400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ "Тапқыр достар" 4 "А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алған білімдерін пысықтау, информатика пәнінен білімдерін кеңейту әр түрлі қызықты сұрақтар қою арқылы, оқушылардың білімін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тапқыр достар» сайысы


Мақсаты:

Алған білімдерін пысықтау, информатика пәнінен білімдерін кеңейту әр түрлі қызықты сұрақтар қою арқылы, оқушылардың білімін жетілдіру.


Көрнекіліктері: плакат, шарлар, интерактивті тақта


Жоспар

І. Ұйымдастыру

ІІ. Сәлемдесу

ІІІ. Кім тапқыр

ІV. Адасқан әріптер

V. Постер қорғау (компьютердің құрамы)

VІ. Мақалдарды жалғастыру

VІІ. Капитандар сайысы

VІІІ. Марапаттау


Мұғалім: Бәріңіз маған қараңдар!

Жарысымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды,

Ортамызға тастайық

Информатика пәнінен

Көрсетейік біз батырлық.


Бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына екі команда қатынасады. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. Командаларға ескерту: егерде кімде – кім сайыстың шартын бұзса және де сұрақтарға уақытынан бұрын жауап берсе, мынадай үшбұрыш беріледі. Ол команда ұпайы 1 балға кемігенін білдіреді.


І – топ «Алқырлар» тобы

ІІ – топ «Тапқырлар» тобы

Сайысымыздың бірінші кезеңі «Сәлемдесу» деп аталады онда екі топ өз командаларын таныстырады.

І – топ «Алғырлар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз ,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз


ІІ – топ «Тапқырлар»

Ұраны: Білікті бірді жығады

Білімді мыңды жығады

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын,

Алға қойған мақсатымыз бар екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Командалар өз топтарын таныстырып болсақ, енді сайысымыздің келесі кезеңін бастаймыз. Бұл кезең «Кім тапқыр» деп аталады. Онда ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап береді. Екі команда кезекпенен.


Ойынымыздың үшінші кезеңі «Адасқан әріптер» деп аталады. Әр командаға конверттер беріледі. Берілген әріптерден компьютерге қатысты сөздер құрастыруы керек. Бұл бөлімде командалардың шапшаңдығымен ерекшеленеді және 3 минут уақыт беріледі. Қай команда көп сөз құрастырса, сол командаға ұпайы көп беріледі.

Келесі сайысымыз «Постер» қорғау. Ойынның шарты бойынша постерге компьютердің бөліктерін орналастыру және қандай қызмет көрсететін айту.


Келесі кезеңі «Мақалдарды жалғастыру» деп аталады. Бұл кезеңде мақалдың алдыңғы жолы берілген, келесін жолын жалғастыруы қажет. Жауап бере алмаса келесі топ жауап береді.

Сайысымыздың соңғы кезеңі «Капитандар» сайысы. Мұнда екі команданың топ басшылары шығып, берілген сұрақтарға жауап береді. Онда үш тілде айтулары керек.

1.Ақпараттарды енгізу құрылғы қалай аталады?

(пернетақта, клавиатура, keybord)

2. Компьютердің миы деп аталатын құрылғы қалай аталады?

(жүйелік блок, системный блок, system unit)

3. Ақпараттарды экранға бейнелейтін құрылғы?

(Монитор, монитор, screen)

4. Қағазды басып шығаратын құрылғы қалай аталады?

(Баспа құрылғысы, принтер, printer)

5. Сурет салуға арналған программа қалай аталады?

(Пайнт, пайнт, paint)


Қорытындылау:

Компьютердің әр сөзі,

Толып жатыр кәдеге

Көңілділер сайысы,

Келіп жетті мәреге.

Командаларды марапттау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1172
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі