400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Шәкәрім мұрасы-халық қазынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға, мұғалімдерге арналған.Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасы туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШӘКӘРІМ МҰРАСЫ- ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

Кабылбаева Ж.Ш.,Жақсыбаева Н.С.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері


Өзектілігі:Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзия тарихындағы орны ерекше және ақынның әдеби мұрасы соңғы жылдарда әр қырынан талданып зерделенуде.Дегенмен Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиялық шығармашылығына қажетті деңгейде барынша назар аудару, зерттеу, тексеру-қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселесі.

Нысаны: Шәкәрім Құдайбердіұлының сөз қолданыстағы көркемдік шеберлігін зерттеу.

Ғылыми болжам:

Шәкәрімнің шығармаларының мәнін толық меңгергенде, төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

Дүниетанымдары жетілген тұлғалық қасиеттері дамиды;

Адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артады;

Адамзат баласын құрметтеу, ізгілік пен имандылықты өмірінің мақсаты ете білетін әділ, «халық» деп соққан жүрегі бар жан-жақты тұлға қалыптастыруға қол жеткізуге болады;

Ұлтымыздың ең басты құндылығы – қазақ тілін сүйетін, қастерлейтін, тіл байлықтары жетік тұлға қалыптастыруға болады.

Зерттеу нәтижелері :

Шәкәрім шығармалары көркемдік-жанрлық, эстетикалық қуаты жағынан қазақ әдебиетінен, жалпы халық мәдениетінен ерекше орын алатын ұлттық құндылық болып табылады;

 Шәкәрім шығармаларындағы ең басты тақырып – адамдық тақырыбы, адамгершілік мұраты;

Шәкәрім – поэзия әлеміне сезім күйін шертер, ой танымын тереңдетер ойшыл-сыршыл із қалдырған суреткер;

Жарты ғасырдан  астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің  қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді. Ол мұраны сақтау,тәрбие алу біздің міндетіміз. Ақынның әдеби мұрасы әр қырынан қарастырылып,зерттелу үстінде.Бұл орайда М.Әуезов, М.Бөжеев, З.Ахметов, Н.Ғабдуллин, З.Қабдолов, М.Мағауин т.б зерттеулер еңбегі ерекше елеулі.Қазақ поэзиясының асқар шыңы  Абай қалдырған  шығармашылық  дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады. Ұлы ақын Абайдың ағартушылық бағытын ұстанған Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға», «Насихат», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік тілін», «Сынатарсың өзіңді» деген қалың бұқараны ғылымға, оқуға, білімге, өнерге шақырған өлеңдері бар. Ақын:

Адамдық борышың –

 Халыққа еңбек қыл.

 Ақ жолдан айнымай,

 Ар сақта, оны біл, – деп, «Адамдық борышың» өлеңінде адал еңбек, ақ пейіл, мейірім бар жерде ғана таза ақыл болады яғни адал ниетпен ақылға билетіп, ешкімге қиянат қылмай істелген іс адамды мұратқа және бақытқа жеткізеді деп насихаттаған.

Шәкәрімнің реалистік лирикасындағы өзекті тақырыптың бірі – махаббат лирикасы «Жастық туралы», «Шын сырым», «Ақыл құсы адаспай аспандаса», «Анық асық – әулие» атты өлеңдерінде көрініс тапқан. Абай сөзін, Абай идеясын өзіне мұрат тұтқан Шәкәрім «Ақындарға», «Ескі ақындық», «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» деген өлеңдерінде ақынның қоғамдағы орны, ақындық өнер, сөз тазалығы туралы ой түйген. «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» өлеңінде:

 «Ән – өлшеуіш,

Өлең – күміс,

Қоспаңыз мыс аралас», –

деп, өлеңді, әнді күміске теңеп, оның қоспасыз таза болуы қажеттігін ескерткен. Ел арасына кең тараған бұл әнді музыка зерттеушісі А.В. Затаевич нотаға түсірген. Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Оның «Музыкалық этнография» атты жинағының ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді.

Жалпы Ш. Құдайбердіұлының жиырмаға жуық әні бар. Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Шығармаларын қазақ тіліне аударды. Араб, парсы, түрік, орыс, татар тілдерін жетік білген Ш.Құдайбердіұлы көркем аударма саласында да қарқынды еңбек еткен. Шығыс классигі Физули жырлаған «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын, Хафиздің бірнеше өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Орыстың ұлы ақындары Л.Н. Толстойдың «Үш сауал», «Асархаддон патша» шығармаларын, А.С. Пушкиннің Дубровский» романын, «Боран» повесін өлеңмен қазақ тіліне аударуы Шәкәрімнің жан-жақты білімдар екенін танытады. «Жасымнан жетік білдім орыс тілін» өлеңінде: «Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың», – деп, ұлы жазушыны өзіне ұстаз санаған.  Ш.Құдайбердіұлы – «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», «Айсұлу – Нартайлақ». «Ләйлі – Мәжнүн» сияқты эпикалық поэмалары арқылы қазақ әдебиетінің поэма жанрының дамуына үлкен үлес қосқан эпик ақын.

Міне, Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманында қазақ тарихының үлкен білгірі, шебер аудармашы, ұлы гуманист болғанын байқауға болады. Оның негізгі тарихи туындысы және әдеби шығармалары аса бағалы дерек көзі ретінде маңызын еш уақытта жоймақ емес.

Қазақстан Республикасы Президентінің кітапханасында да Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың бірнеше данасы сақталған.  2006 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың алғысөзімен «Аманат» журналының кітапханасының сериясымен басылып шыққан «Жол табалық ақылмен» деген Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалар жинағы жарық көрді.  

Қорытындылай келе қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті, ой-танымы мен күллі рухани әлемінің алып тұлғасының бірі Шәкәрімнің артындағы мол мұрасы кейінгі ұрпаққа қалдырған ғибраттық құндылығымен бағалы деп айтамыз.Ол жастайынан ісімен де, сөзімен де өзінің ғана емес, ұлының ұлағатты ұстазы болған Абай ғибратын ұстанған, сондықтан да Шәкәрімнің өмір жолы мен шығармашылығы әрқашанда құнды.

Шәкәрім, әрі ұлы дарын, әрі Абайдың классикалық поэзиясын жалғастырушысы бола тұра, халықтың игілігі болып табылатын және жас ұрпақты ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеуге септігін тигізетін, халқына ұлы әдеби мұра қалдырған. Ол - халық мақтанышы!

Абай өзінің қара сөзінде : «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар-мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым-ғой демектің бәрі-ақымақтық» деген.  Шәкәрім де сондай дара тұлға боп қала бермек.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі