400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шәкірт жүрегіне жол тапқан -ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкірт жүрегіне жол тапқан-ұстаз Ұстаздық- қасиетті де, қадірлі мамандық. Өйткені өз бақытын ел баласын оқытудан табатын ұстаз еңбегі салмақтап өлшеуге келмейтін, ешбір кәсіп иелерінің еңбегімен салыстыруға болмайтын ауыр жол. Ұстаз - шәкіртіне білдірсем, үйретсем және оны биіктен көрсем деген арманмен биікке қол созады. Шәкіртте ұстазының үмітін ақтауға ұмтылады. Кешегі ұстазының үмітін арттырған шәкірт,бүгінде саналы 30 жыл ғұмырын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнап жүрген І санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жумагалиева Алтын 1966 жылы 8 наурызда Түрікменістан Республикасы, Ташауыз облысы, Көне Үргеніш ауданында дүниеге келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шәкірт жүрегіне жол тапқан-ұстаз

Ұстаздық- қасиетті де, қадірлі мамандық. Өйткені өз бақытын ел баласын оқытудан табатын ұстаз еңбегі салмақтап өлшеуге келмейтін, ешбір кәсіп иелерінің еңбегімен салыстыруға болмайтын ауыр жол.

Ұстаз - шәкіртіне білдірсем, үйретсем және оны биіктен көрсем деген арманмен биікке қол созады. Шәкіртте ұстазының үмітін ақтауға ұмтылады. Кешегі ұстазының үмітін арттырған шәкірт,бүгінде саналы 30 жыл ғұмырын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнап жүрген І санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жумагалиева Алтын 1966 жылы 8 наурызда Түрікменістан Республикасы, Ташауыз облысы, Көне Үргеніш ауданында дүниеге келді.

1988 жылы Ташкент қаласындағы Низами атындағы пединституттың филология факультетін бітіріп, алғашқы еңбек жолын Қарақалпақстан автономиялы республикасының Шоманай қаласындағы №3 Ұлықбек атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беріп, 9-сыныпқа сынып жетекшісі қызметінен бастады.

2001-2004 жылдың аралығында өз туған жеріне оралып, Жаңа өзен қаласындағы №6 мектепте ұстаздық қызметін жалғастыра жүріп, ғылыми -әдістеме бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарды. Ол қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жас жеткіншектерге СТО әдіс- тәсілдері және деңгейлік тапсырмамен , тест жұмыстары арқылы білім беруде. Сол жылдар ішінде бірнеше қалалық сабақ беріп, түрлі шараларға байланысты аудандық байқаулар мен мектепішілік сайыстарға қатысты.

2004 жылы қараша айынын бастап,Бейнеу ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте жұмыс жасайды. Ол казір өз мамандығының білікті, білімді, білгір болумен бірге 7«Ғ» сыныбының жетекшісі. Оның жүрегі шәкіртіне деген жүрек жарды сүйіспеншілікке, ізгі рухани мейірімділікке толы. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жаңаша оқыту технологияларын қолданып, оқушылардың танымдық қабілетін жан – жақты дамыта оқытуға баса назар аударады, оның өткізген әрбір сабағы шәкірттері үшін жаңа бір әлем есігін ашқанмен тең.

Ұстаз еңбегі нәтижесіз емес. Алтын Айтбайқызы- бірнеше сайыс жеңімпазы.

2013 оқу жылы Бейнеу аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2015 жылы облыс көлемінде «Ауыз әдебиеті және Серікбол зерттеулері» айдарындағы сабақта өз үлесін қосып, тыңғылықты озық сабақ өткізгені үшін марапатталды.

2015 жылы «Балалар Интелектуаллды Клуб» атты жобасы бойынша қазақ тілі пәнінен қашықтық жекепәндік Блиц – турниріне оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатымен;

2015 жылы «Балалар Интелектуаллды Клуб» атты жобасы бойынша қазақ тілі пәнінен қашықтық монопәндік жарысына қатысушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатымен;

2015 жылы «Бауыржан Момышұлының ерлік, азаматтық тұлғасы» тақырыбындағы өткізілген облыстық семинар сабақта өз үлесін қосып, өзінің шеберлігі, ой тереңдігін байқатқаны үшін Алғыс хатымен;

2016 жылы Қазақ тілінен өткен Ұлттық Интернет Олимпиадасының жеңімпазы I Дәрежелі Дипломмен;

2016 жылы «Инфоурок» сайтында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жеке сайт ашқаны үшін сертификатымен;

2017 жылы Ұлттық Интернет Олимпиада қашықтық олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатымен;

2017 жылы «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журналының тұрақты оқырман әрі автор ретінде басылымның дамуына үлес қосқаны үшін редакция атынан Алғыс хатымен;

2017-2018 жылы А.Жумагалиеваның іс-тәжірибесі республикалық «Қазақстан ұстазы» энциклопедиясына жарияланды

Жұмағалиева Алтын -ұзақ жыл маңдай терді төге отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, тәлім- тәрбие беруде үлес қосқан -ұстаздың бірі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі