Материалдар / Салауатты өмір салты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салауатты өмір салты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

КММ «Алқатерек орта мектебі»















Тәрбие сағаты:«Салауатты өмір салты



















Әлеуметтік педагог:Ташимова Нұргүл Төлегенқызы





Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты».
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Білімділігі: жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету. Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын дамыту.
Тәрбиелігі: тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі: диаграмма, тірек-сызба, суреттер, буклет, нақылсөздер, кітап көрмесі.
Әдісі: баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Қазақстан Республикасының әнұранымен ашу.
Кіріспе сөз: Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
    Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартьгп жатыр.
    Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
    Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
    Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
    Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу.
    Ал зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері.
    Негізгі бөлім:
    Қазақ елі сонау кеңес үкіметі тұсындағы «шаш ал десе бас алатын» саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын-сүргін, соғыс, жер мен елді тоздырған тың көтеру, экология апаты, желтоқсан зардабы тағы да басқаларын басынан кешірді. Осы апаттардан да қауіпті, адамды, сананы, есті жаулаған қасірет тым ауыр да азалы.
    Қазақ халқының сөз байлығында «арақ» деген сөз болған емес. Олар қымыз бен шұбат ішкен. Сонда да әдемі тойлы ауыл, алтыбақан, жарасымды жастар әні, ойын түрлері мәнімен орын алған.
    Көрініс. «Қымыз бен арақтың айтысуы»
Ал нашақорлық неден басталады?
Сана-сезімі уланған, өзін, отбасын, туғанын ұмытқан, жауапкершілікті сезінбейтін ақыл-естен айырылған жан нашақор деп аталады. Дозаны қабылдамаған жағдайда қабағы қатулы жан есірткіні қолданғаннан кейін жайдарлы, көңілді болып шыға келеді. Көп өрімдей жастар осы аурумен ауырып, өмірден өтуде, азып кетуде, енді біреулері кеш түсініп бармағын тістеуде.
Көрініс: «Нашақордың мұңы»
Біздің бүгінгі оқушылар енді бірер жылда ертеңгі үлкен маман иелері, жарқын болашақты сеніммен құратын жастар. Сөз кезегін салауатты өмірді насихаттайтын маман иелеріне берейік.
Эколог:
Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.
Демограф:
Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.
Психолог:
Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.
Тарихшы:
Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салудан нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914 жылы Ресейде, 1917 жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өндіруге тыйым салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату баюдың бір жолына айналды.
Дәрігер:
    Шылым шегу - зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді.
    Алкоголъ - адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді.
    СПИД қанның кұрамындағы иммунитетке жауап беретін түйіршіктерді өлтіреді, сол жерде көбейеді. СПИД-пен ауырған адам пневмония, менингит ауруларына шалдығады. Нашақор көп есінейді, көзінен жас ағады, терлейді, тәбеті төмендейді, денесі қалшылдап, ұйқысыздық басып, салмағын жоғалтады.
Бәрі бірге:
Бүгініміз бар жарқын,
Ертеңіміз бар айқын,
Асырайық бірге
Салауаттылықтың даңқын.
Ән: «Өз елім»
    Біз өз білімімізді әркез шыңдап, өскелең шақта кандай да жағдайда әлемдегі окиғаларды, жаңалықтарды біліп, естіп жүруіміз керек. Сендердің назарларыңа «Сен білесің бе?» айдарын ұсынамын.
1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі.
2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.
3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады.
4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады.
5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар.
6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де - есірткінін бір түрі.
7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион.
8. Қалаларда  есірткінің  құрбаны болған  7-8 жастағы балалар тіркелуде.
    Қорытынды бөлім: «Ойқозғау»
1. Қоғамда «Мемлекет қазынасына миллиондаған пайда түсіреді, зияндылардың денсаулыққа пайдасы бар» деген кереғар пікірлер бар? Соған дәлелдеме қандай?
2. Қазір  арақ, темекі баспасөз бетінде, теледидарда жарнамадан түспейді? Оның орнына ауыл, қала көшелеріне не ілуге болады? Көзқарасың қандай:
3.   Салауаттылық салтын болашақ өмірде қалай ұстанасың?
    Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.               

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!