Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шәкәрім өсиеті адалдық айнасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы : Шәкәрім өсиеті адалдық айнасы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілік: презентация, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
Күй орындалып тұрады, оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескеннен соң, тәрбие сағаты бастады.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Адамшылықтың шуағы сөнбесін». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.
«Адамшылық» деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітеміз.
Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Шәкәрім
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.
Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.
Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадық. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін слайдқа назар аударайық.
Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Бірінші бұлт.
Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығына бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. (Бірнеше оқушыдан ойлаған ойлары сұралады).
Мұғалім:
Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.
92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады (оқушылардың ойларын сұрау).
1-ші бұл ашылды – қайырымдылық қасиетін білдік.
Екінші бұлт.
Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, тақпақтар айту.
Абай. «Ғылым таптай мақтанба».
Адамшылық. Шәкәрім.
Абайдың 14-ші сөзі.
Мұғалім:
Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.
Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.
Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлерінде сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай
Үшінші бұлт.
Рухани - адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Ата – анамды сүйемін, туған жерімді, Отанымды, достарымды сүйемін. Осы қасиетке байланысты:
1-ші қатар: Отанға сүйіспеншілік.
2-ші қатар: ата-анаға сүйіспеншілік.
3-ші қатар: махаббат, достық.
Сүйіспеншілікке төрт ауыз тақпақ құрайсыңдар. (Баяу музыка ырғағы, 3-4 минут уақыт). Тақпақтарын тыңдаймыз.
Төртінші бұлт.
Сөзжұмбақ шешу. Ерекше тор көздерден рухани-адамгершілік қатынастарына жататын адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұр – соны табамыз.
|
|
|
|
1 |
ә |
д |
і |
л |
д |
і |
к |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
а |
д |
а |
м |
д |
ы |
қ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
е |
л |
г |
е |
з |
е |
к |
т |
і |
к |
|
|
|
|
|
4 |
с |
ы |
п |
а |
й |
ы |
л |
ы |
қ |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
і |
з |
е |
т |
т |
і |
л |
і |
к |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
т |
ә |
р |
т |
і |
п |
т |
і |
л |
і |
к |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
а |
д |
а |
л |
д |
ы |
қ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
к |
і |
ш |
і |
п |
е |
й |
і |
л |
д |
і |
л |
і |
к |
|
|
|
|
9 |
к |
і |
с |
і |
л |
і |
к |
|
|
|
|
|
|
1. Әділін айтсаң - әдемі айтсаң
2. Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ
3. Елгезек екі айтқызбайды.
4. Сыпайылық даналықтың белгісі.
5. Ізеттінің інісі көп
6. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
7. Адалдық – ана сүті.
8. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.
9. Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет.
Ол «әдептілік» деген сөз болды. Балалар, осы әдептілік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Бесінші бұлт.
Шәкәрім шығармаларынан үзінді тыңдау.
Мұғалім: Адамгершілік – деген ұлы сөз. Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық, татулық-осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті.
Мұғалім: Күн ашылды.
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.
Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлаймыз, ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-ші түсі. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-ші түсі. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.
3-ші түсі. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды ойлап көр.
4 - ші түсі. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.
5 - ші түсі. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6- шы түсі. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7 - ші түсі. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі деген нақыл сөз жаныңда жүрсін.
Қымбатты, оқушылар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен тастап жаңа шуақ енгізілді. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! (оқушылар түрлі-түсті қағаздарға жылы сөздер жазады). Ықыластарыңа рахмет. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңдар!!!