпта ұл бала нешеу?(12 ұл)

2.Бір аяқта тұрғанда қораздың массасы 5кг.Екі аяқта тұрса,оның массасы қанша болады? (қораздың массасы 5кг)

3.Екінші аусымда оқитын екі дос мектепке бара жатыр.Олар бірінші аусымда оқитын үш досын кездестірді.Мектепке барлығы неше бала бара жатыр? (2 бала)

4.Жолда келе жатқан екі бала 20 теңге тауып алды.Олардың артынан бес бала келе жатыр.Олар қанша теңге тауып алды?(Ешқандай теңге таппады)

5.Анасы Серікке бірнеше алма берді.Ол алмалардың жартысын жеп,қалғанын 4 алманы қарындасына апарып берді.Анасы Серікке барлығы қанша алма берді?(4 алма дегеніміз алманың жартысы.Демек Серіктің барлығы 8 алмасы болған.)

6.Басы теңесіп тұрған таразының бір жағында табақта бір алма мен екі алмұрт,екіншісінде екі алма мен бір алмұрт бар.Қайсысы жеңілдеу,алма ма әлде алмұрт па? (алма мен алмұрттың салмағы бірдей)

7.Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?(100-жүз)

8.Пойыздың 10 вагоны бар.Бауыржан басынан санағанда бесінші вагонға отырды,ал Ұлан аяғынан санағанда бесінші вагонда отырды. Екеуі бір вагонда отыруы мүмкін бе ?(Бауыржан 5-ші,Ұлан 6-шы вагонға отырды)

9. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

10. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары

11. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды? (12 құс. Ұша алмайды)

12. 3 аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулауы үшін қанша сағат керек? (3 сағат)


V. «Сөз ойла, тез ойла» («сүтқоректілер» сөзінен әртүрлі сөз шығару)


VІ. «Кім жылдам?» (берілген сөздерді іс – қимылдар арқылы жеткізу)


ІІІ. Қорытынды:
Жеңіске жеткен топ мүшелерін марапаттау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1844
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12