ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ тәрбие сағаты 5 - сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ тәрбие сағаты 5 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3 құндылықтың бірі бар, ашық сабақ өткізуге тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 18.10.2023ж.

Сынып: 5

Тәрбиеші: Садакбаева А.А

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны: 2

Мектеп:

Д.Рақышев атындағы мектеп-интернаты

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл

«Шәкәрім әлемі»


Күтілетін нәтижелер

Елінің тарихын құрметтейді, Ұлттық мұраға ұқыпты қарайды



Құндылықтарды дарыту:

Ұлттық мүдде

Ұлттық мұраға ұқыпты қарайды




Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, тарих, музыка


АКТ қолдану дағдылары:





Эпиграф:

Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған.

Абайдың аманат қып беріп кеткен.

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан

(С. Мәуленов)




























Тәрбие сағатының барысы

Тәрбие сағатының жоспарланған кезеңдері

Тәрбие сағатының жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Басталуы








Кіріспе













Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жылдығына орай, «Шәкәрім әлемі» деп аталады.

Тәрбие сағатымыз ұлттық мүдде құндылығына құрылған. Балалар, жарты ғасырдан  астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің  қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ…өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың  «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де ,ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.















Негізгі бөлім


Миға шабуыл






























«Салыстыру әдісі»






















Дәптермен жұмыс





1) Шәкәрім Құдайбердіұлы кім? 2) Қандай шығармаларын білесіңдер?

(Оқушылар сұрақтарға жауап береді.)

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Олай болса, Шәкәрім туралы біраз мәлімет айтып өтейін. Шәкәрім— Абайдың немере інісі. Ұлы Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің үлкені. Шәкәрімнің жеті жасында әкесі қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады.
Шәкәрім-ақын адамның жақсылығына қуанып, кемшілігіне езілді. Осыдан келіп Шәкәрімнің ақындық болмыс бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Халық тағдыры — Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады. Шәкәрім батыс әдебиетінен көп мағұлмат алған. Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.
Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру.

Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы:

Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол ,жастар бергенім.

Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді,тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Шәкәрім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

Бұған ұйқасты өлең сөз керек,

Өзіне орайлы,

Ән-өлшеуіш

Өлең – күміс

Қоспаңыз мыс аралас.

Абай: Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.


а. Сөздікпен жұмыс.
Мансап - атақ
Нәпсі - жаман іс
Тұл - ешнәрсесі жоқ
Ғибрат - үлгі.
ә. Адамдық борыштарды жазамыз.
1. адал еңбек ету
2. білім мен өнер үйрену
3. келешекке жол көрсету
4. үлгі болатын іс қалдыру























































Кері байланыс

Оқушылар тарапынан берілетін кері байланыс.

Білемін «+»

Білмеймін « - »

Мен үшін жаңа ақпарат « ! »

Мені таңғалдырды « ? »






Қорытынды


Тәрбиеші: Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын. Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатынан жақсы ғибрат алды деп ойлаймын, алдарынан жарқын болашақ күтсін.









































Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты













Тақырыбы:

Ш. Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл

«Шәкәрім әлемі»








Тәрбиеші: Садакбаева А.А.















Талдықорған қаласы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2023
3670
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі