Материалдар / сайыс сабақ «Үздік тігінші- 2022» 1 курс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сайыс сабақ «Үздік тігінші- 2022» 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, өнерлі, іскерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді, өнерлі болуға,шығармашылыққа әсемділікке, жаңа идеяларын ойлаб табуға,сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2022
251
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК


Бекітемін

Д.Қонаев атындағы

аграрлық техникалық

колледж директоры

И.Исмаилов


«Үздік тігінші-2022»

аттыіс-шара





Орындағандар: Н.Ахмедова , М. Абдиганиева

Қатысқандар: 9-211 «Тігінші»топ студенттері





Қарабұлақ 2022



Тақырыбы: «Үздік тігінші- 2022»

Өтетін күні: 14.02.2022 ж

Өткізілу уақыты:1500

Өткізілетін орны:мәжілістер залы

Мақсаты: 1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, өнерлі, іскерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.

2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді, өнерлі болуға,шығармашылыққа әсемділікке, жаңа идеяларын ойлаб табуға,сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу

Барысы:жүргізуші


Жүргізүші:Армысыздар өнер сүйер қауым ,құрметті ұстаздар, студенттер және қонақтар!

Бүгінгі өткізіліп отырған байқау 1- курс студент қыздар арасында «Үздік тігінші -2022» деп аталатын іс- шарамызға қош келдіңіздер! «Үздік тігінші- 2022» тегін атаған жоқпыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Қыздарға жан сұлулығымен қоса,тән сұлулығы бірдей болғаны жарасады. Сондықтан да ибалы, инабатты, өнерлі қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бүгінгі іс шарамызды бастауға рұқсат бересеңіздер.Осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймыз.Ендеше іс шарамызды ашып беру үшін сөз кезегінколледжіміздің әдіскері Исламов Сардор ағайға берсек.

Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз.

 Ендеше сайысқа қатысқалы отырған топ белсенділерін сахна төріне шақырамыз.

Хилола біздің білімді ,

Меңгереді бар ілімді.

Жұлдыз қыз елгезек,

Алады тез тіліңді.

Шахзода шықты үлбіреп ,

Қос жанары мөлдіреп .

Төртінші Дилназа шығады,

Бұрымдары желбіреп.

Сарвиназ қыз мақпалдай,

Ағарып таң атқандай.

Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.

Сайыс кезеңдері:

1.”Өзін -өзі таныстыру” байқауымыздың бұл бөлімінде топ белсенділеріміз өзін-өзі таныстырады.

2.”Интелект ойын” бұл бөлімде топ белсенділеріміз мақал- мәтелдердің мағынасын терең ашып беру.

3.”Шебер қолдар” бұл бөлімде қыздарымыз өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын көрсетеді.

4.”Еркін тақырып” бұл шартымызда әр бір топ өз өнерін көрсетеді.

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар- Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек.

1.Коллелжіміздің тігінші мамандығы бойынша мастер Сагимбекова Малика

2.Физика пәні бойынша зертханашыМусаева Малохат

3.Колледжіміздің әдіскері Исламов Сардор

Әр сайыс 5 ұпаймен бағаланады. Ендеше аруларға сәттілік тілей отырып, жеребе тартқызайық. Қанекей келіңіздер, әділқазылар алдынан қоржынан өз нөмерлеріңізді алыңыздар .

Бірінші сайыс ”Өзін -өзі таныстыру” шарт бойынша топтарымызды сахна төріне шақырамыз.

Топ арулары келіп жетті танытуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Екінші кезең”Интелект ойын”

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықппен санасады.

Келесі сұрақ –жауап сайысында,

Сыналар білімі мен парасаты- дей отырып шартымызды бастасақ.

1- топқа Әке тұрып ұл сөйлегеннен,шеше тұрып қыз сөйлегеннен без- деген мақалымызды қалай түсінесіз.

2-топқа Ақылды қыз білімге жүгірер, ақлсыз қыз сөзге ілінер.

3-топқа Қызсыз үйдің жігі жиылмас,ұлсыз үйдің малы қайрылмас.

4-топқа Қызың жақсы болса үйіңе ырыс кірер, жаман болса ұрыс кірер.

5-топқа Қызың жақсы болса өрісің кеңейеді, ұлың жақсы болса қонысың кеңейеді.

Үшінші кезең ”Шебер қолдар”

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Киім тігіп, ал біреуі гүл жасапты.

Бүгінгі «Үздік тігінші 2022» бәйгесін алуға

Топтарымыз аянбай –ақ жан салыпты.

Төртінші кезең «Еркін тақырып» бұл шартымызда қыздарымыз әр бір топ өз өнерін көрсетеді.

Дефилье.Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. «Қыздарға әсемдік жарасады» аруларымыз қазақ халқының ұлттық киімдерін қәзіргі заман талабына сай киімдер топтамасын назарларыңызға ұсынады. Бұл кезеңде ешқандай балл қойылмайды.Мақсатымыз қыздарымыз Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық.

Сымбатына сәнді киім жарасады,

Аспандаға айменен таласатын.

Өнеріне көркі сай ,

Аруларға қызығып қарасасын.

Ендігі әділ қазыларымыз топтардың жинаған ұпайларын есептегенше адам көркі шүберек демекші қазіргі заман талабына сай киімдер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Ендігі сөз кезегін 4 шарт бойынша топтарымыздың жинаған ұпайларын есіттіру үшін сөз кезегін әділқазыларға

Бүгінгі іс шарамыз да өз мәріне жетіп те қалды, қорытындылай келе әділқазылар сөз алып әр наминация бойынша (Үздік тігінші 2022, өнерлі қыздар, дарынды қыздар, білімді қыздар, тапқыр қыздар) жүлделер тағайындалды. )





Жүргізүші:Өнеріміз сайыста

Жетелейді алысқа

Бүгінгі күннің жеңісі

Достық болып қалуда

Қаулы: «Үздік тігінші 2022»тақырыбындағы тақырыптық іс-шара өте жоғары денгейде өтті.

Жиналыс төрайымы:Н.Якупова

Жиналыс хатшысы: М.Абдиганиева





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!