жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сайыс сабақ "Тіл жүйрікте кім жүйрік?" 3-сынып
Авторы: Аманова Аякоз Токтамуратовна
Түркістан облысы,Сарыағаш ауданы №27 Шәкәрім атындағы жалпы орта мектебі
Күні: 11.10.2018 ж
Сыныбы: 3 «Д» сынып
Сабақтың түрі: сайыс сабақ, /сыныптан тыс/
Сабақтың тақырыбы : «Тіл жүйрікте кім жүйрік?»
Ұйымдастырушылар : Аманова А.
Сабақтың
мақсаты:
1)
оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінен білімдік деңгейлерін байқау,
саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік,
адалдық борыш, ар-ұят секілді адами
қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі
арқылы оқушылардың рухани дүниесін,
шығармашылық қабілетін арттыру;
қатысушылар:
3 «Д» сынып оқушылары
Мұғалім:
–
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
-
Құрметті оқушылар сендер бізде қандай
апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
-
Дұрыс, қазір бізде «Қазақ тілі апталығы»
өтіп жатыр
Қазақ тілі өте бай, әрі
көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік
тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының
азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі -
дамыған тіл.
- Балалар, сендер
байқайсыңдар ма бүгін бізге қонақтар
келіп отыр
Қонақпен амандасайық!
-
Сәлеметсіз бе! (Балалар амандасады)
Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін.
І топ Алғырлар
ІІ
топ Тапқырлар
Сайысымызды
арнайы фишкалармен
бағалаймыз!
-
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің
сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне,
тіл туралы сайысқа,
Сыныбымыз
білгірлерін сайлады.
Мұғалім:
–
Бүгінгі біздің сайысымыз 8 кезеңнен
тұрады:
Таныстыру
Мәнерлеп оқу
Білімді мыңды жығар
4.
Жедел жауап (топ басшыларына)
5.
Әзіл викторина
6. Сөз болатын –
мақал
7. Қызықты ұйқастар.
8. «Сөз құра, тез құра!»
1-кезең «Таныстыру». Әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.
Өз
тобын жақсы таныстырып шыққан топқа 2
тәтті беріледі.
–
Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ
қазылардың берген ұпайларын көрейік.
2-кезең «Мәнерлеп оқу». Оқушылар бүгінгі күнге дейін өткен өлеңдерді мәнерлеп айтып береді.
Өлеңді
айту мәнеріне қарай 1 тәттіден беріліп
отырады.
3- кезең «Білімді мыңды жығар» қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді.
Әр
сұрақтың дұрыс жауабы 1 тәттімен
бағаланады.
Бірінші
топқа қойылатын сұрақтар:
1.
Қазақ
әліпбиінде қанша әріп бар? (42)
2.
Жіңішке
дауысты дыбыстарды ата:
(ә, ү, і, е)
3. Дауысты дыбыстар қалай
бөлінеді? (жуан,
жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4.
Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар?
Оларды атап бер (5-еу,
бастауыш, баяндауыш, толықтауыш,
анықтауыш,
пысықтауыш)
5.
Мәтіннің
қанша түрі бар.
(3)
6.
Зат
есімнің сұрақтарын ата.
(кім? не? кімдер? нелер?)
7.
Сұраққа
жауап болып келетін сөйлемнің түрін
ата.
(сұраулы сөйлем)
8.
Қарама
–қарсы сөздер айт. (жуан –жіңішке,
биік-аласа т.б.)
9.
«Сұлу» сөзінің синонимі – (көрікті,
әдемі, тамаша )
10.
Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды
ата (5
дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым;
Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,
бекер мал шашпақ)
Екінші топқа қойылатын сұрақтар:
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
2.
Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім?
(Ыбырай
Алтынсарин) Ахмет Байтұрсынов
3.Қазақ
тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді?
(дауысты
және дауыссыз )
4.
Жуан дауысты дыбыстарды ата: (а,
о, ы, э)
5.
Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы
сөздер (антоним)
6.
Нүкте
қай сөйлемнің тыныс белгісі? (хабарлы
сөйлем)
7.
Сан
есімге қандай сұрақтар қойылады?
(қанша?
еше?)
8.
Қыстырма сөздерді ата. (әрине,меніңше,сірә,оның
ойынша т.б.)
9. Қазақ тілінде неше жалғау бар және оны ата. (көптік және жіктік)
10.
16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік
алған күн)
Жүргізуші: «Тіл – ата - баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру - мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
4- кезең «Жедел жауап» топ басшыларына арналған
Әр
сұрақтың дұрыс жауабы 1 тәттімен
бағаланады.
Ітоп:
1.ҚР-астанасы қай қала? Астана
2.1маусым қандай мереке? Балаларды қорғау күні
3.Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер? Мәншүк, Әлия
4.ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер? Н.Ә.Назарбаев , Ж.Нәжмеденов
5.Абайдың шын аты кім? Ибраһим
ІІ топ:
1.ҚР-ның рәміздерін ата Ту , елтаңба, әнұран
2.Қазір қай жыл? 2018ж
3.Қазақтың үш биін ата. Төле, Әйтеке, Қазыбек
4.6 шілде қандай мереке? Астана күні
5.Аптаның
төртінші күні қалай аталады? Бейсенбі
5-кезең «Әзіл викторина»
Әр
сұрақтың дұрыс жауабы 1 тәттімен
бағаланады.
Әзіл
викторина ойынын ойнайық.
Олай болса дайынбыз ба? Бастаймыз:
-Елекпен
су тасуға болады ма? (болады, мұз
күйінде)
-Аңшы көлде жүзіп жүрген
үйректерді бір оқпен атса, көлде неше
үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып
кетеді)
-Есік
пен терезенің арасында не тұр? («пен»
тұр)
-Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай
қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
-Көкқұтан
өзін
құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей
алмайды)
-Нені дайындауға болады,
бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
-Торда
12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті?
Торда қанша құс қалды?(12 құс, тордағы
құс ұша алмайды)
-Түсі жасыл доп Сары
теңізге құласа не болады? (су
болады)
-Қай
қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді
қасықпен араластырған дұрыс)
-Қандай
сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз?
(ұйықтап жатырсыз ба?)
-Жаңа жылда
адамдарды жаппай құлататын табиғат
құбылысы ? (мұзтайғақ)
-Он жұмыртқа
салынған себетті екі рет түсіріп алсаң
нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)
- “Шалға” қарағанда “балада” не көп? (буын, әріп)
-
Бір арба келіншек келеді, әрбір келіншектің
басында бір-бір түйіншек бар (сіріңке)
Жүргізуші:
-Ана
тілсіз тарихта жасалмайды,
Ана тілсіз
іс өрге аса алмайды
Желмаяның үстінде
желіп тұрып;
Күңіренбеген тектен-тек
Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды
аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға
көп-көп рахмет!
6-кезең
«Сөз болатын-мақал» деп
бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан
қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын
болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы
тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға
айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші
сайысымызды жалғастырамыз.
Мақалды
дұрыс айтқан топ 1 фишкамен бағаланады.
Шарты: тақтадағы
қазақ халық ертегілерін таңдап, шыққан
сөздерден мақал-мәтел құраңдар.
1
«Алдар көсе» - «білім»
2 «Ер төстік»
- «кітап»
3 «Мақта қыз бен мысық» -
«сөз»
4 «Жеті лақ» - «жақсы мен
жаман»
5 «Батырлар туралы» -«дос»
6
«Алтын сақа» - «Отан»
Айтылған
әр мақалға 1 тәттіден беріледі
7-кезең «Қызықты ұйқастар»
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.Сөздің ұйқасын дұрыс тапса,1 тәттімен бағаланады.
Ітоп:
1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).
2.Число-сан, кровь- ...(қан).
3.Молоко-сүт, жди-… (күт).
4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).
5.Таможня- кеден, пол-...(еден).
ІІ топ:
1.Возьми- ал, мед-…(бал).
2.Рыба- балық, народ-…(халық).
3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).
4.Город- қала, ребенок- …(бала).
5.Игра-ойын, шея-…(мойын).
8-кезең
«Сөз құра,тез құра!» бөлімінде
әр топ берілген сөзден,сөздер құрастырады.
Көп сөз құстырған топқа 2 тәтті таратылады.
1-топ Тамашалау
2-топ Қадағалау
Жүргізуші:
-Құрметті
ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз
өз мәресіне де келіп жетті. «Тіл жүйрікте
кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы
атанған топты ортаға қол соғып,
шақырайық.
Сонымен қатар сайыста
ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға
да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз
– ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау,
өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам
өз ана тілінің болашағына жауапты.
Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз
тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді
деп сенеміз.
О,
адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің - анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
«Анамыздың
ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
ұмыту - бүкіл ата - бабамыздың тарихын
ұмыту»,- деген Бауыржан Момышұлы
атамыз.
Ана
тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі
ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті
болуы шарт.
1топ «Алғырлар» амандасу рәсімі.
Ұраны: « Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді »
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
2топ. «Тапқырлар»
Ұраны: « Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Білімнен шықсын тек жақсы атымыз ».
Сәлемдесу:Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген