400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шал ақын өмірі мен шығармалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, сөз байлығын арттыру, ізденімпаздыққа бағыттау Ақынның өлең, толғауларынан мысалдар келтіре отырып, оқушыларды адамгершілікке, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Елін сүюге, қорғауға шақыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Естаева Кульшат Таурбековна, биология пәні мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы

Қазақ орта мектебі КММ

Сынып сағаты

Тақырыбы: Шал ақын өмірі мен шығармалары

Сабақтың мақсаты:

 Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал  

ету, сөз байлығын арттыру, ізденімпаздыққа бағыттау

 Ақынның өлең, толғауларынан мысалдар келтіре отырып, оқушыларды адамгершілікке, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Елін  сүюге, қорғауға шақыру.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа әзірлеу, сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына

Бүгін біздер Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) өмірімен, шығармашылығымен, «Ата- ананың қадірі», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдерімен танысамыз.

І. Шал ақын туралы презентацияя, өмірбаяны

Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) 1748 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келеді. Болашақ ақынның әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі, өз тұсындағы беделді рубасыларлдың бірі болады. 1755-60 жылдар шамасында Құлеке батырдың ауылы батысқа қарай көшіп, Есіл өзенінің бойына қоныс аударады және сонда біржолата тұрақтайды. Ақынның ес білгеннен соңғы ғұмыры осы төңіректе – қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданынның шетінде өтеді. Бала Тілеуке 15 жасында-ақ даңқы шығып, Шал (өткір, ұшқыр) ақын аталады да, өнер жолына түседі. Шебер ақын, соған орай қырсыз шаруа болған Шал өмірінінң екінші жарымында кедейлікке ұрынады. Қартайып, ауру жеңген соңғы күндерінің өзінде өнерінен танбаған ақын, 1819 жылы жазғы жайлауда қайтыс болады. Сүйегі қазір Сергеевка селосының жанындағы Аютас деген төбенің түбіне жерленеді. Анасы – атақты Төле бидің қызы. Тұңғыш өлеңі – «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің». Өлеңнің шығу тарихы Әйгілі хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтін жүйрік атын сұрап алып, кейін қайтармай қояды. Бірде Құлеке атын сұрауға барғанда, баласы Шалды ертіп барады. Хан бала Шалдың көзінше: «Іші боқ, сырты түк сол мәстекті неге сұрай бересің?» - деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бір қозыны арқалап алып кет деген сөзін естіп қалады. Шал кетерінде қысылмай, ханның малжандылығын бетіне айтады:

Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,

Болмайды қойға пана тал дегенің.

Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,

Хан ата, қалай екен мал дегенің?

Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кіші,

Біреудің хақын жемес жақсы кісі,

Тақтағы хан, топтағы биді еңкейткен,

Хан ата, қалай екен малдың күші? – дейді. Сөзден ұтылған хан батырдың бәйге атын қайтарып, қоса бір жылқа береді. Хан алдынада айтылған бұл өлең елге тез тарап, Тілеукенің атын шығарған екен.

Шал ақын өлеңдері тақырыбы жағынан өте кең. Қазақ аулының алуан түрлі тіршілігі, тұрмысына қатысты жайлар, адамгершілік мәселелері – оның өлеңдерінің басты нысаны.

Шал ақынның толғаулары:

«Пасыл да пасыл, пасылман», «Арғымақ ат кімде жоқ», «Саясы жоқ бәйтерек».

Сонымен қатар ол айтыстарға да қатысқан:

«Шал ақынның қызбен айтысы», «Бәйбіше мен Шал ақынның айтысы», «Шал ақын мен жігіттің айтысы», т.б.

Шал ақынның өлеңдері:

«Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің», «Қыздар туралы», «Күлен шешенге», «Бақ көшсе ақылыңа қарамайды», «Жігіт туралы», «Әйел туралы», «Кедейлік туралы», «Баспайға», т.б.

ІІ. Шығармашылық жұмыс

  1. Оқушы көзімен... (шағын талдау)

а) Кедейлік пен байлыққа ақынның көзқарасы

ә) Шал ақын жақсы адам, жаман адам ұғымдарын өлеңдерінде қалай көрсеткен?

Бекіту

Сұрақтар арқылы сабақты бекіту

  1. Шал ақын қай жылы , қай жерде дүниеге келген?

  2. Шал ақынның өмір жолы қысқаша

  3. Шал ақын өлеңдерінің тақырыбы

  4. Шал ақынның толғаулары

  5. Шал ақынның «Бұл дүниенің мысалы» өлеңінің мағынасы

  6. Шал ақынның «Кедейлік туралы» өлеңінің мағынасы

Қорытынды

Рефлексия «Бүгінгі сабақтан...» оқушылар қорытындылайды. Сабақ аяқталды, белсене араласқандарыңа рақмет! Сау болыңдар!

Үйге тапсырма

Шал ақын өмірі мен шығармашылығы, «Кедей туралы» өлеңін жаттап келу

Бағалау



 

Курс повышения квалификации

Охрана труда





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
1170
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі