400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс-тренинг Әке отбасының тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пәні мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

(«Әке туралы монолог» бейнеролик көрсетіледі.)



Тақырыбы: «Әке отбасының тірегі»


Мақсаты: Әке мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту;

Отбасындағы әке орнын,рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Мақал-мәтел, өнегелі сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.


Барысы: Сайыс сабаққа әкелер мен балалар қатысады.

Отқа түстің, суға түстің мен үшін,

Енді міне бағың берді жемісін.

Бала қыран шыңға шықса бұл күнде,

Бұның бәрі ӘКЕ сенің жемісің!

Анашымды отырғызып қасыңа,

Той берейін салып алақаныма.

Ей, адамдар, шүкіршілік етіңдер

Бұл өмірде әкелердің барына.

Тек,Әкелер, сендер ғана лайықсың

Хан сарайы, патша тағына!-деп отырып бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әкенің алатын орны жайлы әңгімелесіп,әке мен бала арасындағы тәрбие қатынастарына байланысты отбасылық тәлімгерлік сайысымызды бастаймыз. Машықтану барысында ойларыңызды ашық айтып, белсенді қатысып отырыңыздар.

1.Кіріспе.

Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас,дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.

Ертеде бір қария қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:

-Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

-Балам, анау не?-деп сұрапты.

-Ол түйе,-деп жауап беріпті.Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Баласы әлгі жауабын тағы қайталапты.Әкесі үшінші рет сұрағанда баласы:

-Ол түйе, түйе! Өзім шаршап келе жатқанда қайта-қайта неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:

-Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір»,-деген екен.

Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу-айрықша парыз. «Әкеге бағыну-Аллаға бағыну.Әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау.Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп,бағып-қағатын болады.

Бүгін міне ардақты әкелеріміз келіп отыр.Енді осы әкелермен балалар арасындағы сайыс сабағымызды бастайық.


І кезең: «Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер» таныстыру кезеңіне кезек берелік.Әр отбасы өздерін қысқаша таныстырып өтеді.


2 кезең: «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»

1.Әкелерге сұрақ:

1. «Әке көрген оқ жонар» дейді ғой,ал сіз ұлыңызға қандай тәрбие, үлгі көрсетудесіз?

2. «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады,сол ақ қағаздың үстіне шимайды қалай салсаң, солай түседі. Бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, солай тәрбиеленеді» деген екен, Жан-Жак Руссо. Балаңыз қалай тәрбиеленуде?

3.Тіршілік болғаннан кейін шаруа көп. Алайда оның ішінде әсіресе, аналарымыз тыным таппай жатады. Осындай кезде, балаларыңыздың оқуын кім қадағалап отырады?

4.Сіз жұмысқа кеткен кезде балаларыңыз негізінен көп уақытын анасымен өткізеді. Сол кездерде сіздің «әтттеген-ай» деген кездеріңіз болған жоқ па?

5.Ұлы ғалым, философ Әбу-Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Қазіргі кезде бала тәрбиесімен аналар айналысып жүр, әке мен бала арасындағы қарым қатынас күрделеніп,баяулап қалған сияқты. Себебі, отбасын асырап жүрген әке бала тәрбиесімен жиі айналыса қоймайды.Ал сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?



2.Балаларға сұрақ:

1.Сен әкеңді мақтан тұта аласың ба? Әлде ол жайлы ештеңе айта алмайсың ба?

2.Әкенің туған күні, айы, жылы
3. Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
4. Әкенің ізгі қасиеттері
5. Әкенің пікірі сен үшін?


3 кезең Презентацияны тамашалаңыздар

 Баланың жас ерекшелігі мен әкесі туралы ойлары

 

5 жасында: «Әкем бәрін біледі»

10 жасында: «Әкем көп нәрсе біледі»

15 жасында: «Әкемнің білетінін мен де білемін»

20 жасында: «Шындығына келсек, әкем негізі көп ештеңе білмейді»

30 жасында: «Әкемнің де пікірін білсем, артық болмас»

40 жасында: «Әкем, не де болса, кейбір нәрселерді менен жақсы біледі»

50 жасында: «Әкем барлығын біледі».

60 жасында: «Қайран әкем, өмірде болса, өзінен сұрар едім»



4 кезең. Көрініс көрсету.(көрініс туралы өз ойларын ортаға салу)
1.
Көрініс.
Ертеде бір үлкен қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, - депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп, әкесі:
- «Балам анау не? – деп сұрапты.
- «Ол – түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі жауабын қайталапты. Әке осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол – түйе, түйе» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? - деп ренжіпті.
Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?)
1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай жауап берер едіңіз?

Психолог: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. Әкенің бұл ролі бала – шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Әрине, ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, әсіресе әйелімен қабағы жарасып, тату, сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі өміршең салтын, діни жол – жосығымызды ескергенде ғана оның қадір - қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды ағайын - туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Келесі көріністі тамашалайық.

2. Көрініс.
Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып демалғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты тек ақымақтар ғана істесін» деп өзінен - өзі ызаланады. Осыны естіген 5 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен - күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.

1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?
2. Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Келесі көріністі тамашалайық.

3. Көрініс.
Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке – шешесі:
- Балам, не істеп отырсың? – деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын,- депті баласы.
«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды,- деген бар емес пе? Ата - анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған. Отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Бірнеше сауалнама қойып, жауап қайтарады, тәрбие туралы ойларын ортаға салады.

4.Көрініс:

- «Әке мен бала әңгімесі» деп аталатын көріністі тамашалаңыздар.
Баласы: – Ата, онда маған сұрақ қойыңызшы.
әкесі:  - Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Баласы: әке, үйдің алтын қазығы – бала.
әкесі: – Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.
Әкесі – Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Баласы: – әке, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке.
әкесі: – Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Әкесі:- Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Баласы: -Әке, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Әкесі: – Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тіршіліктің нәрін береді, от – өмірге жалын береді, тұз – астың дәмін келтіреді, қыз – өмірдің сәнін келтіреді, ақыл – өмірдің мәнін келтіреді.

5 - көрініс. Бала 3 - сыныпта. Әкесі өзінің жұмысымен айналысып отырады Үстелінің үстінде шашылған қағаздар. Қасына баласы келеді:
- Әке, біздің сыныпта ертең ата - аналар жиналысы болады. Апай: Жиналысқа міндетті түрде әкелерің келсін,- деді. Сіз барасыз ба? Күнделігіме қол қойып беріңізші. Әкесі:
- Көрмейсің бе менің отырысымды.? Қаншама жұмысым бар. Шешеңе баршы. Мұғалімдер де қызық осы. Міндетті түрде әкелерің келсін дегенді қайдан шығарған?
Балаларға: - Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істейтін едіңдер?
Әкелерге: - Әкенің бұл әрекетін қалай бағалайсыздар?

6 - көрініс. Бала 4 - сыныпта.
- Әке, сіздің қолыңыз бос па?
Сізге бір нәрсе айтайын деп едім.
Әке: - Иә, не айтайын деп едің?
- Әке, маған сынып жетекшім: «Ертең ауданда әкелер слеті болады. Соған сізге қатыссын»,- деп еді.
- Жұмыстан келіп, дем алып жатқаным жаңа ғана. Қаншама қағазым бар жазатын. Ай, бара алмаймын - ау, бара алмаймын.
Балаларға: - Сіздерге әкенің әрекеті қалай әсер етті?
Әкелерге: - Сіз балаңыз үшін әкелер слетіне барар ма едіңіз?

5 кезең (Бейнеролик көсетіледі ата-ана туралы)



6 кезең:Ұлағатты ұлттық ұғымдар

(Бұл кезеңде халықтың кие тұтқан сандарының құпиясын ашамыз,әкелер мен балалар бірлесіп жауап бере алады)

  1. 3 саны Үш жүз. Үш жұрт.Үш асыл.Үш даусыз

Үш жүз-Ұлы,Орта,Кіші

Үш жұрт-Өз жұрты (ағайын), Нағашы жұрты,Қайын жұрты.


  1. 4 саны Төрт тұлға. Төрт құбыла.

Төрт тұлға-От,су,жел,жер

Төрт құбыла-Шығыс,Оңтүстік,Батыс,Солтүстік


  1. 5 саны Бес асыл. Бес қару.

Бес асыл- Талап, еңбек,ой,қанағат, сөз

Бес қару-Садақ, мылтық,найза,қылыш,айбалта.


  1. 6 саны Алты алаш.Алты игілік. Алты асқар.Алты амал.

Алты алаш-қазақ,қарақалпақ,өзбек,түрікмен,қырғыз,ноғай.

Алты игілік-Денсаулық,қазына,дос,әйел(жар),білім, бала(ұрпақ)


  1. 7 саны Жеті ата. Жеті қазына.

Жеті ата-ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене

Жеті қазына-Ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы.


  1. 3,4,5,7 саны Үш би.Төрт түлік. Бес кесепат. Жеті ғалам.

Үш би-Төле би,Қаз дауысты Қазбек,Әйтеке би

Төрт түлік-Түйе пірі ойсылқара,жылқы пірі қамбар ата, сиыр пірі зеңгі



4 кезең «Өнерлінің өрісі кең»

Ән айту (әке, ана, бала туралы)

  1. топ «Әкешім» Дәрібаевтар отбасы орындауында

  2. топ «Әке туралы ой»

  3. топ «Әке» Қайрат Нұртастың орындауында

  4. топ «Ана туралы жыл»

  5. топ «Анашым» әні




Баяндама «Әке –асқар тау» және кеңестер


Қорытынды, марапаттау.
Баланы тәрбиелеуде отбасының екі тірегі әке мен ана басты тәрбиешілер, сол әлпештеген әке, аялаған ана. Біз ұстанатын басты ереже тәрбиешілердің – өзі тәрбиелі болуы керек. Әкеге баласы имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбек сүйгіштігін көрсете білсе, ол әкесінің қуанышы, бақыты. Бала тәрбиесі ең алдымен отбасындағы ата–анасының ықпалымен жүзеге асып, қоғамдық тәрбиемен ұштасып отырады. 
Бүгінгі сайысқа қатысқан отбасыларына белсенді қатысып, жауапкершілік көрсеткен әкелеріміз марапатталады.

«Өнерлі әке»
«Қайырымды әке»
«Білікті әке»
«Қамқор әке»
«Іскер әке»
«Үлгілі әке»

«Ынтамақты отбасы»

«Алғыр»отбасы



Қорытынды:


Шешесін ұқпайтын

Әкеден ықпайтын

Ұл болмайды.

Шешеге тартпайтын,

Әкеге жүк артпайтын

Қыз болмайды-деп тегін айтпаған.Оларды жақсы тәрбиелеп,өнегелі еңбекке баулып,еліне пайдалы азамат етіп өсіру-сіздердің абзал борыштарыңыз.Ертеме,кешпе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.

Өсіріп баптап баласын

Әкелер әркез «Жарайсың»

Бар өнерін үйреткен

Оздырған да жүйріктен

Әке- деген ардақты ат.

Меніңәкелерге тілегім:

Қыстай суық денсаулық.

Жаздай ыстық махаббат

Күздей шат көңіл,

Көктемдей күліп жүре беріңіздер.Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға уақыттарыңызды бөліп, бала деп келгендеріңізге көптен-көп алғыс айтамын.












































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
4383
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі