«Математика әлемінде»
сайыс
Қайырлы кеш, жолдастық кездесу ойынын тамашалаушы қауым! Баршаңызда
математика, информатика физика пәндері апталығына
орай ұйымдастырылғалы
тұрған «Математиканы бес саусағымдай білемін»
ұранымен өткелі отырған «Математика әлемінде» атты кешке қош
келдіңіздер! Кеш жолдастық кездесу түрінде өткізілмекші. Сондықтан
сіздер тек көруші, тыңдаушы ғана емес белсене қатысушы, демеуші
болсаңыз біз оған 100 еселеп қуанамыз. Бүгінгі кеште
5-9
сыныптар оқушылары құрамынан үш топ сайысқа
түспекші.
Сайыс мақсаты:
-
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау,
оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру;
-
Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу;
Түрі: топтық
сайыс
Типі: ойын
түрінде
Сайыс шарттары:
-
Топтың өзін таныстыруы, амандасу
рәсімі;
-
Бәйге ( логикалық
есептер)
-
Капитандар сайысы
-
«Ойымды жалғастыр»
сайысы
-
Жауабын тап
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Бүгінгі ойын
топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді.- дей келе
топтарды
ортаға
шақырамыз.
Көңілді тапқырлар,
білгіштер
Бар
өнерін алдарына салады.
Кім
білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады- дей келе бүгінгі
сайысымызда бастаймыз.
І тур: Таныстыру (Әр команда өздерін
таныстырады)
ІІ тур: «Бәйге» (15 логикалық есеп
жасырылады.)
-
Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың
алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар? ( 4
мысық)
-
Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3
аламаны қалай тең бөліп беруге болады? ( атасы, әкесі,
баласы)
-
Аспанда бірқатар үйректер ұшып барады. Біреуі
алдында екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі
екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады? (3
үйрек)
-
Сағат 22.00 – де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан
кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
(жоқ)
-
Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек
және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай? ( соңғы қызға
корзинамен бірге беру керек.)
-
Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1
апайы бар. Отбасында барлығы неше бала бар?
(6)
-
Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп
тастаса, неше бұрыш қалады?
(
5)
8.Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі
аяғымен тұрса неше килограмм
болады?
( 2
кг)
-
.70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе? (
тең)
-
.Екі қолда 10 саусақ, Сонда 10 қолда неше
саусақ? ( 50)
-
.1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (
бірдей)
-
.Мұғалім сенбі күні кешкі 1000- да демалуға
жатты, жатар алдында сағатты айқайлау үшін күндізгі 1100- ге қойды.
Сонда ол неше сағат ұйықтады?
( 1
сағат)
-
.28 күн неше айда бар? ( барлық айда
бар)
-
.Табақшалы таразыны пайдаланып, 24 кг
шегеден9 кг шегені өлшеп алу керек.
(12)
-
.104 түйме, 11 ине. Ол не? ( есеп
шот)
Әзіл
есептер беріледі. Қай
топ жауабын жылдам табады екен.
-
«Түлкі мен
қасқыр»
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады
«мен математикаға нашармын, балықты сен бөл» дейді түлкіге. Сонда
түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с Ең
соныңда 20 балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық? (
ең көп балықты түлкі алды 110, 10 балыққа
артық)
2.«Қу
түлкі»
Шал
балықтарды көп аулап әңдетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап
жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып
алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с.
Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7
минутта барлығы неше балық лақтырған? ( 127
балық)
ІІІ тур:Капитандар
сайысы.
1.Логикалық тапсырма.
«Үн-түнсіз»(құрастыру)
2.«Ойымды жалғастыр»
сайысы. (шапшаң жауап беру керек) мақалдың
жалғасын тап.
1.Білімді мыңды жығады,…Білікті бірді
жығады
2.Отыз тістен шыққан сөз, Отыз рулы елге
тарайды
3.Бір елі ауызға,… Екі елі
қақпақ
4.Жеті рет өлшеп,…бір рет
кес
5.Бір кісі қазған құдықтан,…мың кісі су
ішеді
6.Ұлға отыз үйден, ....қызға қырық үйден
тыю
7.Жігіт сегіз қырлы,… бір сырлы
8. Жеті жұрттың тілін біл, ...(жеті түрлі білім іл)
9. Білекті бірді жығар,... (білімді мыңды жығар)
10. Екі жақсы қас болмас, ...(екі жаман дос болмас)
11. Досыңды үш күн сынама, ...(үш жыл сына)
12. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
13. Жүз сомың болғанша, (жүз досың
болсын)
ІҮ тур:Үй
тапсырмасы (Үйге әр командаға фигуралар жасап келу тапсырылған
болатын,әділ қазылар алқасына тапсыруларыңызды
өтінемін.)
Ү тур: Топтардың бір-біріне
сұрақтары
Ұпай саны тең болған жағдайда берілетін
тапсырма
Топтар «А», «Ш», «С», «К»
әріптерінен біреуін таңдап алып осы әріптерден басталатын
математикалық сөздерді айтады. Көп білетін топ
жауабына қарай ұпай алады?
«А»
- азайту, арифметика, алгебра, аргумент,
«Ш»- шар, шеңбер, шексіздік,
шаршы
«К»- көбейту, конус, куб, кесінді,
көлем....
«С»- синус, сүйір,сектор,
стереометрия
Қорытынды: Сайыс соңында
қазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап, белсене қатысқан топ
марапатталады.