400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Салауатты балдырған» интеллектуалдық-эстафеталық ойындар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Интеллектуалдық эстафеталық сайысы. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін осы спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызға Мейрамгүл Құмарқызы және Айзада Жеделбайқызы бастаған Тұлпар мен Сұңқар атты 2топ қатысады. Сайыс VI-кезеңнен тұрады. Сайысымызды салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастадық. Ең соныңда марапаттау рәсімімен аяқтадық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Салауатты балдырған» интеллектуалдық-эстафеталық ойындар сайысы

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме! «Салауатты балдырған» интеллектуалдық эстафеталық сайысына.Қош келдіңіздер!

Уа халқым назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сау да,

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.

Жүргізуші: Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Салауатты балдырған» атты спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз.

Сайысымызға Мейрамгүл Құмарқызы және Айзада Жеделбайқызы бастаған 2топ қатысқалы отыр.

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Тұлпар мен Сұңқар тобын шақырамыз.

Жүргізуші: Сайыс VI-кезеңнен тұрады. Әділ қазыларымызбен таныс болыңыздар.

Балабақша меңгерушісі- Ғизатуллина Алма Жұмабайқызы

Балабақша әдіскері: Ибраймова Алтынгүл Ұзақбайқызы

Балабақша медбикесі: Оразбай Көркем Бауыржанқызы

Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып,сайысымызды салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастаймыз.

Жүргізуші: I- кезең – «Таныстыру»

Шарты: Әр топ өздерінің топтарының атымен, ұранымен таныстыру.


II- кезең – «Менің жалаушам»

Шарты – Кедергілер арасымен өте отырып мәреге барып, өз тобының түсіне сай жалаушаны алып кері қайту.


III- кезең – «Досыңды киіндір»

Шарты – Үлкен доптың үстіне отырып, кедергілер арасымен секіріп өтіп мәреге барып досын киіндіру. 1ойыншы 1киім кигізеді.


IV- кезең – «Жануарларды тамақтандыр»

Шарты - Доғалар астымен еңбектеп өтіп, шеңберлерден секіріп мәреге барып Маймыл мен Қоянды, Ит пен Мысықты тамақтандыру.


V- кезең – «Шар жинау»

Шарты – Қапшықпен секіріп мәреге барып, үрілген шарды ауыздарына тістеп, кері қапшықпен секіріп қайту


VI-кезең: - «Қырықаяқ»

Шарты: Ойыншылар паравоз тәрізді тіркесе отырып, кедергілер арасымен мәреге барып, екі топ қырықаяқтары арқан тартысып, кері орындарына қайту.

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

Жүргізуші: Әділ қазы алқасы сіздерге сөз беріледі( Марапаттау рәсімі)

Алтын уақыттарыңызды қиып «Салауатты балдырған» интеллектуалдық сайысымызға қатысқандарыңыз үшін балаларға алғысымыз шексіз. Жақсылықта,амандықта жүздескенше. Сау саламатта болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі