Материалдар / Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздың қосқан үлесі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім

Ұстаздық ең қасиетті ұғым және ең қиын қызмет.Себебі әр бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, қолдарына қалам алғызатын, әріптерді үйретіп жазғызатын, алдына келген шәкірт үшін бар білгенін аямайтын адам ол-ұстаз. Қаншама тосқауылдарға қарамастан, өз балаларын тәрбиелей жүріп, өз шәкірттерін де өз баласынан кем көрмей, білім нәрімен нәрлендіріп, адамгершілікке баулып жүретін тау-тұлға.

Әлемде түрлі мамандықтар өте көп. Қаншама көп мамандықтар болса да, әр шәкіртті нағыз маман қылып шығаратын да ұстаз. Осы көптеген мамандықтардың арасынан ұстаздық деген қасиетті мамандықты таңдаған шәкірттердің бірі мен болам. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, түрлі іс-шараларға белсене қатысып, алдымыздағы тау тұлғадай ұстаздарға еліктеп өстім. Іштегі бала арман «өскенде мен де ұстаз боламын» - деп бұлқынып, арманға қарай қанат қақты.Бойымдағы алқынған бала арман мені алға қарай жетелеп, ұстаздық деген мамандыққа жеткізді. Бұл мамандықтың қиын екендігі шындық!дегенмен қиындығымен қатар балалармен жұмыс жасаудың ғажап сезім екендігін сезіп келемін. Алдыңа келген әрбір шәкірт жалындаған үміт көзбен қарағанда белгісіз бір күйге еніп, әрі өзіңе үлкен жауапкершілікпен міндет жүктейсің. Себебі қазіргі бала, болашақтағы тұлға. Оның тұлға болып қалыптасуына ұстаз да зор міндет атқарады. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек»- деп, Мұхтар Шаханов айтқандай баланың жүрегіне жол табу, дарынын ашу өнер, білім, ғылымға тәрбиелеу әр ұстаздың ұстаздық міндеті деп білемін.

Мен музыка пәні мұғалімімін. Мен ұстаз ретінде сабағымды өте қызықты өткізуге бар күшімді саламын. Сабақты өткізерде міндетті түрде көп ізденіп дайындаламын. Сабақ кезінде қазақтың халық әндерін таныстырып, сал-серілердің өмірінен мағлұматтар беріп, қазақ өнерін дәріптеп келемін. Сан ғасырлық тарихы бар ұлттық өнер мен оған үлес қосқан атақты әнші, күйші, композиторлар мен бишілер туралы әрбір бала білуі тиіс деп білемін. Себебі өз ұлтының өнерін білген бала,өз елінің патриоты болып өседі. Мен әр сабақты қызықты өткізу үшін міндетті түрде ізденіп, дайындаламын. Себебі қазіргі балалар өте ерекше, жаңашылдық пен жаңа тың дүниелерді қалайды. Қазіргі таңдағы заманауи патриоттық әндерді де орындатқызып, оқушылардың өз ойларын айтқызамын. Сонымен қатар уақытты тиімді өткізу үшін балалар сабақтан тыс іс-шаралар мен концерттік бағдарламаларға қатысады. Бұндай іс-шаралар көп ізденісті талап етеді. Көрермен үшін оңай болғанымен, артында көзге көрінбейтін көптеген қызу жұмыс жүреді. Сахнаға шыққан бала үшін ұстаз одан бетер толқып, белгісіз күйге енеді. Әу демейтін қазақ жоқ демекші, әр баланың өнерге өз үлесін қосқанын қалаймын!Және ұстаздан шәкірт озар демекші, өз шәкірттерімнің биік белестерге жететініне сенемін! Осы шәкірт тәрбиелеуде ұстаз ретінде аз да болса өз үлесімді қосып келемін.


«А. Тихоненко атындағы жалпы орта

білім беретін мектебі» КММ-нің

Музыка пәні мұғалімі Максутова А. С



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!