жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы. Ашық тәрбие сағаты
Сәкен
- жырдың сарқылмас дариясы
Мақсаты:
ақын шығармаларының өміршеңдігін
көпшілікке таныту, оқырмандардың
шығармашылық қабілетін жетілдіру,қазақ
халқының зиялыларының бірі С.Сейфуллин
жайлы оқушыларға мағлұмат беру.С.Сейфуллин
есімін құрметтеуге,ұмытпауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
интерактивті тақтада слайдтар,қоғам
қайраткерлері мен ақын-жазушының
портреті, бейне материалдар.
Кеш барысы:
Маржан:
- Армысыздар, құрметті қонақтар! XX
ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың
мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі
мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы,
драматург, әдебиет зерттеушісі, республика
қаламгерлерінің бетке ұстар беделді
серкесі, осыларға сал - серілігі мен
сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып,
көзінің тірісінде - ақ аңызға айналған
Сәкен Сейфуллин «Сәкен – жырдың
сарқылмас дариясы» деп аталатын әдеби
кешімізге қош келдіңіздер!
Диас:
-
Атыңнан айналайын қайран Сәкен,
Ұмытпан
демім бар да тұлғаңды әсем.
Ту ұстап,
тұлпар мініп, қол бастаған,
«Тар
жолда, тайғақ кешіп» болдың көсем.
Маржан:
-
Қуанды елің, өшкенімді жандырдың,
Ерлігіңмен
ел мейірін қандырдың.
Ту түбінен
таймай барып ту алып,
Ер атыңды мәңгі
өшпестей қалдырдың.
Диас:
-
Батыр ұлын – жанға балап сүйер ел,
«Елім»
деген ерге басын иеді ел.
Қарт Алатау,
Еділ, Жайық, Сарыарқа,
Құттықтайды
Көкшедегі қалың ел.
Ән: «Тау ішінде» орындайтын 6 А сынып оқушылары
Қайсар:
Мен-Сәкенмін!
Сейфолланың
баласы,
Жазылмаған жүрегімнің
жарасы.
Мен құдайдың ажалынан
өлгем жоқ,
Мені өлтірген адамдардың
аласы.
Он жетіде ту ұстадым
қолыма,
Мақтанышпен мадақтадым
оны да!
Қыран едім,қанатыммен
соғылып,
Өзім түстім қастандықтың
торына.
Көжегіне ұқсамадым
қоянның,
Қатарымнан тым ертерек
ояндым.
Қызыл туды жырлап едім
армансыз,
Ақырында,қызыл қанға
боялдым.
Бостандықтың күте-күте
әр таңын,
Енді соның шын азабын
тартамын!
Мені атқан адамдардан
қорықпаймын,
Елін сатқан адамдардан
қорқамын!
Санжар:
Сәкен Сейфуллин өзі сұлу табиғатын
талай рет тебірене жырлаған өлкеде —
Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші
ауылында (қазіргі Қарағанды облысының
Жаңаарқа ауданы) орташа ауқатты кісінің
отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла
серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге
шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме,
аңыз - ертекті көп білетін әрі нәшіне
келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты.
Дильназ: Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ біртоға бала болады, Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі - жаңалы кітаптарды бас алмай оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді.
Дидар:
Одан кейін жылдай ол заводтың орыс-қазақ мектебінде оқиды. Завод өмірімен танысу, жұмысшылар балаларымен бірге оқып, олармен араласу жас Сәкеннің қоғамдық өмірдің әділетсізіктерін көріп тануына жол ашады.. Осында жүріп Сәкен Нілді заводы жұмысшыларының патша өкіметіне қарсы 1905 жылдың желтоқсанында өткен ереуілін көреді.
Диана:
Еңбек адамдарының ортасында болып, олардың мехнатты өмірің әділетсіздікке қарсы күресін көріп болашақ ақынның таптық ой-санасының ерте оянуына әсер етеді. 1908-1913 жылдары Сәкен Сейфуллин Ақмола (қазіргі Астана) қаласында әуелі приходская школада, кейін үш класты қалалық училищеде оқиды. Бұл жылдары ол орысша білімін толықтырып, орыс әдебиеті кітаптарын оқиды, Ақмола маңының әнші-күйшілерімен танысады. Сонымен қатар алыс ауылдардан оқу іздеп келген қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді.
Айзере:
1913-1916 жылдар арасында Сәкен Сейфуллин Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясында оқиды. Бұл жылдары оның әдебиетпен әуестенуі арта түседі. 1914 жылы Қазанда «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылады. Сәкеннің қоғамдық көзқарастарының қалыптасуына Омба дәуірі ерекше ықпал етеді. Мұнда ол студенттердің «Бірлік» атты ұйымының жұмысына белсене қатысады. Әуелі ағартушылық бағыт ұстаған бұл ұйым бірінші империалистік соғыс пен революциялық күрестің өрлеу дәуірінде саяси мәселелерге де араласып, өз көзқарастарын айқындайды. Омбыда Сәкен орыстың революционер жазушысы Феоктист Березовскиймен танысады, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Некрасов кітаптарың М. Горький шығармаларын оқиды.
Рустам:
Омбы семинариясын бітіргеннен кейін Сәкен Сейфуллин Ақмола уезіндегі Сілеті-Бұғылы деген жердегі ауылдық мектепте мұғалім болып істейді. Осында жүріп ақын 1916 жылғы халықтың ұлт-азаттық көтерілісін қарсы алады. Көтерілісшілерге тілектестік білдіріп, өлеңдер жазады.
Айгерім:
Сәкеннің қоғамдық, шығармашылық қызметінің жаңа дәуірі 1917 жылдан басталады. Патша өкіметін құлатқан Ақпан төңкерісінен кейін-ақ ол Ақмола қаласына ауысып, саяси-қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Сол жылдың көктемінде құрылған Қазақ Комитетінің төрғасы болып сайланады. Онда төңкерісшіл-демократияшыл зиялылармен бірігіп, қазақ әйелдеріне бостандық беру, бұрынғы әкімдерді ел билеу қызметінен босату, еңбекші халық өкілдерін іске тарту, дін иелерінің құқын тежеу сияқты шараларды іске асырады. Сәкеннің қатысуымен Ақмола жастары «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тіршілік» атты газет шығарады. 1917 жылдың желтоқсанында Ақмола Совдепі құрылғанда Сәкен Совдептің президиум мүшесі және уездік ағарту комиссары болып тағайындалады.
Аяулым:
1918 жылы маусым айында патшашыл ақ қазақтар мен чехословактардың контрреволюциялық көтерілісі кезінде Ақмолада кеңес өкіметі құлап, Сәкен бір топ жолдастарымен революция жауларының қолына түседі. Ол «қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатерлі адам» деп табылады да, басқа да тұтқындармен бірге Қызылжар түрмесіне айдалады. Атаман Анненковтың «азап вагонында», Колчактың Омбы лагерінде тоғыз айға созылған ауыр азап шегеді. Тек 1919 жылдың наурызында ғана Сәкен Омбының тұтқын лагерінен қашып шығады. Дүйсембі деген жалған ат жазылған құжатпен ол Павлодар, Баянауыл арқылы өзінің туған еліне келіп, Түркістанға өтеді. Әулиеата (қазіргі Тараз қаласы) Совдепінің көмегімен Сарысу, Шу өзендері бойындағы елдері советтендіру жұмысына қатысады.
Жанель:
1920 жылдың көктемінде Сәкен Сейфуллин Ақмолаға қайта оралып, Колчак үстемдігі құлаған қалада кеңес жұмысын жандандыруға араласады. Ол уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары болып істейді. Сол жылдың жазында қазақтың Автономиялық республикасын жариялайтын құрылтай съезіне дайындалу кезінде Сәкен Сейфуллин қазақ өлкесі бойында құрылған ревкомның құрамына кіреді. Құрылтай съезінде бірінші сайланған Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі болып өтеді.
Элеонора:
1921 жылы сәуірде Сәкен Сейфуллин бұрын Сибревкомға қарайтын Акмола мен Семей облыстарын Қазақстанға қабылдап алу жөніндегі төтенше үкімет комиссиясының енеді. Ол Қызылжар, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Омбы қалаларында болып, сайлау жұмыстарына басшылық етеді. 1922 жылы маусымда Қазақ АССР халық комиссарлары Кеңесі Сәкенді оқу-ағарту Халық Комиссарының орынбасары етіп тағайындайды. Сонымен қатар ол «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болып бекітіледі. Ад Советтердің бүкіл Қазақстандық III съезі 1922 жылдың қазан айында Сәкен Сейфуллинді Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы етіп сайлайды. 1923 жылдың қаңтарында Советтердің X съезінде Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшелігіне өтеді.
Томирис:
1925-1937 жылдары Сәкен Сейфуллин Қазақстандағы әр-түрлі мәдени-ағарту орындарында- жазушылар Одағында, партия тарихы институтында, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз) журналының редакцияларында басшы қызметтерде болады. Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті тарихынан лекция оқиды.
Махаббат:
Қоғамдық-саяси зор жұмыстарымен әдеби шығармашылығын қанаттаса жүргізе отырып, Сәкен Сейфуллин жиырмасыншы жылдардың өзінде көрнекті ақын болып қалыптасы. 1922 жылы оның «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұнқарлар» деген пьесалары жеке-жеке кітап болып басылады. Кейін ақынның «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928), «Еңбек-шарт — жалшылар қорғаны» (1928), «Көкшетау» (1929), «Альбатрос» (1932), «Қызыл ат» (1935), «Социалистан» (1935) атты өлең-поэмалары жарық көрді.
Эльвира:
Проза жанрында Сәкен Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» (1927) атты мемуарлық романың «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935) атты повестер мен көптеген әңгімелер жариялады. Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиеті нұсқаларын жинап, олардан «Қазақтың ескі әдебиеті нұсқалары» (1931), «Батырлар» (1933) атты жинақтар құрастырды. Ақан серінің, Ақмолланың, Ыбырай Алтынсариннің кітаптарын, ІІІ. Құдайбердиев аударған «Ләйлі-Мәжнүннің» нұсқасын бастырды. 1932 жылы қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуге арнаған «Қазақ әдебиеті» (Билер дәуірінің әдебиеті) атты зерттеуоқулығын жариялады. Ол мектеп оқушыларына арналған әдебиет оқулықтарын жазуға қатысты және әдебиет сынына араласып көптеген мақалалар жазды. 1936 жылы Қазақстан жұртшылығы Сәкеннің әдеби қызметінің 20 жылдығын мерекеледі. Жазушы көркем әдебиетті дамытуда сіңірген еңбектері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Тоғжан:
Коммунистік партия мен кеңес өкіметіне сеніп, оның жолын әділдік, теңдік жолы деп ұққан Сәкен Сейфуллин тарапынан саясатты бұрмалаушылықтар мен әділетсіздіктер көрген тұста, өзінің ойың сезімін іркіп қалған емес. Әрқашан пікірін ашық білдіріп отырған. Ол «Ұлтардың өзін-өзі билеуі» деген Ленин қағидасына сенді. Сондықтан Қазақстанда ұлт өкілдерін «ұлтшылдықпен» айыптап қорқытқысы келгендерге ашық наразылық білдірді. 1923 жылы Қазақстан партия ұйымының III конференциясы тұсында Сәкен бастаған 14 коммунистің РКП (б) Орталық Комитетінің хатшысы Е. Ярославскийге жазған хаты осыны дәлелдейді.
Улбала:
Ол Қазақстан үкіметінің басшысы болып жүрген кезінде қазақ тілін мемлектеттік тіл етіп жариялау, мемлекеттік іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, қазақ тілінде кітаптар, газет-журналдар шығаруды ұлғайту мәселелерін күн тәртібіне қойып, шешімдер қабылдатқан. Бұрын «қырғыз» аталып келген ұлттың «қазақ» екенін дәлелдеп, мақалалар жазып, осы қателікті түзетуге себепкер болды. 1925-1933 жылдары Қазақстан партия ұйымын басқарған Голощекин саясатын ашық қарсы болғандардың бірі — Сәкен. Қазақстанда әр кезде болған ұлт саясатының бұрмалануы ақынның көркем шығармаларында да («Совет баласы», «Отарбаның жұмсақ вагонында», «Қызыл ат», «Біздің тұрмыс», т.б.) суреттелген. Сондықтан орталықтан келіп ел басқарушылар «шыншыл», «қыңыр» Сәкенді жақсы көрмеген. Оны әрдайым сынап, «партиялық тазалаулардан» өткізіп отырған. Ақыры 1937 жылы «халық жауы» есебінде тұтқындады. Ақын 1938 жылы 25 ақпанда Алматы түрмесінде, кеше өзі орнатысқан өкіметтің қолынан атылды.
Диана.Б:
Адамның рухани жан дүниесін түсіне алатын сыр сандығын ашып, сым пернесін баса білетін достарға Сәкен Сейфуллин «Қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достарды» қарсы қояды. Өлең идеясы өмір шындығынан туған терең философиялық ойды аңғартады. Ол көркемдігі жағынан да Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы елеулі туынды. Өлеңнің қайталанып келетін жолдары мен сөз тізбектері ақын ойын нақтылап, анықтай түсумен бірге шығармаға көркемдік ойнақылық береді.
Диас:
Бұл айтылғандар Сәкеннің лириканың шекарасын батылдықпен кеңейте алғанын, оны тек нәзік сезімнің көрінісі түрінде қалдырамай, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн бере дамытқанын дәлелдейді. «Ананың хаты», «Анаға жауап» сияқты өлеңдерінде ол ана мен бала арасындағы сағынышты сезімге жаңа заман қызметшісі — баланың салиқалы ойын қосады. Ол сағынып, «елге қайт» деп үгіттеген анасына тоқтау айтады. Бұл өлеңдерде ескі өмір мехнатын көп тартып, баласын өмір үшін күреске тәрбиелеген ана мен күрескер, жаңа қоғам иесі болайың нақты образдары жасалған. Сөйтіп Сәкен Сейфуллин лирик-ақын есебінде ізгі адамгершілік мінездерді, айнымас достықты, анаға деген сезімдерді қастерлеуші болды.
Айзере:
Сәкен
Сейфуллин — бірталай поэма жазған ақын.
Өмірдегі, басқа да көркем туындыларындағы
сияқты ақын негізінең поэмаларында
жаңа заман тақырыбың азаттық жолындағы
күрес идеясын жырлады. Сонымен қатар
Сәкен Сейфуллин халық аңыздарына
сүйеніп, елдің батырлық, гуманистік
дәстүрлерің адамдық ізгілікті, қазақ
жерінің көркем табиғатын суреттейтін
кең тынысты поэмалар жазды. «Аққудың
айрылуы» атты лиро-эпикалық поэма
жоғарыда айтылды. Осы тақырыптағы
ақынның үлкен табысы — «Көкшетау»
поэмасы.
Арқаның
кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз
сұлу бетін жуған жауын.
Жан
- жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп,
Жүреді
біліп - кетіп есен – сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ән: «Көкшетау»
Маржан:
Сәкен Сейфуллин теңдікті аңсады. Бай
мен кедей арасындағы тартысты,
әділетсіздікті жырлады. Болашағымыздың
бостандығы үшін күресіп, арттарында
өшпестей із қалдырды.
Диас: С.
Сейфуллин 1920-1924 жылдары Қазақ Автономиясының
өркендеп, нығаюы үшін зор үлес қосқан
үкімет басшысы;
Маржан: Ол
– Қазақстандағы ағарту ісін ұйымдастырып,
дамытуға ерекше күш салған қайраткер;
Диас: С.
Сейфуллин – қазақ әдебиеттану ғылымына
өзіндік үлес қосқан ғалым.
С.Сейфуллин
есімімен көптеген ауыл, елді мекендер,
театр, мектеп, кітапхана, көшелер аталады.
1985 жылдан Целиноград қаласында (қазіргі
Астана қаласы) С.Сейфуллин мұражайы
жұмыс істеді. Мұражай жанында ақынның
ескерткіші орналасқан.
Маржан:
Жалынды
күрескер-патриот, сегіз қырлы, бір сырлы:
ақын, жазушы, драматург, публицист,
сыншы, әдебиеттанушы, композитор,
педагог, қоғам және мемлекет қайраткері
– Сәкен Сейфуллин есімі халық есінде
мәңгі сақталады.
Сөз
кезегін мектеп кітапханасының меңгерушісі:
Абуева Жанар апайға беріледі
Диас:
Асуы
жоқ асулардан асайық,
Ашылмаған
тас қақпаны ашайық.
Болмағанды
болдырайық дүниеге,
Жаңа
тұрмыс жаңа жерге жасайық!-деп ақынның
ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған
жас қауым да ақын өлендерін ешқашан
естен шығармайды деп сенеміз дей келе,
бүгінгі «Сәкен – жырдың сарқылмас
дариясы» атты әдеби кешіміз аяқталды.
Көңіл қойып таңдағандарыңызға көп
рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген