400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Салауатты өмір салты -өмірге жарқын жол!" сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс денсаулыққа байланысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Салауатты өмір –жарқын болашақ


Мақсаты:
Оқушыларды спортқа бейімдеу, қызығушылықтарын арттыру,

денсаулықтарын шыңдау; Салауатты өмір салтын насихаттау;
Түрі: спорттық жарыс
Өткізілетін орын: мектептің спорт алаңы
Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сапқа тұрғызу. Қазақстан Республикасы Гимнін орындау


Негізгі бөлім

1-жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар .

2-жүргізуші: «Келешектің кілті –бүгінгі шәкірттердің қолында» депЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ өздерің. Дұрыс тәрбие, сапалы білім алу үшін, еліне адал қызмет ету үшін әрбір жеткіншек салауатты өмір салтын ұстанып,өз денсаулығын шыңдай білуі керек. Ендеше осы мақсатымызға жету үшін Тәуелсіз елдің жас ұланы білімді,салауатты болып үйренбекке ұмтылған талаптарыңа қолдау білдіріп, жүрегі «елім деп соққан» сендерге алдағы өмірде сәттілік тілейміз!

1-жүргізуші:

Бүгінгі апталықтың ашылуына орай өткізгелі отырған «Салауатты өмір –жарқын болашақ » атты спорттық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


2-жүргізуші:

Таза ауа, спорт болсын дәріміз, Еңбек етіп келгенінше әліміз. «Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып, Сайысқа аттанайық бәріміз!

1-жүргізуші:

Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер. Әділ қазы алқасы, Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Әділқазылар таныстырылады


Олай болса,  ортаға сайысқа түсетін «Жалын», «Шымыр», «Қыран» топтарын қошеметпен шақырамыз

2-жүргізуші:

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі :

  1. «Өз тобыңды таныстыр»

  2. «Теннис»

  3. «Кенгуру»

  4. «Асық ату»

  5. «Кім жылдам?»

  6. «Мергендер»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

1-жүргізуші:

Шынықсаң шымыр боласың,Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Жеңімпаз болу оңай ма, Арман болған талайға Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Бірінші кезең «Өз тобыңды таныстыр»

«Жалын» тобы

Топтың ұраны: Жалындаймыз, жанамыз,Біз спортшы боламыз!

«Шымыр» тобы

Топтың ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз,Спорт сүйер өренбіз!

«Қыран» тобы

Топтың ұраны: Біз биіктен самғаймыз,Қарсыластан қалмаймыз.

Әділ-қазыларға сөз береміз!

2-жүргізуші:

Ойнайық, та ойлайық!

Қатардан артта қалмайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты текке созбайық.

Олай болса, екінші турымызға өтеміз.

2-тур: «Теннис»

Ойынның шарты: Топ мүшелері кезектесе кедергі арасымен бадминтон қалағы арқылы кіші допты жерге түсірмей алып жүру.

Әділ-қазыларға сөз береміз!

3-тур: «Кенгуру»

Ойынның шарты: Топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып  кедергі арасымен айнала секіре өтіп, белгіленген  жерден кері айналып қайту.

Әділ-қазыларға сөз береміз!

4-тур: «Асық ату»

Ойынның шарты: Топ мүшелері кезектесе тізілген асықтарды атады, асық саны бойынша ұпай есептеледі.

Әділ-қазыларға сөз береміз!

5-тур: «Кім жылдам?»

Ойынның шарты: Топ мүшелері кезектесіп самокадпен белгіленген  жерден кері айналып қайтып командаласына самокадты береді, ол әрі қарай жалғастырады.Қай топ жылдам әрі дұрыс аяқтаса сол жоғары ұпай иеленеді.

Әділ-қазыларға сөз береміз!

6-тур: «Мергендер»

Ойынның шарты: Үрленген шарларды көздеп ату. Жарған шарларының саны бойынша ұпай есептеледі.

Әділ-қазыларға сөз береміз!


Қорытынды бөлім

1-жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады, —

демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

Жеңімпаздарды марапаттау.

2-жүргізуші:

Құрметті, балалар!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан  астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жүздеріңіз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Салауатты өмір-жарқын болашақ» жарысын,

Осымен аяқтаймыз!

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!

Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.02.2019
824
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі