400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлы - ізгілік бұлағының бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп

«Өзін –өзі тану» пән мұғалімі

Алхамова Жемісгүл Алшыновна

Ізгілік педагогикасының классигі туралы эссе


Шәкәрім Құдайбердіұлы - Ізгілік бұлағының бастауы


Ақылды сол нысап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды –

деген Шәкәрімнің олең жолдарынан бастағым келіп тұр. «Адам бойында

ұят, қайрат, жігер, жауапкершілік, кісілік, намыс, талап,ерлік секілді асыл қасиеттері бар адамды айтады» - деген Шәкәрім бабамыз.

Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер болған. Ол бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы, 11 шілдеде дүниеге келген. Әкесі - Абайдың ағасы – Құдайберді 37 жасында дүниеден өтіп қайтыс болған соң, Абайдың тәрбиесінде болады. Жеті жасынан өлеңге қабілеттілігін танытады. Өз бетімен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін игеріп, шығыс, орыс классиктерінің шығармаларынан нәр алады. Әртүрлі өнер түрлерін игереді. Жиырмадан асқанда ел басқару ісіне араласады. Абай қайтыс болған соң, ақын аға өсиетімен 1905-1906 жылдары қажылық сапармен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралайды. Дін мен философия, ғылым салаларын игереді. 1908 жылдан бастап елден шет кетіп,таза шығармашылық жұмыспен шұғылданады.

Шәкәрімнің өмірі мен танымы ізгілікке негізделген. Адамзаттың аңсары барлығы адамдыққа негізделуіне Шәкәрім өмір бойы қызмет еткен, ізденісте болған. Шәкәрім бабамыздың:

Адамдық борышың –

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны бiл.

Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,

Бiлiмсiз, өнерсiз

Болады ақыл тұл.

Шәкәрiм бұл өлең жолдарын Абайға тән дәстүрмен бастаған. Шәкәрiм өлеңдерiнiң мәтiндерiне талдау жасау барысында менi таң қалдырған нәрсе - оның өлеңдi бiрден ұғымнан бастайтыны. Бiрден: "Адамдық борышың, халқыңа еңбек қыл", - дейдi. Менің ойымша бұл жерде екi нәрсе бар: адамдық борышың және халыққа риясыз еңбек ету. Адамдық борыш деген өзiне ғана емес, өзгелерге қызмет көрсете білу. Ол сенiң бiлiмдiлiгiң, кiсiлiгiң мол деген сөз. Ал адамның ойы жеке басынан аспаса, күйбең тiршiлiк соңында қалса, ол дағдарысқа ұшырап, күйзелiске түсері анық. Адам өзiнiң бойындағы қуатын тарқатып шығару үшiн, ол мiндеттi түрде халқына еңбек етуi керек. Халқына еңбек ету адамның өрiсiн кеңейтпек. Сонда Шәкәрiм сияқты таза iсiмен, еңбегiмен, көрiнген адамдар, олар өзiнiң өмiр сүру кеңiстiгi сол халқына еңбек ету деп есептейдi. Өлеңнiң үшiншi, төртiншi жолдарында: - Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны бiл, - дейдi. Еңбек ет, бiрақ сол еңбегiң сенi ақ жолдан айнытпайтын болсын дейдi. Ар - сақталған жол, бұл - ақ жол. Мен Шәкәрiмнiң ар сақта дегенiнен түсінгенім, бізді ар-ұятты сақта деп сана берген. Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етемін. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді. Философияда барлық қырынан кең танылған ұлы тұлға екендігіне тәнті болдым.

Мен сөзімді Шәкәрім Құдайбердіұлының: «Бәрі адамның бірдей ағарып, ары нәпсіні жеңсе тазарып» деген сөзімен аяқтағым келеді.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
980
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі