жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сәкен Жүнісов Кімнің мекені жақсы
Пән: Әдебиеттік оқу |
Мектеп: Аққұм НМ |
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Карсакова Айзат Урустемовна |
||||
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: 5 Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы
|
||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары |
2.1.2.1- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау 2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау 2.3.3.1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды мазмұндап айта алады. Шығарманы рольдерге бөліп сахналай алады. Көптеген оқушылар:Шығармадағы кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды. Кейбір оқушылар: Мәтін кейіпкерлеріне еліктеп,өз туған жері туралы әңгіме құрастыра алады.
|
||||
Бағалау критерийлері |
-мәтіндегі негізгі ойды айтады -шығарманы рольдерге бөліп сахналайды. - өзінің тұратын мекені туралы әңгіме құрастырады. |
||||
Тілдік мақсат |
Мекен шалшық қаздию батпақ паңдана |
||||
1. Туған жеріңнің табиғаты қандай? 2. Тұратын жеріңде өзен, көлдер бар ма? 3. Тұрған жеріңнің табиғаты қалай сипаттар едің? |
|||||
|
|
|
|
||
|
|
|
|
||
|
|
|
|
||
|
|
|
|
||
Ойлау деңгейлерінің дағдылары |
Түсіну және білу,қолдану |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Бірлесе жұмыс барысында ынтымақтастыққа баулу, |
||||
Пәнаралық байланыс |
Туған өлкенің табиғатын сипаттау (дүниетану) |
||||
Алдыңғы оқу |
Қазақ тілім-анам тілі-өз тілім |
||||
Сабақ барысы:
|
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
1.Ширату жаттығу «Жұбыңды,тап» әдісі (өтілген тақырыпты түсінгендігін анықтау) Оқушыларды екіге бөліп,бір-біріне қарама-қарсы тұрғызу.Артқа қарап тұрған оқушыға алдында тұрған оқушы сөздерді жұмбақтап айтады.,бірақ сөзді атамайды.Әр жұп бір сөзді ғана жасырғаны дұрыс.Қарсы тұрған оқушы артына қарамай ,жұбының жасырған сөзін табуға тырысады. Мысалы мынадай сөздер:Отан,ауыл,ағаш,үй,қазақы үй. |
|
|||
Сабақтың ортасы |
ТЖ.«Суретті әңгімеле» әдісі (Жаңа тақырыпты ашуға дайындық) Әр топтан бір оқушы шығып құпия хатты ашып ондағы бейнеленген суреттің не екенін қимыл мимикасы арқылы басқаларға түсіндіреді. Шешуі:Құмырсқа,бақа,тышқан. Бұлар туралы не білеміз? Бұлар бүгінгі сабағымыздың кейіпкерлері1. -Сонымен ,бүгін біз Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы» мәтінін оқып,сызбаны пайдалана отырып авторымен танысамыз. Ұ.«Бірлескен оқылым» «Тізбегіңді жалғастыр» әдісі (ынтымақтаса жұмыс жасау дағдыларын дамыту) Нұсқау:мәтінді мұқият оқы. «Сұрақтар мен талқылау» әдісі (Мәтіннің мазмұнын ашу) -Мәтіндегі кейіпкерлер неге жайлы мекен іздеп жолға шықты? -Оны тапты ма? -Қандай қортынды шықты? -Мәтіннің соңғы бөлігін тағы қалай түйіндеуге болады? ҚБ:Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Жігерлендіру «От шашу» арқылы бағалау ТЖ. «Мен актермын» әдісі сахналау ҚБ: -Кейіпкерлерді ролге бөліп ,сахналай алады. Басбармақ әдісімен бағалау
Сергіту сәті: «Көрсетілім» әдісі (тақырыппен байланыстыру) «Туған елге саяхат» бейнежазба көрсетемін,бүгінгі сабақтың қандай байланысы бар екенін сұраймын. «Үш шапалақ» әдісімен бағалау.
ЖЖ.«Ойлан,дәлелде,тап!» әдісі (сыни ойлау дағдысын қалыптастыру) Тапсырма:С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтініндегі негізгі ойдың басталуын,жалғасуын,аяқталуын тап. ҚБ:-Мәтіндегі негізгі ойды табады. Өз жұбыңа бір пікір таңдаңыз! -«Жарайсың!» -мен сенің жұмысыңа ризамын. -сен жақсырақ жұмыс істей алар едің. ДЖ. «Өзің орында» әдісі (Түсінгенін бекіту мақсатында) Саралау тапсырмасы. Тапсырма :Өзіңнің тұратын жерің туралы әңгіме құрастыр ,өлеңді толықтыр. Толықтыр Кімнің мекені жақсы? Кесіртке құмын сүйед Тасбақа таңын ........................ Сұңқар ............................ сүйеді. Тұлпар қырын ............................. Байғыз ............................ сүйеді. Құмырсқа күнін ......................... Бал ара .............................. сүйеді. Төрт түлік төлін....................... Бақа .................................... сүйеді. Егінші ................................. сүйеді. Ер жігіт ............................... сүйеді. ҚБ:.өз туған жері туралы әңгіме құрастырады. -өлеңді толықтырып жаза алады Дескриптор: -өз туған жері жайлы әңгімелейді
Үйге:1.С.Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін жоспар бойынша әңгімелеу. 2.Хрестоматиядан А.Сопыбековтың «Жүйткіп пойыз келеді» өлеңін оқу.
|
Интербелсен ді тақта оқулық
Бейне жазба
Дәптер,
Оқулық Хрестоматия |
|||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс: ауызша Рефлексия «Аралдар» әдісі
1.Қуаныш
аралы
2.Шабыттану
аралы 3.Түсінбестік
аралы |
|
|||
|
|
|
|
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
«Ойлан,тап!» Кейбір оқушылар жаңа үлгіні табады,суретін салады.
|
Өз жұбыңа бір пікір таңдаңыз! -«Жарайсың!» -мен сенің жұмысыңа ризамын. -сен жақсырақ жұмыс істей алар едің. Жігерлендіру «От шашу» арқылы бағалау Үш шапалақ әдісімен бағаланады. Басбармақ әдісімен бағалау Кері байланыс |
Сергіту сәті
|
|||
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген