400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс"Тілден терең теңіз жоқ" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал тілімізге байланысты. Сынып ішінде өткізуге оқушыларға жеңіл тапсырмалар, мұғалімдерге сайыста керекті материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Сабақтың тақырыбы: "Тілден терең теңіз жоқ" сөз мерген сайысы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті оқушылар! Бүгінгі
"Тілден терең теңіз жоқ" сөз мерген сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

Бүгінгі сайысымыз
4 кезеңнен тұрады, олар:
1. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі
және әдебиет пәндері бойынша)
2. "Жеті жұрттың тілін біл" /үш тілде аудар
3. «Жұмбақ сандық» /жұмбақ жасыру/
4. "Жүйрік болсаң, шауып көр" /жаңылтпашты жатқа айту/
5. "Тапқыр болсаң, тауып көр" /мақалды жалғастыр/

Ана тілі  қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
 Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.

I кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі әдебиет пәндері бойынша)

1.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақтың алғаш әліппе оқулығын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)
1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
2. 22 қыркүйек қандай күн?

1.Заттың атын білдіретін сөзддерді не дейміз?
2.Балаларды оқуға шақырған ақын кім?

ІI кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымызға өтейік.

Қара-
Ақ-
Қызыл-

III кезең: «Жұмбақ сандық»
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
1.Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)
2. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
1.Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
2. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)

Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың бесінші кезеңіне өтейік.
IV кезең "Жүйрік болсаң, шауып көр" /жаңылтпашты жатқа айту/

1.Шеше шеше,
Неше кесе
Сынды кеше.

2.Бейсенде бар сеңсең тон,
Сейсенде бар сеңсең тон,
Кигендері өңшең тон.

3.Ою ою ойым бар-ды,
Ойналмастан ойын қалды,

V кезең "Тапқыр болсаң, тауып көр" /мақалды жалғастыр/
1. Тіл тас жарады,..../Тас жармаса бас жарады./

2.Өзге тілдің бәрін біл,....../Өз тіліңді құрметте/

3.Тіл қаруы-сөз,............./Сөз қаруы ой/
Қорытынды:
 Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
 Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
 Желмаяның үстінде желіп тұрып;
 Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
866
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі