15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"салауатты өмір салты" ашық тәрбие сағаты.
Ашық тәрбие
сағаты
«Салауатты өмір
салты»
Білімділік
мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты
байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат
қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін
ұғындыру
Дамытушылық
мақсаты: «Ауырып ем
іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек
екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа
дағдыландыру.
Тәрбиелік
мақсаты: Оқушылардың
бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін
түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: оқушылардың газеттері, түрлі түсті қағаздар,
жіп және т.б.
Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты.
Сабақ
әдәсі:
Интерактивті,баяндау,сұрақтар арқылы.
Сабақтың
мақсаты:
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды
заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға
үйрену;
2. ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын
дамыту;
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген
жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз,
бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден
аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін
айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз
жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған
ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең
әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де
денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады
екен.
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.
1. Топ
оқушыларын екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы
)
1- топ
«Денсаулық»
2- топ «Салауат»
Ұраны: «Денсаулық –зор
байлық».
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың
кепілі»
2. Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын
таныстыру:
Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен
таныстырып
өтейін:
І -«Түсіп
қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
ІІ- Мақал-мәтелдер жарысы. ІІІ -Әр топ өздері шығарған газеттерін
қорғайды.
IV-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .
V- Мимикалық ойын (Кракодил)
VI -Сұрақ-жауап:
І-тапсырма бойынша:
«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. (2-минут)
топ: 1. Д...... і (дәрі)
2. в...та...н (витамин)
3. ....ны.....у (шынығу)
4. с....ау......т (салауат)
2-
топ: 1.
Г...и...на (гигиена)
2.ту...ку....ез (туберкулез)
3. тұ......у (тұмау)
4. д... ау.... қ
(денсаулық)
Күннің шуағы деп аталатын қысқаша ойын түрінде яғни бір оқушы шығып кун болады қалғаны сол күннің жақсы шуағын жылуын келтіретін тақырыпқа сай қағаздарды алып іледі немесе тұрады.

ІІ-тапсырма «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен .5 мақал-мәтел.
ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ
1.Денсаулық зор байлық.
2.Тазалық — саулық негізі.
3.Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық
4.Аурудың алдын ал.
5.Демі бардың емі бар.
6.Көзің ауырса, қолынды тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.
7.Көкірек ауру күле кетер.
8.Ауру аздырады,
Суық тондырады.
9.Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
10.Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
Мақал мәтелдің жалғасын тап:
1.Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
2.Іздеп алған аурудың емі табылмас.
3.Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.
4.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
5.Ауру желмен келіп, термен шығады.
6.Сырқат - тән жарасы,
Қайғы - жан жарасы.
7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.
8.Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
9.Демі бардың емі бар.
ІІІ -тапсырма
-
топ: Денсаулықты нығайту жолдары. (спорт,шынығу,таза ауада серуендеу жақсы тамақтану т.б.)
-
2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. (Темекі,нашақор,арақ, және т.б.)
IV-тапсырма
Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин)
1- топ:
................................................баламыз,
.................................................аламыз.
.....................................................
.................................................санамыз.
2-топ:
................................................күлеміз,
.................................................жүреміз,
.......................................................
...................................................сүреміз.
V Мимикалық ойын:
-
Темекі зиян екенін көрсету.
-
Арақ,есірткі шеккен адам. Бейнесін көрсету.
-
Таңғы жаттығулар немесе спортпен айналысу.
-
Таза ауада серуендеу.
VI Сұрақ-жауап:
I
топ - Сенің
бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны
білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің?
Достығың жалғаса ма?
II топ - Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не
істейсің? Достығыңыз жалғаса ма?
Ортақ сұрақ
қою: Сенің жан
досың бар. Бірақ оның араласатын достары есіркі,арақ,темекі шегетін
ортамен араласады, сенің ойын қандай және сен ол досыңмен ара қарай
араласасыңба әлде сен оған кеңес
бересіңбе.
Ойларыңа
рахмет балалар. Дұрыс шешімдер қабылдап шықтыңдар деп ойлаймын.
Бекіту: Тренинг «Өрмекшінің торы...»
Тренинг «Денің сау болсын десең...»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған
оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер
құрайды.
VII
Қорытынды:
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат
табыстайды.
Сынып сағатының тақырыбы: Салауатты өмір салты
Сынып сағатының мақсаты:
Білімділігі:Салауатты өмір салтын сақтау,оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.
Дамытушылығы: Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.
Тәрбиелігі:Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.
Түрі: ашық сынып сағаты
Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар.
Көрнекілігі: Суреттер, дәрігер салауат
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылардың дайындығын қадағалау.
-назарын сабаққа аудару.
Мұғалім: Күндей жарқырап,
Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі тәрбие сабағымызды бастайық.(Оқушылар орнынан тұрады)
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 »
стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.
Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізіліп отырған « Салауатты өмір біздің болашағымыз »атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Бүгінгі тәрбие сағатында екі топқа бөліну арқылы өз білімдерімізді ортаға саламыз.
1-топ: Алма
2-топ Алмұрт
Бүгінгі сайысымыздың мақсаты-« Бірінші байлық-денсаулық » деп
дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.Зиянды әрекеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.
Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Көптің жүзін білненше,
Бірдің атын біл.
1. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
2. «Бірінші байлық –денсаулық » сұрақ жауап кезеңі.
1 –топқа 1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.
Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
3.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
4.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?
5. Денсаулыққа не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /
6. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.
2-топқа 1. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?
2.Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
3.Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер
4. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
5. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?
6.Үстел басында өзіңді қалай ұстауың керек?
3. Дені саудың –жаны сау
Жігерің бар, талабың бар қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар әлі алда солмайтын-дей отырып, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру.
Дене қимылы-дәрісіз ем,
Шыныға жүріп дертті жең.
Таза болса- табиғат,
Аман болар –адамзат.
Жалқаулық-жаман ауру.
Шынықсаң, шымыр боласың.
4. Ситуациялық жағдайлардан шығу.
1- жағдаят:
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
2-жағжаят:
Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?
5. Білігіңе сенбе, біліміне сен! Жұмбақ шешу
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз. ( он саусақ)
Асқар тауда қара орман (шаш)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады? (күн)
Жеп көріп ем мен,
Жас шығарды көзімнен / пияз /
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. / қарбыз/
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. / алма /
Тәтті жемістердің бірі,
Қауақтың кішкентай түрі.
Ай бұтаққа ілінді,
Айтыңдаршы, кім біледі. / алмұрт /
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. / су/
Дидактикалық ойын: « Егер де..-не болар еді? »
-Егер де күн болмаса не болар еді?
-Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.
-Егер де су болмаса не болар еді?
-Шөптер құрғайды, шөлдейміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген