400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

сайыс "Үлгілі тəрбиеші"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тəрбиешілердің білімін шыңдау мақсатындда түзілді.əдіскерилерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үздік тәрбиеші» сайысының сценарийі

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер. Тәрбиешілердің білімін, іскерлігін педогогикалық шеберліктерін арттыру, мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру, теория мен тәжірбиені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту, ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірбие алмасу мақсатында егеменді еліміздің «Тәуелсіздігіне 25 жыл» толу мерекесіне орай біздің шағын орталығымызда «Үздік тәрбиеші-2016» атты тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім – тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін,еңбек өтілдері аз да болса ұстаз деген атқа лайық тәрбиешілеріміз сайысқа түседі.

Тәуелсіздік-әз бабамнан қалған заң,

Тәуелсіздік-құралған намыс арманнан.

Тәуелсіздік қасиет тұнған ұлығым

«Елім-ай»- деп құралған заңғар жырлардан.

Тәуелсіздіктің тұмарын қолға ту қылып,

Жанарда тұрды бір үміт пенен бір күдік.

Жиырмадағы боздаған шіркін қыршындар

Қозыдай сарнап кетті ғой мәңгі жыр қылып.

Боздақтарға «ұлтшыл»-деп кінә тағылды

Сонда да олар сындырмады сағымды.

Ұрды, соқты, аяусыз темір торға таңылды

Ерен ерлік жеңді ақыры қастерле қалқам барыңды.

Көк байрағым желбіреп ерлік күшімен

Ынтымақ,бейбіт қазағым бабам ісімен,

Керуені көштен қалмаған алты алашым

Арманы асқақ мәңгілік ел деп түсінем.

Ақ нұры жауып Алланың міне бүгінде,

Егемен елміз сұңқары ұшқан көгінде

Мөр басқан тарих шыншылдығымен намысы

Желбіреп туы әр қазағымның төрінде.

Діңгегім тілім,тірегім тілім -қазақ тіл

Жұмыр жүректі ұлттарды қосқан азат тіл.

Жиырма бес жылдық тәуелсіздіктің мерейі

Бостандықпенен азаттық көрген ғажап күн!

Құрметті әріптестер,қонақтар!Алдымызды еліміздің салтанатты да мерейлі меркесі –Тәуелсіздік мерекесі. Тәуелсіздігіміздігімздің 25 жылдығы құтты болсын!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Мереке қарсаңында сайысқа қатысқалы отырған тәрбиешілерімізге сәттілік тілеймін!

Шұғыла ауылының мектеп жанынан ашылған шағын орталықтың ұйымдастыруымен «Үздік тәрбиеші-2016» сайысымыздың ашылу құрметінің алғы сөзін «Шұғыла» жалпы орта мектебінің директоры Жұманазар Абдуллаев ағайға және мектеп директорының оқу ісі-жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары І.Жабпаров ағай мен Ү.Ибрагимов ағайға сөз беріледі.
Жүргізуші сөзі:
Тәрбиешілер өнерін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейін қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар. (таныстыру).
1.Шалқарова Асия Конилкошовна
2.Қамбарбекова Сауле
3.

Жүргізуші сөзі:

Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Тәрбиеші бізге білім беріп өсірген
Қатемізді -әрқашанда кешірген
«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылдығып өсірген.
Анамдайсыз, менің асыл тәрбиешім,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп, халайық қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға.

Бүгінгі сайысымызға қатысушы тәрбиешілерді ортаға шақырамыз.Қол
соғып, қошемет көрсетейік! (Музыка әуенімен залға тәрбиешілер кіреді).
(сайыскерлердін аты-жөні)
1.Орынбаева Айнагуль Есиркеповна – ортаңғы топ тәрбиешісі. Өмірлік ұстанымы: Ең биік ту – намыс туы. Жұлдызнамасы – Егіздер.
2.Ерекеева Роза Жумабаевна –2-кіші топ тәрбиешісі. Қадыр Мырза-Әлінің “қардай ақ бол, суық болма, судай мөлдір бол, сұйық болма, тастай берік бол, қатты болма” дегені өмірлік ұстанымы.
Жұлдызнамасы – Бикеш.
3.Турашева Назира Кескинбаевна- 2-кіші топ тәрбишісі. Өмірлік ұстанымы:
Еңкейгенге еңкей - ол әкеңнің құлы емес,
Шалқайғанға шалқай - ол құдайдың ұлы емес.
Жұлдызнамасы – Бикеш.
4. Раймбекова Сауле Сериковна -ортаңғы топ тәбиешісі.
Өмірлік ұстанымы: Білімдінің күні жарық, Білімсіздің күні қаріп.
Жұлдызнамасы – Таразы.
5.Утебаева Ақсауле Орынбасаровна -2-кіші топ тәрбиешісі.
Өмірлік ұстанымы: Желге жүрсең ғана, жеңіс туы желбірейді
Жұлдызнамасы – Тоқты.

Байқаудың бөлімдерімен таныстырайын.
1. Ал, қанекей танысайық! (таныстыру).
2. «Шығармашылық эссе» (шығармшылық жұмыстарын қорғайды).
3. «Кім тапқыр» (сұрақ - жауап, педагогикалық жағдаяттар).
4. Жаңа технологиялар бойынша ашық оқу қызметтерін көрсету
5. Шебер қолдар көрмесі

Жүргізуші сөзі:
Ақыл, көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға
Тәрбиешілер өздерін таныстырып өтеді.


1. Ал, қанекей танысайық! 1-ші бөлімінде тәрбиешілер өздерін таныстырады.

Рахмет тәрбиешілер! Енді келесі сайысқа дайындала берулеріңізге болады.

Екініші кезең «Шығармашылық эссе» . Эссе -бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіреді.

Тәрбиешілер бұл кезеңде өздерінің шығармашылық жұмыстарынан эссе оқиды.

Үшінші кезең «Кім тапқыр» (сұрақ - жауап, педагогикалық жағдаяттар).

Жүргізуші:

Пікірлесіп көрейікші біз ашық,

Даурықпайық, берекесіз шуласып.

Жүгінейік ақиқатқа әрқашан,

Дос көңілмен ақтарыла сырласып.



Бәрімізді бей-жай қылған тақырып,

Сырласайық ой-теңізін сапырып.

Батыл болсын, анық болсын пікірлер,

Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып– дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық.

1-билет


1. А.Байтұрсыновтың жазған оқу құралы
(Әліппе)
2.Бес білім беру саласын атаңыз
(Денсаулық,Қатынас,Шығармашылық,Әлеуметтік орта,Таным)
3.Бір бала сіздің қажетті дәптеріңізді бүлдіріп тастайды.Сіз, әрине,мықтап сөктіңіз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды.
Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді.
“Ата,мынау менің апайым,бүгін маған ұрысты,”-деп есіктен кірер-кірместен
айқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз? Сіздің әрекетіңіз...



2-билет:
1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
(Халық қаһарманы)
2. Қатынас білім саласы бөлімдерін атаңыз

(Тіл дамыту,көркем әдебиет, орыс тілі,Драма).
3.Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз.Оны бір бала интербелсенді тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды,не істейсіз? Сіздің әрекетіңіз...


3-билет
1. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн
(1992 жыл,4 маусым)
2. «Денсаулық» білім саласының бөлімдері?

(Дене тәрбиесі,Валеология)

3.Тобыңызда бір бала өте бұзық.Сізге бағынғысы келмейді.Бірақ баланың ата-анасы баласының әрекетін айтсаңыз түсінбейді.Сіз бала мен ата-анаға қандай шара қолданар едіңіз? Сіздің әрекетіңіз...



4-билет

1.Қазақтың соңғы ханы
(Кенесары)
2. «Таным» білім саласының бөлімдерін атаңыз

(Қарапайым математика, құрастыру)

3.Тобыңызға жаңадан келген бала күнделікті келмеймін деп жылап мазасызданады.анасы сізден ертерек баланы балабақшаға үйретуіңізді сұрайды.Сіздің әрекетіңіз...



5-билет
1.Елбасымыздың мамандығы

(инженер-металлург)
2. «Шығармашылық» білім саласының бөлімдері

(Сурет,Музыка,Жапсыру)

3.Күндіз балабақшаға құм таситын көлік балабақша алдына құм төгіп кетті.Балабақша басшысы сізге ата-аналардан көмек сұрап құмды тасытуды тапсырды. Бірақ ата-аналарыңыз бұл ұсынысты құптамады.Сіздің әрекетіңіз...



Рахмет тәрбиешілер! Енді келесі сайысқа дайындала берулеріңізге болады.


4-кезең Апта басында тәрбиешілеріміз жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы ашық оқу қызметтерін көрсеткен болатын. Экраннан үзінді көрсетеміз, тәрбиешілер түсіндіріп өтеді. Тәрбиешілер сабақтарын айтып өтеді.

5-кезең. Шебер қолдар көрмесі. Тәрбиешілер өздерінің қолдан жасап келген бұйымдарын неден, қалай, не мақсатта жасағандарын түсіндіріп береді.

6-кезең. Тәрбиеші мамандығы тәрбиешілерден жан-жақты болуды талап етеді. Сондықтан олар әркез қандай жағдай болмасын актерлық шеберлікті ұтымды пайдалана білуі керек.Қазір тәрбиешілеріміз ортаға шығады.Экраннан "Бауырсақ" ертегісі қойылады.

Тәрбиешілерге қойылатын талап: әрбір кейіпкерді өзара бөліп алып, суретке қарап қимылмен кейіпкерлерді сомдауы қажет.

Кейіпкерлер: Бауырсақ, қоян, аю, қасқыр, түлкі.

Ендеше ертегіні бастаймыз.

Ерте,ерте,ертеде бір шал мен кемпір болыпты.Бір күні шал кемпіріне кемпірім,кемпірім маған бауырсақ пісіріп берші-депті. Кемпірі жәшіктің түбін қырнап қалған ұннан бауырсақ пісіреді. Дайын бауырсақты суытуға терезенің алдына қояды. Алайда бауырсақ......

Әділқазы алқасының шешімдері дайын болғанша тәрбиешілеріміздің әнұранына кезек берейік.

Кімдер жүйрік,
Өнерпаз білейікші,
Әділқазы алқасына тек әділдікті,
Ал, тәрбиешілерге сәттілік тілейікші, - деп келесі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды анықтап, құттықтап , сыйлықтар табыстайды.
Тәрбиешілерді мадақтау грамотасы беріледі.


Сайысқа қатысушы тәрбиешілерімізге сыйлықтар алуға демеушілік жасаған мектебіміздің директоры Жұманазар Абдуллаев ағайға, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ілесбек Жабпаров ағай мен Үсен Ибрагимов ағайға және мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Сағындық Қожанов ағайға, мектептің әлеуметтік педагогы Алия Битуреева апайларымызға алғысымызды білдіреміз.


Тынымсыз өткен күніңмен,
Ұйқысыз өткен түнімен.
Санасына шәкірттің
Білім нәрін сіңірген.
Ұстаз алдын көргендер,
Заман көшіне ергендер.
Абыройын асқақтат
Орнын әркез төрден бер!


Қорытынды: Тәрбиеші ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.
Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан тәрбиешіні қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі мерекелік сайысымызды тәмәмдаймыз.

Тәрбиешілер ұстаздар алдағы уақытта аудандық, облыстық сайыстарда биіктен көрініп, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!





















1-билет


1. А.Байтұрсыновтың жазған оқу құралы
2.Бес білім беру саласын атаңыз
3.Бір бала сіздің қажетті дәптеріңізді бүлдіріп тастайды.Сіз, әрине,мықтап сөктіңіз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды.
Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді.
“Ата,мынау менің апайым,бүгін маған ұрысты,”-деп есіктен кірер-кірместен
айқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз? Сіздің әрекетіңіз...



2-билет:


1. ҚР сіңірген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
2. Қатынас білім саласы бөлімдерін атаңыз

3.Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз.Оны бір бала интербелсенді тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды,не істейсіз? Сіздің әрекетіңіз...


3-билет


1. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн
2. «Денсаулық» білім саласының бөлімдері?

3.Тобыңызда бір бала өте бұзық.Сізге бағынғысы келмейді.Бірақ баланың ата-анасы баласының әрекетін айтсаңыз түсінбейді.Сіз бала мен ата-анаға қандай шара қолданар едіңіз? Сіздің әрекетіңіз...





4-билет



1.Қазақтың соңғы ханы
2. «Таным» білім саласының бөлімдерін атаңыз

3.Тобыңызға жаңадан келген бала күнделікті келмеймін деп жылап мазасызданады.анасы сізден ертерек баланы балабақшаға үйретуіңізді сұрайды.Сіздің әрекетіңіз...





5-билет


1.Елбасымыздың мамандығы

2. «Шығармашылық» білім саласының бөлімдері

3.Күндіз балабақшаға құм таситын көлік балабақша алдына құм төгіп кетті.Балабақша басшысы сізге ата-аналардан көмек сұрап құмды тасытуды тапсырды. Бірақ ата-аналарыңыз бұл ұсынысты құптамады.Сіздің әрекетіңіз...



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1204
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі