Қарымсақ орта мектебі
КММ

Тақырыбы: «Салауаттану –
болашағынды сәулелендіру»
Дайындаған:
Тәрбие сағаты: «Салауаттану
– болашағыңды сәулелендіру»
Сабақтың
мақсаты:
-
Оқушыларды салауатты өмір
салтын ұстануға тәрбиелеу.
-
Оқушылардың дұрыс тамақтану
ережесін, тамақтану мәдениетін сақтауға, денсаулыққа қауіпті
әдеттерден аулақ болуға үйрету.
-
Жеке бас гигиенасы мен
қоғамдық гигиена туралы ұғымдарын
кеңейту.
Сабақтың
түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың
көрнекілігі: газет, журнал материалдары, түрлі-түсті суреттер,қанатты
сөздер жазылған кестелер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Сергіту сәті
Оқытушы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біздің бүгінгі
сабағымыз денсаулық тақырыбына арналады. Әр адам өз денсаулығын
сақтап, оны күте білуі керек. Бүгін біз «Денсаулық» деп аталатын
тамаша елге саяхатқа аттанамыз.
Оқытушы:
-
Денің сау болу үшін не
қажет?
-
Таза ауа,дене
шынықтыру,тамақ,тазалық.
Денсаулық – ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Оқушы: Денсаулық – ол
күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің
ауырмай.
Оқушы: Басты байлық
–денсаулық,
Бабаң айтқан даналық
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Оқушы: Ол үшін көп
қозғалып,
Таза ауада көбірек.
Спортты да қолға
алып,
Тамақтанған төрт
рет.
Оқушы: Балалар барлық мүшесі
сау,
Жүрсе жылдар
бойында.
Баяндалған осынау,
Ережелер бойында.
Оқытушы: І.Біздің алғашқы бөліміміз – «Гигиена» деп
аталады.
Оқушы: Қолыңды сабындап жу, қисаймай,түзу отыр,
қасықты оң қолыңмен ұста, тамақ ішіп отырып
сөйлеме,күлме,кітап,газат оқыма.
Оқушы: Шамадан тыс тойып тамақ ішпе, нанды үзіп
же, тамақтан соң,аузыңды шай,қолыңды жу.
ІІ. Келесі бөліміміз – «Қоғамдық ортадағы
гигиена».
1-оқиға. Бір топ оқушылар автобус
тосып тұр. Ал біреуі қайта-қайта түкіре береді. Оның қылығы ортаға
қалай әсер етеді?
Жауап: Басқа адамдар оның түкіргенінен
жиіркенеді,ал түкіріктен ауру жұғуы мүмкін. Мәдениетсіздікті
көрсетеді.
2-оқиға: Сыныптағы бір оқушының үнемі шашы өсіп,
тырнағы алынбай, киімі үтіктелмей жүреді. Бұл оқушы қылығы ортаға
қалай әсер етеді?
Жауап: Өзін-өзі күтпейтін, жеке гигиеналық
ережелерді сақтамайтын салақ бала деуге болады. Өзінің түрі өте
нашар көрінеді.
3-оқиға: Бір оқушы сабаққа кешігіп келді де, есікті
қақпай сыныпқа кіріп тұра берді. Оның бұл қылығы туралы не айтар
едіңіздер?
Жауап: Үлкенді сыйламайтын,күн тәртібін орындай
білмейтін оқушы деп ойлаймын.
4- оқиға: Көшеде бір топ оқушы қатты сөйлеп,күлісіп
кетіп барады. Олардың бұл қылықтары қоғамдық мәдениетке жата
ма?
Жауап: Олардың бұл қылығы қоғамдық мәдениетке
жатпайды.
Хормен: Қабақ түйсең саған ешкім
қарамас,
Жылы сөйлеп,барлығымен
амандас.
ІІІ. Келесі бөліміміз – «Дұрыс
тамақтану» деп аталады.
«Қажетті,қажетсіз
тағам» ойыны.
1
оқушы ортаға шығып тағамдардың атын атап тұрады, оқушылар керекті
тағам аталғанда «қажет» дейді, ал қажетсіз болғанда үндемей тұрып
қалады. Мысалы: картоп,сәбіз,темекі,сағыз,балмұздақ,пияз,
т.б.
Оқушы: Ас-адамның арқауы,
Аспен күш артады.
Тағам іш жағымды,
Тазартар жаныңды.
Оқытушы: Біздің таңертеңгі асымыз дәрумендері
жағынан өте жоғары және күшті болуы керек, ал түскі аста қою
тағам,сусын, тәтті нан жеу керек болса, кешкі асқа жеңіл тамақ
дұрыс.
Оқушы: Тұр асқа бата
беріп,
Ас же,іш бойға сіңіріп.
Ас ішсең толасың,
Аман сау
боласың.
(асқа бата беру)
ІV. Келесі бөліміміз – «Жұмбақтай атай
жұмбақтары,мақалдары»
Оқушы: Тісі саудың – іші
сау.
Оқушы: Аурудың бәрі жүрекке
тиеді.
Ескі ауруды емдеу қиын.
Оқушы: «Тәтті ұйқы,қатты күлкі – денсаулық
кілті»
Саулықты сатып ала
алмайсың.
Оқушы: Дені саудың – жаны
сау.
Денің сау болсын десең – спортпен
шұғылдан!
Соғады күні-түні алмай
тыным,
Құлайды ол тоқтаса таудай тілің.
(жүрек)
«Таэквандо» жаттығуларынан
көрініс.
-
Келесі бөліміміз – «Табиғат сыйы сыр ашады» деп
аталады. Бұл аялдамада біздер денсаулыққа пайдалы дәрілік
өсімдіктер,пайдалы сусындар, олардың емдік қасиеттері туралы ой
бөлісейік.
Ән:
«Құнарлы жемістер»
Пияз,сарымсақ – тамаққа ерекше дәм береді. Жұқпалы
аурулардың микробын өлтіреді. Сарымсақ пен жуаны өкпеге салқын
тигенде,жөтелгенде емге қолданады.
Қауын – құрамында қант көп. Ол бүйрек,асқазан
ауруларына ем. Беттегі безеуді,секпілді кетіреді. Ағзадан зиянды
заттарды қуады. Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салсаң, ет
жұмсақ болады.
Оқушылар сүт тағамдарының пайдасы жөнінде өздері
ізденіп, баяндап береді.
Хор: « Дос болайық бәріміз
»