400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салауаттану. Тиімді тамақтану

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары оқушының қызығушылығына байланысты таңдау курсы бойынша жазылған. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: салауаттану № 17 Мектеп: Ж.Құдайбергенов атындағы ОМ

Күні: 15.01. 2019 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Скабылова Г.Н.

Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тиімді тамақтану

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға тиімді тамақтанудың адамның денсаулығын сақтаудың кепілі екенін ұғындыру, дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту; оқушылардың ой — өрісін дамытып, дүниетанымын кеңейту

Құндылықтарды дарыту

Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау, оқушыларды тиімді тамақтануға, тазалыққа, денсаулықты күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға баулу

Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Оқушылар балабақшадағы және күнделікті өмір тәжірибесіне сүйенеді.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дерексөздер/

Ресурстар

Сабақтың басы

(6 минут)

Психологиялық дайындық (2 минут)

«Иық тірескен шеңбер» әдісі

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, қолдарын бiр-бiрiнiң иықтарына қойып, екі жаққа қозғалады.

Әр оқушы қасында тұрған оқушының иығының қолдауын сезгенін айтады.

– Әрқайсысымыз достарымыздың сенiмдi иығын сезiндiк. Ұжымда, топта әрбiр адамға достары осылай сүйеу, қуат болады, бiрiн-бiрi жақсы көредi.


2.«Мозаика» әдісі (3 минут)

Әрбір топ суреттің қиындыларын құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын шығарып алады.


3.Сабақ тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру

(1 минут)












Сурет қиындылары



Презентация

Сабақтың ортасы

26 минут

1.«Кіріспе сұрақ» әдісі (4 минут)

1-топ. Не үшін тамақтану керек?

2-топ. Тиімді тамақтанудың пайдасы қандай?

3-топ. Күніне неше рет тамақтану керек?

(Оқушы жауабын толықтыру)

Күтілетін жауаптар: Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы: 8.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көкөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.


2. «Аспаз болып көр» ойыны (топтық жұмыс) (8 минут)

1-топ таңғы ас мәзірін, 2-топ түскі ас мәзірін, 3-топ кешкі ас мәзірін дайындайды және өз жұмыстарын қорғайды


3.Бейнеролик «Дұрыс тамақтану. Пайдалы кеңес» (2мин 30с)



4. «Түймедақ» әдісі (топтық жұмыс; оқушы жауаптарын түймедақтың күлтелеріне жазады).

Тиімді тамақтанудың ережелерін құрастырады (6 минут).


5.Бейнеролик «Қазақтың ұлттық тағамдары» (2 минут 50 с)



6.«Елестету көрінісі» әдісі Дәптермен жұмыс (жеке оқушымен жұмыс ) (3 минут)

Денсаулыққа пайдалы тағам түрлерінің суретін салу


Сұрақ жазылған парақша






Презентация








Ватман, маркер




https://www.youtube.com/watch?v=gkkd1w1GSeY


Гүл күлтелері, ватман, желім



http://www.youtube.com/ watch?v=nZH30H-gq-I

Сабақтың соңы

(8 минут)

1.Қорытынды сөз.

Слайдпен жұмыс (3 минут). Пайдалы тағам. Тамақтану пирамидасын көрсету; суретте көрсетілген барлық топтарды және жеке азық-түліктерді атап шығу; олардың қайсыларын көп және жиі қабылдау керектігін ойлануларын ұсыну (Дәнді дақылдар, макарон өнімдері, ботқалар.) Олар пирамиданың қай жерінде орналасқан? Жоғарыда не орналасқан? (Май.) Оны жеуге бола ма? (Иә, бірақ көп мөлшерде емес.) Оқушылар пирамидада “күнделікті тағамға пайдалануға қажет азық-түлік топтары көрсетілген” деген қорытындыға келулері тиіс. Пирамиданың төбесіне жақын орналасқан азық-түліктерді аз мөлшерде пайдалану керек.


2.Кері байланыс (3 минут)

«Не артық?» ойыны

Суреттер беріледі. Сол суреттердің ішінен артығын қызыл түспен қоршайды және неліктен артық екенін түсіндіреді.


3.Рефлексия (2 минут)

«Көңіл күй бекеті» әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды.



Презентация
















Суреттер топтамасы



Үш түсті (жасыл, сары, қызыл) стикер, гүл салатын құмыраның суреті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1027
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі