400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Салауатты ұлт - салауатты ұрпақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің ұранымыз: Өнерлі өлмес, үміт сөнбес Біздің мақсатымыз: Өнерлі, дені сау, бәсекеге қабілетті, қажырлы қайсар, жан-жақты білімді ұрпақ қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эстетикалық  пәндер фестивалінің  ашылу  салтанатының  жоспары.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты алқалы жұрт !
2-жүргізуші:
-Қайырлы күн! Таңмен таласа оянып білім алуға асыға басып мектепті бетке алатын барша   оқушылар мен аяулы ұстаздар!.
Ұстаздар демекші бір түрлі ән айтқым келіп тұрғанын қарашы:
(Ұстазым менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым менің ұстазым) деп әндете жөнеледі.
1-жүргізуші: -Нұразат не істеп тұрсың, ұстаздар мерекесі әлдеқашан өтіп кетті емес пе? Ән айтқаның қалай? 

 -Ана бір түймең үзілейін деп қалыпты, кел қадап берейін. (деп ине-жібін алып Нұразатқа жақындайды).
2- жүргізуші: -Рахмет апай тоқтай тұр, әуелі мен ана бір шегені қағып алайын шығып кетіпті біреудің аяғына кіреді ғой! ( Нұразат сахнадағы шегелерді балғамен ұра бастайды).
1-жүргізуші: -Нұразат осы сен екеуіміз сахнаға не үшін шықтық, не боп кетті өзі, ән, ине-түйме, балға-шеге?
2-жүргізуші:  Өзімізді-өзіміз таныту керек ғой!
1-жүргізуші: -Олай болса бастаймыз ба?
2-жүргізуші: -Әрине, бастасақ бастайық.
Бүгін музыка, еңбек,
1-жүргізуші:- сызу және бейнелеу, АӘД, дене шынықтыру пәндер бірлестігі фестивалінің ашылуына (екеуі бірге) қош келдіңіздер!!!
2-жүргізуші:
Біздің ұранымыз: Өнерлі өлмес, үміт сөнбес
Біздің мақсатымыз: Өнерлі, дені сау, бәсекеге қабілетті, қажырлы қайсар, жан-жақты білімді ұрпақ қалыптастыру.
(Бірлестік жетекшісі апталықтың өтетін ашық сабақ және іс-шаралардың бағдарламасымен таныстырады).
1-жүргізуш:і

Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем, ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй -деп Абай атамыз айтқандай. Олай болса осы ұстаздарымыздан тәлім алып жүрген талантты оқушылардың шағын концертін ұсынамыз, қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Спорт- көркі өмірдің,
Спорт-досың, серігің
Жаттықсаң шымыр боларсың
Шынығып, өсіп, толарсың. деп
6 «Б» сынып оқушыларын әсем биімен ортаға шақырымыз. Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Биші қыздар кел бері,
Ортаға шық ілгері
Мың бұралып билеңдер,
Жастық шақтың гүлдері.  
2-жүргізуші: Келесі кезекті 5-сынып оқушыларына береміз.
1-жүргізуші:
Наркескен қайрылмайтын қылыш болса,
Мінезі ақыл, өнер дұрыс болса
Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,
Еткені берекелі жұмыс болса-
дей келе ортаға 11 сынып оқушыларының сапта жүру өнерін тамашалауға шақырамыз.
2--жүргізуші:
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаның болам жолыңда сенің.
Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса,
Сүйікті Отан, сүйкімді елім!
Ән: Қазақстаным Орындайтын 10 «А» сынып оқушысы Рыскалиев Алдияр Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:

Гүлсезім апай осы шараға өз үлесін қосу үшін кімдер келіп тұрғанын білесіз бе?

2-жүргізуші: Әрине, ол біздің бүлдіршіндер. Олай болса кезекті 1 «Б» сынып оқушыларының дайындаған биіне береміз. Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші.

Ұстаздар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен фестивальді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа
2-жүргізуші:
Құрметті оқушылармен ұстаздар! Осымен«Технология, АӘД, бейнелеу, сызу, дене шынықтыру және музыка» пәндер бірлестігі фестивалінің ашылуы өз мәресіне жетті. 
(Бірге) Сау болыңыздар!








Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебі















«Салауатты ұлт - салауатты ұрпақ» «Көркем эстетика» пәндер бірлестігі фестивалінің ашылу салтанатының сценарийі











25 қараша, 2017 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
1000
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі