400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шәкәрімнің рухымен сырласу

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлық ұстаздарға керек және жеке тұлғаларға да керек. Себебі, Шәкәрімді оқымаған қазақ жоқ шығар. Оның әрқашан ақиқатты жақтағаны. Болашақ ұрпаққа қалдырған мол мұрасымен ерекшеленеді. Мен Шәкәрімді өз ұстазым десем де болады. Жазушының өлеңдерін, шығармаларын оқып көкірек нұрым ашылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шәкәрімнің рухымен сырласу.

Мен сіздің шығармашылығыңызбен ең алғаш мектеп қабырғасында жүргенде таныстым. Ұлы жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын талдаған кезде сіздің Абайдың немере інісі екеніңізді мұғалім айтқаннан кейін оқушылардың арасында үлкен пікірталас туған еді. Біріміз - Шұбар десек, екіншіміз - Дәрмен деп таласатын едік. Кейін келе, ақын ретінде ғана емес, мықты философ деп таныдық. Сіздің өлеңдеріңіздің әрбір сөзінің мән-мағынасы өте тереңде жатқанын ұқтық. Әсіресе, маған «Насихат» өлеңі педагог ретінде іс-тәжірибемде көп пайдасын тигізді.

Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сезімді әбден ұқ,

Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер, –

деп басталатын өлеңіңіздің тақырыбы дәл қойылған.

Өлең ғылым-білімді үйренуге, надандықпен күресуге, пайдакүнемдіктен аулақ болуға, мейірімділікке үндейді. Мысалы:

Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,

Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер.

Осында білгеннің шәкірті бол да, білмегенді өзіңе шәкірт ет, үйренуге намыстанба, үйретуден аянба дейсіз.

Өлеңіңіздегі тізбектелген теңеулер тіпті қызық.

Шын наданға білгеніңді ұқтырам деп ойлама,

Қанша бидай шашсаң-дағы болмас егін тасты жер,

Менің түсінгенім, «тасты жер» деп отырғаныңыз – надан. Наданды келесіде сіз тоты құсқа теңейсіз:

Тотыға тіл үйретілсе, сөзі – адам, өзі құс,

Сол сықылды ол наданды ермек үшін сөйлетер.

Ғылымды «жұрттың бәрін сусындатар шалқар көл, халықты бақытқа, байлыққа бөлер таусылмас кен, рухани дерт атаулының бәрін аластайтын, елге қуат, күш беретін дәру» деп, ал ғылымды залымға үйретсең, ол оны оқ қылып, қару етіп, ғылымды өзінің зұлымдық әрекетіне пайдаланады деп үйретесіз:

Қарғысына сен қаларсың, елді алдап ол алар,

Ақылы жоқ, малы көптің бір талайын еңіретер.

Дүниені түзетуші һәм бұзушы бір ғылым,

Әрі залым, әрі ғалым – ел түбіне сол жетер.

Осы туындыңыз бір сәтте жалт еткен нұрлы ойыңызды, сол бойда жарқ етіп тұтас көрінген ішкі сырыңыз іспеттес шығарма.

Менің бұл туындыңыз туралы сұрақтарым өте көп. Насихатқа толы, білім-ғылымға үндейтін бір керемет шығарма ретінде үнемі оқушыларға айтып беремін. Абайдан кейінгі ғұлама деп танитын Сіздің дәл осы жырыңыз дәл бүгінгі жалқау ұрпақ, білімсіз шәкірттерге арнап айтылған сияқты болады да тұрады. Мені осы тақырып әрқашан толғандырады. Қазіргі жахандану заманда жас ұрпақ ойлаудан қалама деп отырмын, міне осы тақырыпта біз ұстазадар бар жауапкершілікті мойнымызға аламыз деп ойлаймын. Мен сіздің шығармаларыңызды негізге ала отырып жас ұрпақтың бойына өмір құндылықтарын терең әрі құнды меңгертеміз деп сенемін.сіздің жүріп өткен ұлы жолдарыңызбен, артыңызда қалдырған қазыналы мол ілімді мұралрыңыз осы өзін-өзі тану пәні болары сөзсіз.




«Достық» жалпы орта мектебі

Өзін-өзі тану пән мұғалімі: Байрова Акжан Бактыбаевна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
614
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі