«Салауатты өмір- көтеріңкі
көңіл»
Мақсаты: Балалардың денесін шыңдап,
күш-қуатын нығайту, салауатты өмір салтын сақтау, шапшаңдыққа
ептілікке үйрету. Балалардың ойындар арқылы ой-өрісін, ойынға деген
қызығушылықтарын арттыру. Бір-біріне достық қарым-қатынас жасауға
тәрбиелеу.
(Әсем әуен ойналып балалар
залға кіреді )
Жүргізуші:
-Армысыздар құрметті әріптестер және
бүлдіршіндер.
Бүгінгі «Салауатты
өмір-көтеріңкі көңіл» денсаулық күніне қош
келдіңіздер!
Балаларды салауатты өмір
салтына баулу арқылы денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшалар
тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.
Денсаулықтың
кепілі,
Жаттығу мен
шынығу.
Әрбір жастың
үлесі,
Жастайынан
шынығу.
-Балалар, бүгінгі денсаулық
күніне Спорт жаттықтырушысы қонаққа
келеді.
Спорт
жаттықтырушысы:
-Сәлеметсіңдер ме
балалар!
-Бүгін мен сендерге спорттық
ойындарда нұсқаулық беремін. Сендердің ептіліктеріңді,
шапшаңдықтарыңды шыңдауға келдім.
-Балалар, сендер балабақшада
жаттығулар жасап, ойындар ойнайсыңдар ма?
Жүргізуші: -Біз балабақшада күн
тәртібімен жүреміз. Таңертеңгі жаттығу жасаймыз, таза ауада
серуендеп, қимылды ойындар ойнаймыз, ұйқыдан кейін ұйқыашар
жаттығуларын жасаймыз. Біздің балабақшамыз балаларға қатты ұнайды,
солай ма, балалар?
-Олай болса, денсаулық күнін
көңілді әнмен бастайық.
Ән:
«Бақшада»
Күтпеген
сәт: (дыбыс
шығады)
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Орманда дәрігер Айболит аңдарға денсаулық күнін ұйымдастырып жатыр,
қатысам деушілерді шақырамыз»
Спорт
жаттықтырушысы:
-Ой балалар, дәрігер Айболитте
біз сияқты ормандағы аңдарға денсаулық күнін ұйымдастырып жатыр
екен.
Аю:
-Ой, зорға жеттім ғой.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Мен дәрігер Айболиттен қашып
кеттім, ол бізге денсаулық күнін өткіземін деп хабарлап жатыр.
Менің ойымша ол бізді алдап шақырып алып екпе салмақшы. Мен екпеден
қорқам.
Спорт
жаттықтырушысы:
-Жоқ аю сен қателесесің,
денсаулық күні дегені ол спорттық іс-шара, ол кезде спорттық
жаттығулар мен ойындар өткізеді, дәрігер Айболит екпе
салмайды.
Аю: -Е, мен екпе салады деп
ойласам, спорттық жаттығуларды мен де жасай аламын көрсетейін бе?
(Аю жаттығу жасайды)
Жүргізуші:
-Балалар, аю секіре алмайды
екен.
-Қане аюға бәріміз қалай
секіру керек екенін көрсетейік.
Ойын: «Дөңгелектерден
секіру»
Шарты: Берілген дөңгелектерден
шығып кетпей секіру.
Білім беру
саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу
қызыметі: Дене
шынықтыру.
Тақырыбы: «Бала денсаулығын нығайтуда
жалпы дамыту жаттығулары»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың денесін шыңдап,
күш-қуатын нығайту, салауатты өмір салтын сақтау, шапшаңдыққа
ептілікке үйрету. Балалардың ойындар арқылы ой-өрісін, ойынға деген
қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық:
Балалардың денесін шыңдап,
қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Бір-біріне достық
қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:Көрсету,
түсіндіру.
Қажетті
құрал-жабдықтар:
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
қызметі
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушы күш
Іздену
ұйымдастырушы
Рефлексивті
түзетушілік
|
Музыка әуенімен
балалар залға кіреді.
Бір қатарға сапқа
тұрады.
-Балалар
көңіл-күйлерің қалай?
-Ендеше жақсы көңіл
күймен оқу қызметімізді
бастайық.
Күтпеген сәт: Барыс
сөйлейді.
Сәлеметсіңдер ме,
балалар. Маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Мен аздап
суықтап ауырып қалдым. Енді жазылу үшін жаттығу жасап, біраз
кедергілерден өту керек. Сол үшін сендердің көмектерің
керек.
Тәрбиеші:Балалар біз
барысқа көмектесеміз ба?
-Ия
-Балалар барыс қайда
өмір сүреді.
-Орманда.
-Ендеше барысқа
көмектесу үшін орманға
барайық.
Әуенмен жаттығу
жасау арқылы орманға барады.
Шаттық
шеңбер
Біз қандаймыз
қандаймыз
Шұғылалы
таңдаймыз
Денемізді
сергітіп
Жаттығуды
бастаймыз.
Бір -бірінің артынан
жүру.Тізені көтеріп жүру. Жыланша
жүру.
Өкшемен
жүру
Аяқ ұшымен
жүру.
«Аю жүрісі» аяқтың
сыртқы жағымен
.
«Қоян сияқты секіру» екі аяқты
қосып бірге секіру.
Баяу жүгіріс. Тізені жоғары
көтеріп жүру. Тез
жүгіру
Демдерін
басу
Балалар біз орманға келдік.
Енді барыстың тапсырмаларын
орындайық.
Жалпы дамыту
жаттығулары
Б.қ: өкшені түйістіріп тұру, қол
белде. Қолды жанына көтеру, жоғары, бастың үстінен алақанмен
шапалақтау, қолды жанына, бастапқы қалыпқа қайту (5-6рет). Б.қ:
қолды дене тұсына қойып тұру. Отыру, қолды алға созып, алақанмен
шапалақтау (5-6рет).
Б.қ:аяқ сәл алшақтатылған, қол
бастан асырылған. Оңға,солға еңкею, аяқты алақанмен ұру, бастапқы
қалыпқа қайту (әр жаққа
3реттен).
Б.қ:аяқты алшақтатып отыру,
қол арқа тұсында. Қолды жанына алып бару, еңкею, қолдың ұшымен
аяқтың ұшына тию (оң және сол), қолды жанына алып бару, бастапқы
қалыпқа қайту,(5-6
рет)
Б.қ: аяқты түзу ұстап, отыру,
қол артқы жаққа тіреулі. Оң, сол түзу аяқты жоғары көтеру, түсіріп,
бастапқы қалыпқа
қайту,
(5-6
рет)
Барыс: Бәрекелді
балалар сендердің көмектеріңнің арқасында мен жазылып қалдым. Енді
балалар денелеріңді қыздырып қимылды ойындар
ойнаңдар.
Қимылды
ойындар:
1. Шеңбер ішінен
жүру
2.Шелек үстімен
жүру
3.Барысты
жүгірту
4.Кедергі арасынан
өту
5.Аяқпен шариктерді
жинау.
6.Жердегі
қақпақтарды, аяқтың саусағымен
жинау.
Барыс: Жарайсыңдар
балалар сендерге көп көп рахмет. Барлық кедергілерден мүлтіксіз
өтіп, бар жаттығуларды жасап, қимылды ойындарды керемет ойнадыңдар.
Енді менде жата берми сендер секілді үнемі жаттығу жасап жүремін
сонда еш ауырмайтын боламын. Сау
болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар
енді жай жүгіріспен бақшамызға
қайтамыз.
Демді
шығару.
Сурақ
жауап
|
Жақсы
Ия
|
Күтілетін
нәтиже:
Қайталай
алады: .
Түсінеді
Қолданады: