жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Салауатты өмір - жарқын болашақ» (тәрбие сағаты)
«Салауатты өмір - жарқын болашақ» (тәрбие сағаты)
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру)
Тренинг: "Сәлем – сөздің анасы"
Ал, балалар жаңа сабақты бастамас бұрын орындарымыздан тұрып бір - бірімізбен амандасып алайық. Яғни дүниежүзіндегі сан алуан ұлт өкілдері бір-бірімен қалай амандасады екен?
Мысалы, қазақ елі ( қол алып амандасады; Орыс халқы; Ағылшын халқы; Жапон халқы (қолын алдымен беліне , одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады); Ауған халқы (қолын маңдайына тигізіп иіліп сәлем береді), Латын америкасы (бір-бірімен құшақтасып сәлемдеседі),Үнді халқы(екі қолын кеуде тұсына апарып, иіледі)
-Енді, балалар үш топқа
бөлінеміз.
1. Топ оқушыларын мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
1- топ «Дені саудың – жаны
сау.»
2- топ «Тазалық – саулық негізі, саулық байлық
негізі»
3- топ "Денсаулық- зор байлық"
Тақырыпты ашу: видео көрсетіледі.
II. Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір - жарқын болашақ.
III. Сабақтың
мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын
кеңейту, жаман әдеттерден сақтандыру.
ә) тәрбиілігі: Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
б) дамытушылығы: Оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
IV. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, видероликтер,т.б
Кіріспе сөз.
Мұғалім:
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп,
азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу
қажеттілігін атап айтқан. «Қазақстан - 2030»
бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін
негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.
1 - бағыт - «темекі шегуді тоқтату»
2 - бағыт - «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
3 - бағыт - «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
Осы үш бағытты ұстанған жағдайда салауатты өмір
қалыптасады.
Ендеше, денсаулықты сақтау өз
қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан
басталады екен.Денсаулық - біздің емес,
мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық.Денсаулық өмірдің
басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузындағы «Ауру
патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған.
Зиянды әдеттер: темекі тарту (шылымқор), ішімдік ішу (маскүнемдік),
улы заттарды иіскеу(токсикомания), есірткі тарту(наркомания). Бұл
әдеттердің барлығы да адам өміріне өте зиян келтіреді. Бұл заттар
организмді біртіндеп улайды. Темекіні алғаш ұстағанда, темекіні
тартқанда адам жөтеледі, түтін шығады, қақалады. Ағзамызды
қинаймыз. Темекіні жас кезінен тартқан бала ұмытшақ, беті сарғыш
тартады, тісі сарғаяды, ұрысқақ, ашуланшақ болады. Дауысы өзгереді,
ойлау қабілеті төмендейді, темекі қатерлі ісік, асқазан жарасы, қан
тамырларының тарылуы сияқты ауруларға әкеп соқтырады. Темекі ауыз
қуысы, жұтқыншақ, өңеш ауруларынан болатын жаман ауруға өкпенің
қатерлі ісігіне шалдықтырады. Жағымсыз әдеттердің
бірі маскүнемдік. Емделуі қиын ұзаққа
созылатын ауру. Ішімдік ми, асқазан, жүрек, бауыр, бүйрек ауруы
және жүйке жолы ауруларына шалдықтырады.
Есірткі заттарды, токсикомания яғни, уландырғыш заттарды пайдаланудан бас жиі ауырады, ми зақымданады, құсқысы келеді, бойы өспейді, әр түрлі ауруларға шалдығады.
Ал, балалар осы естіген
ақпараттардан қандай шешім қабылдауға болады?
1. Бұл аурулардан қалай сақтануға болады?
2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
3. Жаман әдетке үйір болмай өмір сүру мүмкін бе?
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Топпен жұмыс:
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді үш топ боп сайысып, ортаға саламыз.
І
топ Постер құру. Салауатты өмірді
суреттеу
ІІ
топ Ортаға пайдалы және зиянды
заттарды қойып, оқушылардың пікірін
тыңдау.
ІІІ
топ «Кеш
қалмаңыз» бағдарламасы
V. Сергіту сәті (интерактивті тақтадан қаңқа адам билейді. Оқушылар қимылын қайталайды.)
VІ. Қорытынды
"Еркін хат"
Мұғалім: Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер. «Тіршіліктің негізі – салауатты, жарқын болашақ» деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
«Кеш қалмаңыз» бағдарламасы
1. Келесі бөлімінде «Кеш қалмаңыз» бағдарламасына ой-бөліскелі келіп отырған медбике Сейтжаппарова Айымға сұрақ қойғым келеді. Елімізде нашақорлықтың жылдан-жылға етек алып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес.
Сейтжаппарова Айымның ұстанымы: «Ауырмаңдар, ауырсаңдар тіркелуден қорықпаңдар».
- «Анашаның» зияны туралы айтып берсеңіз және болашақта мұндай індетке мойынсынбауға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?
- Сұрағыңыз орынды. Анашаның Қазақстанда және басқа елдерге таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы – бұдан 15 жыл бұрын адам баласы анашаны білген. ХХ-ХХІ ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде тартқан. Анашаны қолданған адам мидағы есте сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адамның тез көріксізденуі. Ағзаның дамуы тоқталады. Ешқашан, нашаға, шылымға, ішімдікке әуес болмаңдар.
- Жауабыңызға рахмет.
2. Кешіміздің келесі қонағы мектептің биология пәні мұғалімі Алмас Айнабекұлын ортаға шақырамыз.
Алмас Айнабекұлының ұстанымы: «Болашақтың қамы үшін аулақ бол жастар кеселден».
- Темекінің зияны туралы айтып берсеңіз?
- Темекінің толып жатқан зияны ішімдіктің ағзаға, жүйке-жүйесіне көптеген зиянды жақтарын біле тұра жасөспірімдердің алкоголь мен темекіге әуестігі өте жоғары. Себебі бізде балалар бір-біріне еліктеушілігі, бір-бірінен қалыспаушылық салдарынан болып отыр. Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарын улап, өкпе аурулары, қатерлі ісік аурулары, нерв ауруларына көптеп шалынады. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп.
- Жауабыңызға рахмет.
3. Осы тақырыпты аша түсу үшін мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Бақдаулет Кенжебекұлының ойбөліске шақырамыз.
Бақдаулет Кенжебекұлының ұстанымы: «Маскүнем барын сатып ішеді, болмаса арын сатып ішеді».
- Арақ пен темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратыннын біле тұра неге адамдар арақ ішіп темекіні неге шегеді деп ойлайсыз?
- Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.
- Рахмет
Мақсатымыз – салауатты өмір
сүру,
Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.
Әдеттен жаман жиреніп,
Жақсыны тек үйрену, таза жүру.
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен
аттаймыз.
Сұрақтар
1."Денсаулық - өмір негізі"
дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?
3. Сен салауатты өмір салтын ұстанасың ба?
4. Денсаулыққа зиян қандай заттарды білесің? Олардың адам өміріне
қандай зияны бар?
5. Дені сау адам қандай болады?
1.Денсаулық дегенді қалай
түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі,
денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы
өмір сүреді.Денсаулықты
сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.
Денсаулық салауатты өмір салты туралы
ғылым.
2.Денсаулықты сақтау
үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас
гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану,
дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және
ақжарқын болу.
3.Таңертеңгілік
жаттығу жасау не үшін қажет?
4. Денсаулыққа не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке
бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу
/
5. Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Ол әлуметтік
тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау
және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ
болу.
6.Біз не үшін
тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты
жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс
тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін
тамақтанамыз.
М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
Салауатты өмір - жарқын болашақ (тәрбие сағаты)
5"ә" сынып
Тәрбиеші: Нуралина С.С
2014-2015 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген