жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Салауатты өмір- көтеріңкі көніл
Тақырыбы:Салауатты өмір- көтеріңкі көніл
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушыларға өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін ұғындыру.
Өзін- өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын, мақал-мәтел, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар, гүлдер.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Шаттық шеңбер:
Өзімді- өзім жақтаймын,
Денсаулықты сақтаймын.
Жүректен жылы соншама,
Тілейміз саулық баршаға!
Олай болса, ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Салауатты өмір- көтеріңкі көңіл» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын. Мен сөзімді:Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажетттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулық сақтау өз қолымызда.
Денсаулық дегеніміз не?Адам өмірінде ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулық сақтап оны нығайтуға әрбір адамның өзіне ғана байланысты.
Денсаулыққа байланысты мақал- мәтел білеміз ба?
Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындауымыз керек?
Жеке бас гигиенасын сақтау, күн тәртібін орындау, дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану.
Жеке бас тазалығының ережелері:
-Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмені желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
-Ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
-Тамақ ішер алдында, ойнағаннан кейін , әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;
-Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;
-Түшкіргенде немесе жөтелгенде мұрның мен аузыңды беторамалмен жауып, теріс айналып түшкір;
-Шашыңды дұрыстап күт; уақытылы тара. Буып немесе өріп қой.
-Киімің таза және үтіктелген болсын. Ұқыпты да жарасымды киін.
-Үйден шығарда сырт бейнеңді, айнаға қара.Түзетуге үйрен.
-Аяқ киіміңді тазалауға уақыт бөл.
-Оқу құралдарды таза ұстау керек.
-Киімдерімізді ілгішке ілу керек.
Денсаулықтың негізі дұрыс тамақтану ережелері:
-Қолыңды сабындап жу.
-Қисаймай түзу отыр.
-Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап оқыма.
-Шамадан тыс тойып ішпе.
Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.
Тері тазалығы. Күнде сабынмен суға түсіп тұру керек.
Шаш пен тырнақ күтімі.
Шашты аптасына 1-2 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.
Қолдың тырнақтарын аптасына 1-рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын 2- аптадан алу керек.
Дұрыс тамақтану. Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз. Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері- дәрумендер. Оларды жеміс-жидектермен көкөністерден және сүт , шұбат, айраннан аламыз.
Қазақтың туын көкке көтерген қандай спортшыларды білесіңдер?
Серік Сәпиев, Шәміл Серіков, Әділбек Ниязымбетов, Ольга Рипакова, Илья Ильин
Өскенде қандай мамандық иесі боласыңдар?
Тазалыққа , денсаулыққа байланысты тақпақтарға кезек берейік.
1.Шынықсаң шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
Денсаулық-5, сабақ-5,
Деп рапорт береміз.
2.Суық қардан онша қорқа қоймайсың,
Шынығасың таза ауада ойнайсың.
Осы кезде спорпен шұғылданып,
Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.
3. Спорт біздің досымыз,
Күш қайрат сыналған .
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған.
4. Денсаулық ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
5.Денсаулық ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан ,
Барлық жүйке жүйесі.
6. Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық.
Өз өмірің, өз қолыңда, ей, балалар,
Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.
7.Біз өмірді таңдаймыз,
Біз өмірді қолдаймыз.
Әрқашан бар ынтамен,
Салауатты қолдаймыз.
Көрініс: Байлық пен ақыл
Ойын: «Жалғасын тап» ойыны мақал- мәтелдердің жалғасын табу
1.Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды
2. Сәтін салған ауруға,
Не болса, сол ем болады
3.Ауырып ем іздегенше ,
Ауырмайтын жол ізде
4. Ауру желмен келіп, термен шығады
5.Аман болса, бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым
6.Азған денеге ауру үйір
7. Ұйқы тынықтырады,
Жұмыс шынықтырады
8. Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қаңқу жаман
9.Денсаулықтың қадірін, ауырғанда білерсің
10.Ауру батпаңдап кіріп,
Мысқылддап шығады
Сегіту сәті «Көңілді күн»
«Ой ашар» сұрақ-жауап
Біздер қай жерде тұрамыз?
Бейнеуде ауруханалар бар ма?
Бейнеу ауданында жастар денсаулық орталығы бар. Басшысы: Сұлтанова Айгерім
ЖДО-салауатты өмір салтын қалаптастыру орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Жас өспірімдер мен жастарға емдеу профилактикалық көмек көрсетеді.
Көрініс:Қоян мен қасқыр
Ән: Халық әні Қалаулым
Дидактикалық ойын: «Егер де, ..... –не болар еді?»
Егер де күн болмаса, не болар еді?
-Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.
Егер де су болмаса, не болар еді?
-Шөлдейміз, шөптер құрғайды.
Егер де ауа болмаса, не болар еді?
Дем ала алмаймыз.
Ендеше бізге күн, ауа, су өте қажет екен.
-Балалар, дүниеде ең басты байлық не екен?
Денсаулық
Қорытынды
1.Тіс тазартатын құралдарды ата. (Щётка, паста)
2.Ол судан қорқады, одан кір қорқады.(Сабын)
3.Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ. (Дене тәрбиесі)
4.Жалқаубектің досы не? ( Еріншектік, ұйқы)
5.Адам өміріне не қажет? (Ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
6.Тазалық кепілі не? (Денсаулық)
Ән: Жалқаубек
Жүректен жүрекке деп бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтамыз.
Қатысқандарыңызға рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген