15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ " сабақ жоспары 10 сынып
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Бекітілді: ________ оқу ісінің меңгерушісі
Мектеп Қаракөл орта мектебі
Тақырыбы: Салауатты өмір салты
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: салауатты өмір сүру, денсаулықты сақтау, жеке бас гигиенасы
Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна
Сыныбы: 10а
Оқушы саны 13
|
Мақсаты: Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Міндеттері: Салауатты өмір салтының мәнін түсіндіру; Зиянды заттарды қолданудың алдын алу; Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. |
Ресурстар (құралдар, мәліметтер) «Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, ақ қағаз, маркер |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым. |
|
|
Үй тапсырмасын тексеру В.Ягодинскийдің мәтіні
|
|
|
Дәйексөз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» Мақал |
|
|
Мұғалім сыйы
Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің
елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы
керек? |
|
|
Шығармашылық жұмыс Тапсырма
|
|
|
Топпен ән айту. Құстар қайтып келе жатыр сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі Көктемді қондырып қанатына, Құс қайтып келеді Алматыма. Ән толды аспанға, Құс қонды жас талға. Бақыт кеп қол алғандай. Құстарды мен тостым, Айғайлап ән қостым, Арманым оралғандай. Қайырмасы: Қуандым жарқылдап, Мәз болдым ән тыңдап, Құшақтап арманымды. Оянған армандай жаз таңында, Келеді құс қайтып аспанымда. Аспаным ашылды, Ән маржан шашылды, Шаттық бар жас жанымда. Оралды арманым, Оралды көктемім, Қол алды достарым да. Қайырмасы: Сағыныш сәлемі – Құс қайтып келеді, Ән салып туған жерге. Келеді аспанда құстар қайтып, Сағыныш арманын ән ғып айтып. Алатау қабылда, Орашы соғымға, Бақыт деп маған келген. Саған кеп қонатын, Сипашы қанатын, Көктемгі майда желмен. Қайырмасы: Көліне ойнасын, Бақытын тойласын, Келді ғой туған жерге. |
|
|
Үй тапсырмасы. Ұ.Есдәулетов ҚАРА ПИМА (Үзінді) |
|
|
Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген