400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Салауатты өмір салтын дәріптейік"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағатына арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайыс сценарийі



Сайыстың мақсаты: «Бірінші байлық-денсаулық »деп айтылғандай,

«Қазақстан-2030»бағдарламасында көрсетілгендей,

өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы

мықты,хал-ақуалы жақсы болу үшін зиянды

әдеттерден ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен

сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау

екендігін түсіндіру. 
Тәрбиелік мәні: зиянды заттардан аулақ болуға,денсаулық және дене

тәрбиесін дұрыс сақтауға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғы. 
Өту барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ Кіріспе бөлім. 
Жүргізуші: 
Халқымыздың алаулап,оттай жаны, 

Қанымызда қаншама кек қайнады, 

Еркін елміз,біз бүгін ерікті елміз, 

Көтерілген көгінде көк байрағы,-деп ақындар жырлағандай,еліміз еркіндік алып,өз алдына отау тігіп,ерікті ел,тәуелсіз мемлекет болғанына да міне 16 жыл толды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында,Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты,хал-ақуалы жақсы болуы тиіс,-деп атап көрсеткен.

Сол бағдарламаға орай бүгінгі мектебіміздің 7-сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Салауатты өмір салтын дәріптейік»атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты «бірінші байлық-денсаулық»деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден-ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру,өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.Олай болса,егеменді еліміздің тұтқасы болар,болашақ сол жас ұрпақты қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:


«Болашақ»тобы.

«Денсаулық сақшылары» тобы.



Сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін: 

1. 

2. 

3. 

Сайысымыздың шарттары: 
1.Таныстыру.(Әр топ өздерін таныстырады,төс белгілерін қорғау.) 

2.Бірінші байлық-денсаулық ( зиянды әдеттер тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастыру) 

3. «Денсаулық-зор байлық» ( денсаулыққа зиянды нәрселер туралы әзіл өлеңдер айту) 

4. «Тәні - саудың, жаны - сау» (зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру) 

5. Уланбасын өмірің (зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын дәріптейтін көрініс көрсету). 

6.Ситуациялық жағдайлардан шығу. 

7.Сұрақ-жауап (СПИД-ке байланысты конверттің ішінде 22 сұрақ берілген,осы сұрақтың 11-і дұрыс,11-і дұрыс емес болу керек). 

Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 
ІІІ. Негізгі бөлім 
Жүргізуші: 

Көк түтінге жас өкпеңді ыстама, 

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама, 

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір, 

Әуес көріп ұстамасты ұстама!,-деп жас жеткіншектерді салауаттылыққа үндейтін 7а-сыныбынан ұйымдастырылған «Болашақ»тобын сайысымыздың алғашқы шарты «Таныстыру» кезегіне шақырамыз. 

Жүргізуші:

Иманыңды,дидарыңды,

Тазалап ал,қазағым,

Ұрпақтарың,ұл-қыздарың,

Түзу бассын қадамын!,-деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген 7бсыныбының «Денсаулық сақшылары»тобын ортаға шақырайық. 

Жүргізуші: 

Жігерің бар,талабың бар,қайратың, 

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын, 

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып, 

Өмірің бар алда әлі солмайтын,-дей отырып,жаман әдеттерден жирендіретін,денсаулыққа зиянды нәрселерге байланысты мақал-мәтелдер айтудан 2 топ мүшелері сайысқа түседі. 

Жүргізуші: 

Жағымсыз иістен аулақ бол, 

Жақсы іске жақын бол, 

Темекімен жау болып, 

Адамдыққа асық бол,-дей отырып, «Денсаулық-зор байлық»айдарымен сайыскерлерді әзіл өлеңдер айту шарты кезегіне береміз. 

Ал,шәкірттер алды-артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын,

«Ол кім», «Бұл не?»бөлімінде,

Танымдықпен,білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын-

деп келесі «Тәні саудың,жаны сау» бөліміне тоқталайық.

Шарты:зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру.



Болашақ тобына сұрақ: 


С.А.Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? 


(Ұстаздан ұлағат) 


Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? 


(Отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы) 


Құрамында этил спирті бар. Ол не? 


(Ішімдік) 


Темекі құрамындағы улы зат? 


(Никотин) 


Туберкулезге қарсы күрес күні? 


(24-наурыз) 

6. СПИД неліктен қорқынышты?

(Ауырғаннан кейін ең көбі 5-7жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ)



Денсаулық сақшылары тобына сұрақ: 

1.. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы?

(Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)



2.СПИД нашақорларға қалай жұғады? 

(ортақ пайдаланған ине арқылы) 

3.«Пассивті темекі шегу» деген термин нені білдіреді?

(Темекі шегетін адамның айналасындағы темекі шекпейтін адамның темекінің түтінін жұтуы. Темекі шегетін адамның кесірінен басқа адам жапа шегеді)



4.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні?

(1-желтоқсан)



5. Шылымның зияны тиетін мүше?

(Өкпе) 


6.Есірткінің ең көп тараған түрі?

(анаша,кокаин,апиын,ең көп тараған түрі-героин)



Жүргізуші:

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда,ей,жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық! 

Уланбасын өмірің»бөліміне өтеміз.Шарты зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын дәріптейтін көрініс көрсету. 

Жүргізуші: 

Дүниеде дерт боп әркез жетеді, 

Әдет болып жаман нәрсе кетеді, 

Жаман әдетке жақ болсаң, 

Өмірің қор боп өтеді,-келесі бөліміміз ситуациялық жағдайлардан шыға білу. 

«Болашақ»тобына:

Бір спортсмен өзі әйгілі болады.Жақсы жұртқа танымал.Бірақ табыс көзі онша болмайды.Енді ол отбасын асырау үшін «арақ»заводына жұмысқа тұрады.Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз-аздап ішіп,араққа бойы үйреніп кетеді.Енді жұмысты тастайын десе,ақша керек,тастамайын десе,ішіп қоя береді.Ситуациядан қалай шығуға болады?



«Денсаулық сақшылары»тобына:

Темекі тартпайтын планетадан келген қонаққа темекі деген не және оны адамдар не үшін тартатыны жайлы түсіндіру қажет.(қонақтың ролін бір оқушы ғана орындайды,қалған оқушылар темекі туралы оған түсіндіреді



«Болашақ» тобына:

Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің,жоқ әлде қойдырудың жолын іздестірер ме едің?



«Денсаулық сақшылары»тобына:

Бастықсыз:Сіздің қол астыңыздағы жұмысшыңыз күнде спирттік ішімдік ішетіндіктен өз жұмысын орындай алмайды,себебі ол түскі үзіліс кезінде де ішеді.Ол жаңа ғана түскі үзілістен ішіп келіп тұр.Не істейсіз?


Жүргізуші:

Басталады кім тапқыр деген сайысың,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың,алғырлығың сыналар,

Қане,шәкірт көрінеді қай ісің. 
СПИД-ке байланысты конверт ішінде 22-сұрақ берілген.Осы сұрақтың 11-і дұрыс,11-і дұрыс емес болуы қажет. 

ІІІ. Қорытынды бөлім. 

Жүргізуші: 
Шешілмейтін жұмбағы,сұрағы көп,

Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет,

Қалу керек өмірдің бұлағы боп,

Қалу керек өмірдің шуағы боп,

Денсаулықты сақта,түзу өсесің,

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.

Көрген күнің қараң ғой дерт шалса,

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!-


деп сайысымызды аяқтай келе әділқазылар алқасына сөз береміз. 

Жүргізуші:

Ата-анамыз,ұстазымыз,

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Балаңыз аман болсын,

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын,

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын-дей келе

-Кімде-кім өзіне өмір беріп,әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе,соларға адал боламын десе......................



Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім сүйікті жар боламын десе...............



Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе..........



Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім өз ұжымына қадірлі боламын десе...........



Хормен: Арақ ішпесін!

Кімде-кім өз қоғамыма пайдалы азамат боламын десе.....



Хормен:Арақ ішпесін!

-Денім сау болсын десең.............



Хормен: Темекі тартпа!

Әнші болғың келсе..........................



Хормен: Темекі тартпа!

Ғалым болғың келсе.........



Хормен:Темекі тартпа!

Білімді,ақылды азамат болғың келсе..........



Хормен:Темекі тартпа! 


Қадірлі ұстаздар және оқушылар! 

Міне бүгінгі 4 сыныптар арасында өткен «Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайысымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Баршаңыздың дендеріңізге саулық тілейміз. 






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі