Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Поэманың көркемдік ерекшелігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Поэманың көркемдік ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
8.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 18


Бөлім:Көркем әдебиет және эпикалық сарын Мектеп:Шаған ЖОББМ

Күні: 13.12.2018 Мұғалімнің аты-жөні:Ханов Ш.У

Сынып: 8 «а» , «ә»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Поэманың көркемдік ерекшелігі

Оқу мақсаты

8.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау

Сабақ мақсаты

Оқушылар: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.

Бағалау критерийі

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтай алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар қолдана алады:

Автор стилін анықтайды;

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: автор стилі, психологиялық параллелизм, перифраз, гротеск, эллипсис.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша, бұл пікір...

Себебін мен былай түсіндіремін...

Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...

Шығарманың көркемдік құндылығы мынада деп білемін...

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, жастардың бас бостандығы, махаббат

Пәнаралық байланыс

География, музыка пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім


Алдыңғы сабақтарда оқушылар Шәкәрімнің Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»дастанының идеясы мен мазмұны, ондағы көтерілген мәселе туралы түсінік алып, автор бейнесі мен кейіпкерлер табиғатын анықтап, шығармашылыққа бағытталған креативті тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға әртүрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут



1.Миға шабуыл

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Сыртқы шеңбердегі оқушыларға көркемдегіш құралдардың анықтамасы жазылған парақтар таратылады.Сыртқы шеңбер оқушылары анықтаманы оқиды, ішкі шеңбер анықтаманың қай көркемдегіш құралға тән екенін табады.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтай алады.

Автор стилін анықтайды.

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талдайды.



А4 қағазы, маркер, интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

30 минут


2.Қызығушылығын ояту

1- тапсырма

«Бинго 101» әдісі

Мұғалім оқушыларға бинго карточкаларын береді немесе оқушылар өздері әзірлейді. Топ спикері шығармадағы сөздерді немесе сөйлемдерді тақтаға жазады (сөз саны бинго карточкасындағы торлардың санына сәйкес болуы шарт), ал оқушылар сол сөздерді бинго карточкасының торларындағы көркемдегіш құралдарға (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) ретпен орналастырады. Спикер тақтаның алдында тұрып жазылған сөздердің сұрақтарын немесе анықтамаларын оқиды. Оқушылар оқылған сұрақ/анықтаманың дұрыс жауабын сызып отырады. Кімде көлденеңінен немесе тігінен сәйкес тізбек шықса, сол оқушы «бинго» деп айқайлайды. Мұғалім сол оқушыға ынталандыру сыйлығын береді.

3.Мағынаны тану

2-тапсырма

«Ойланайық»

1.Оқушылар шығарма үзінділері бойынша топта шығармадағы автор стилін, әдеби көркемдегіш құралдарын талдап, 2-тапсырма бойынша кестені толтырады.

Шығарма

І үзінді

ІІ үзінді

Автор стилі



Әдеби көркемдегіш құралдар




2. Кестені толтыр

Психологиялық параллелизм

Эллипсис

Перифраз

Гротеск









Қабілеті жоғары оқушылар «топ спикері» болып, өздерінің көшбасшылық, зерттеушілік қабілеттерін арттырады.

4.Бекіту

3-тапсырма

Автордың шығармада көркемдегіш құралдарды қолданудағы ерекшелігі неде? Сіздің пікіріңіз қандай?


Көркемдегіш құралдар

Шығармадан мысал

Пікір













5.Салыстыру

4- тапсырма

«Басымдылық пирамидасы» әдісі

Сынып оқушылары алдымен «Абай, Шәкәрім шығармашылығындағы адам тәрбиесі - тұлғалар тағылымы» бейнебаянын көреді.

1. Әр топқа шығарма үзінділері беріледі.

2.Оқушылар пікірлерін парақтарға жазып, пирамида құруға ұсынуларына да болады. Шығарманың автор стилін таныстырудың жолдарын таңдап,өз бетінше жұмыс жасайды.

3. Кейіпкерді сипаттаудағы автордың стильдік қолданысы, ішкі толғаныстары, ой-пікірі, т.б.

4.Оқушылар берілген сұраққа ең маңызды жауапты дайындайды.

5. Топ өздерінің шешімдерін айтады. Басқа топпен салыстырады, ойларын толықтырады.

6.Бағалау

5- тапсырма

«Сөйлемді толықтыру» әдісі

Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топқа шығарма үзінділері таратылады. Әр топтан бір спикер шығып, үзіндіден дәлел келтіре отырып шығармадағы көркемдеуіш сөздер мен автордың стильдік ерекшелігі жайлы өз ойын айта бастайды. Топ спикері ойын аяқтағанда екінші топтың спикері оған қарсы сұрақтар қояды. Топ мүшелері рөлмен ауыса алады. Сұрақтар төмендегідей үлгіде болады.

  • Неге....

  • Мұны қайдан білесіз....

  • үшін сізде қандай дәлел бар.

  • Сіз неге олай ойлайсыз…

  • Сіз келісесіз бе…

  • Түсіндіре аласыз ба…

  • үшін не істеу керек?

Басқа топ мүшелері сағат тілі бойынша спикерлердің жауабын бағалау критерийі бойынша бағалайды.



Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігі https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22518





































«Абай, Шәкәрім шығармашылығындағы адам тәрбиесі - тұлғалар тағылымы»youtube.com2 ноября 2017

http://www.youtube.com/watch?v=hDpFI1ws0I4 youtube.comyoutube.com2 ноября 2017


Сабақтың соңы

3минут

Кері байланыс: «JNSERT» кестесі

Білетінім

Білгеніме сәйкес келмейтіні

Мен үшін жаңалық

Таңқалдырды










Кері байланыс парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау


Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау , топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы «Ойланайық» , «Сөйлемді толықтыру» тәсілі кезінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық, зерттеушілік қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Басымдылық пирамидасы» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында белсенді әдіс –тәсілдерді жүзеге асыру кезеңінде қимыл-қозғалықа ерекше мән беріледі.

Сыныптағы үстелдер қабырғаға жылжытылады, орындықтар екі қатарға қарама-қарсы, оқушылардың дауыстары анық естілетіндей етіп қойылады. Сараптама жасайтын оқушыға жеке орын дайындалады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2019
7673
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі