Тақырыбы: «Ұлттық тіл мен әдебиет-ұлы құндылықтардың бастауы»
Мақсаты: Оқушылардың өз тілінің құндылығын, бай тіл екенін білуге, әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттыруға, сөздің мағынасын түсінуге,шапшаңдыққа баулу.
Кіріспе:
Армысыздар,құрметті ұстаздар, оқушылар !
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі, 1998 жылдан бастап 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылы Үкіметтің «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. 5 қыркүйекте барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды.
Тіл кез-келген ұлттың құндылығы, мақтанышы, басты қасиетті байлығы, ұлттық белгісі.Ұлан байтақ жеріміз,тәуелсіз еліміз,ана тіліміз бар. Мағжан Жұмабаев айтқандай:«Тіл адам жанының тілмашы,тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер,жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді.Тіл әрбір адамға осындай қымбат нәрсе болмасқа тиісті.Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры,тарихы,тұрмысы,мінезі айнадай көрініп тұрады». «Ана тілін білмеген-ана сүтін татпаған»,-деп халқымыздың батыры Б.Момышұлы бекер айтпаса керек.
«Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»,-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай,өз тілімен бірге өзге тілдерді де дәріптей білу керек.
Тіл мәселесі-қазір ең өзекті мәселе.Тілдің бүгінгі қалпы мен ертеңгі болашағына алаңдаушылық та бар.Бүгінгі сайысқа қатысқалы тұрған оқушылар-келешектің азаматтары. Олай болса,бүгінгі сайысымызға қатысатын дарынды, білімді ,өлеңге жаны құмар оқушыларымызға сәттілік тілеп, «Ұлттық тіл мен әдебиет-ұлы құндылықтардың бастауы» атты сайысымызды бастайық!
Сайысымызға төрелік етіп, әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық!
1
2
3
Әр кезеңнен кейін топтарымызға баға беріп отырсаңыздар.
Бүгінгі сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.
-
І Таныстыру
-
ІІ. Кім көп біледі?
-
ІІІ.Менің сүйікті ақыным
-
ІҮ.Тіспен түйгенді тіл шешеді
-
Ү. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез
-
ҮІ. Кім мықты?.
-
ҮІІ. Мағынаны аш.
Қорытынды /Үй тапсырмасы/
I бөлім Таныстыру Топ аты, ұраны, эмблемасын таныстыру
Тілшілер Әдебиетшілер
ІІ бөлім. “Атаның сөзі – ақылдың көзі”
(мақал-мәтелдер жарысы)
Бұл кезеңнің шарты әр топқа тақырып беріледі,сол тақырып бойынша қай топ қанша мақал-мәтелдерді білетінін анықтау.
Тілшілер тобына берілетін тақырып. Дос,білім,еңбек.табиғат
Әдебиетшілер тобына берілетін тақырып. Отан,тіл,отбасы, кітап
III бөлім «Менің сүйікті ақыным» (әр топтан ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу.)
IY бөлім.
Сайысымыздың ІV-кезеңі – «Тіспен түйгенді тіл шешеді» бөліміне жеттік. Бұл бөлімде ұшқыр ойымызды көрсетіп берілген сұрақтарға тез жауап беруіміз қажет.Әр сұрақ бір ұпайдан құралады.
«Тілшілер» тобы
1.Тіл туралы заң қай жылы күшіне енді?
2. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы.
3. Үстеудің неше түрі бар?
4.Құрмаластың неше түрі бар?
5. Ғалымның несі өлмейді?
6. Табыс септігіндегі толықтауыш қандай толықтауыш болып табылады?
7. Қазақ Хрестоматиясының авторы кім?
8. Әріптердің рет – ретімен тізілген жиынтығы?
9. Шылаудың түрлерін ата?
10.Мағыналары бір – біріне қарама - қарсы сөздер
11. Өлеңмен жазылған көлемді шығарма қалай аталады?
12.Лексика нені зерттейді?
13 Тұйық етістік қалай жасалады?
14 Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?
15 Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата
«Әдебиетшілер» тобы
1.”Үш бақытым” кімнің өлеңі?
2 Қазақстан Республикасының ресми тілі?
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге және қалай бөлінеді?
4.”Қырық мысал”авторын ата?
5.-кімге?неге?қай септіктің сұрағы?
6.-інші,-ыншы қай сан есімнің жұрнағы?
7. «Қыздың жиған жүгіндей» тұрақты тіркес қандай мағынаны білдіреді?
8.Тудың авторын ата?
9. Атқаратын қызметі мен сұрақтары бірдей мүшелер?
10. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз?
11.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
12. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын.
13. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?
14. «Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп, теп – тегіс жұмыр келсін айналасы» кімнің сөзі?
15.қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Y бөлім. «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» деп аталады. Бұл кезеңде біз берілген сөз тіркестерінің мән – мағынасын ашамыз.
Әдебиетшілер
1. «Ит арқасы қиянда» –
алыс
2. «Қоян жүрек» – қорқақ
3. «Тісінен шығармау» – айтпау, сөзді жаймау
4. «Бармағын тістеу» – өкіну
5. «Жүрегі жарылу» – қуану
6. «Салы суға кету» – көніл
–күйі түсу
7. «Ит өлген жерде» – алыста
8. «Көзінің майы таусылды» – қарап
шаршады
Тілшілер
9. «Қас пен көздің арасы» –
лезде,шапшаң, тез
10. «Тас бауыр» – мейірімсіз
11. «Жүзі жылы» – мейірімді
12. «Тайға таңба басқандай» –
анық
13. «Аяғының басына қарау» – ұялу
14. «Көз ілмеді» – ұйқысыз таңды атырды
15. «Азар да безер болды» – сасқалақтады
16. «Түн ұйқысын төрт бөлді» —
ұйықтамады
YI бөлім. "Кім мықты?" Мұнда сіздерге сөздер берілген,сол сөздерден мақал-мәтел құрап жазасыздар.
-
1.Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады.
-
2.Піл көтермегенді,тіл көтереді.
-
3.Көз қорқақ,қол батыр.
YII бөлім
Мағынаны аш. Бұл кезеңде топтар мақал мәтелдердің, нақыл сөздердің мағынасын ашып, ойын таратып айтады
І топқа
1. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ
2.”Отан отбасынан басталады”
ІІ топқа.
1.Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»
2Ойнап сөйлесең де ,ойлап сөйле
Қорытынды
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Осымен құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар, бүгінгі Тілдер мерекесіне арналған «Ұлттық тіл мен әдебиет-ұлы құндылықтардың бастауы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөзімізді Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.» деген нақыл сөзімен аяқтасақ. Білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпаңдар. Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі.
Сөз кезегін әділқазы алқасына береміз
Топтарды марапаттау
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сайыс сабақ. "Ұлттық тіл мен әдебиет-ұлы құндылықтардың бастауы"

шағым қалдыра аласыз