Тақырыбы: «Өнерлі өрге
жүзер»
«Сендердің білімдерің – ол сендердің
еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен
білім
алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер,
соғұрлым көбірек білетін боласыңдар» Н.Ә.Назарбаев
Мақсаты:
1. Қазақстан
Республикасы, Астананың
20-жылдығы туралы оқушыларға мәлімет
беру, одан әрі танымдылығын
арттыру.
2.Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз
ойын мәдениетті түрде жеткізе білу
3.Туған халқына, Отанына, оның тарихи
тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Күтілетін
нәтиже:
-алған білімдерін түрлі жағдаяттарда қолдана
білу;
-сөйлеу мәдениетін
көтері;
-аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту;
-танымдық қызметіне қызығушылық
туғызу;
Сабақ
барысы:
Жүргізуші
: Армысыздар,қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы
ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Отан, туған жер атамекен, елім,
ауылым деген — жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті
сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың
азаматтық борышы.« Өнерлі өрге
жүзер» тақырыбында өткелі
отырған интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын
әділ қазылар алқасымен таныстырып
өтейік.
Халиульдина А.К – мектеп
директоры
Искакова Ж.Т – директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Акжигитова Г.Б- сынып
жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің
жетекшісі
Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді
шақырамыз.
(Муызыка ойналады,
қатысушылар ортаға шығады. Әрбір топты аттарымен таныстырып
өткізу)
Сайыстың кезеңдерімен
таныстырып өтейік.
I — тур: Командалар өздерін
таныстыру
II- тур: «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» көрсетілім (ұмытылған салт-дәстүр
көрсету)
III- тур: Астананың 20
жылдығына арналған эстафета «Ел жүрегі
Астана»викторина
(20 сұрақ,әр сұрақ 1 балл,
бірінші көтерген жұп жауап
береді.)
IY- тур: «Арқан тарту»
ойыны
I — тур: Сан ғасырлар
тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі
өседі, Менің елім Қазақстан — Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі
— дей келесі кезекті сайысқа келген топтарға
берейік.
Командылар өздерін
таныстыру
II- тур:
Елбасымздың жолдау аясында
" «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды
рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен
насихатталуда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, , бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз
бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Біз жаңғыру жолында
бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда
бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» көрсетілімін
тамашалайық.
III-
тур: Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға
тарихи Ақмола атауы қайтарылып берілді. Бес жыл өткен соң, яғни
1997 жыл 10-желтоқсанда бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі
Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды. Бірақ Ақмола атауы
ұзақ тұрмады, 1998 жылы 6- мамырда Ақмола Астана болып қайта
аталды. Астананың 20 жылдығына
арналған эстафетасын бастайық.
1.Қазақ хандығының тұңғыш
хандары (Жәнібек пен Керей)
2.Конституция нешінші жылы жарияланды?(30 тамыз
1995 жыл)
3.Жеті рет өлшеп… (бір рет
кес)
4.Ақмола Астана деп қай жылы аталды? (6
мамыр1998 жыл)
5.Тұңғыш Президенттің күні
(1желтоқсан)
6.Тұңғыш Қазақстан ғарішкері
(Т.Аубакиров)
7.Қазақстан аумағы бойынша
дүние жүзінде нешінші орын алады? (9)
8.Н.Назарбаев 960 ж.еңбек
жолын жұмысшы болып бастаған қала
(Теміртау)
9.Қазақстанда неше облыс бар?
(14)
10. 10 ның квадраты (100)
11.Қазақ тілінде неше әріп бар?
(42)
12.Қазақстанның ең ірі қаласы
(Алматы)
13.Пирамидалар қай мемлекетте орналасқан?
(Египет)
14. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар,
өсімдік)
15. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір,
мамыр)
16. А. Құнанбаев кім?
(ақын)
17.
Қазақ әйелдерінің,
әжейлердің басты тұтас жауып тұратын бас кіиім қалай аталады?
(Кимешек) 18. Конституция күні? – (30
тамыз) 19. ҚР елтаңбасында не
бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн 20. Қазақстан өз
тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16
желтоқсан) 21. Жетті жұрттын тілін
біл, (жеті түрлі білім біл.)
22. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )
23. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
24. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)
25. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )
26. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
27. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)
28. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
29. Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су
ішеді)
30.Қазақстанның жаңа
әнұраны ресми түрде қашан қабылданды? (10.01.06)
31. Әбілхан Қастеев- кім?
Суретші 32.Киіз үйдің төбесі қалай
аталады? (шаңырақ) 33.Қыс мезгілінің екінші айы (қаңтар)
34.Абайдың шын аты (Ибраһим) 35.Шығыстың Аристотелі кім (Әбу Насыр
әл-Фараби) 36. Жылдан құр қалған
жануар( түйе)
36. Бір заттың өлшемін кішірейтетін не?( масштаб)
37. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)
38. Басты байлық ( денсаулық)
39. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам(
Президент)
40. Қара алтын( мұнай)
41. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән
( «Елім - ай»)
42. 12 ай( жыл)
43. « Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы( Ы. Алтынсарин)
44. Абайдың әжесі ( Зере)
45. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)
46. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі( карта)
47. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты (
топырақ)
48. ҚР – ң ұлтаралық тілі ( орыс тілі)
49. Үкіметті кім басқарады? ( Премьер – министр)
50. Қазақстанның « Швейцариясы» аталатын қала ( Көкшетау)
51. Шоқанның әжесі ( Айғаным)
52. 30 - тамыз қандай мереке ( Конституция күні)
53. Айтыскер адам ( ақын)
54. 16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)
55. Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең (
тұсаукесер)
IY — тур: «Бірлік»
ойыны
üОтбасы – әр адамның
шағын отаны. Ол қоғамның бір
бөлшегі, от бар жерде
өмір бар. Отбасында адамдардың алатын орны туралы
түсінік
беру. Жанұядағы ата –
ана және бала арасындағы қарым −қатынасты нығайту мақсатында осы
ойынға кірісейік.
Қорытынды:
Тауды биік деме сең,
Талаптансаң шығарсың, Қарсылас мықты деме
сен,
Білімді болсаң, шығарсың
дей отырып сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегі әділ —
қазыларға береміз.Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу
«Өнерлі өрге жүзер» ойыны мәресіне
жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысым
шексіз.