жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сәлем - сөздің анасы 1 сынып
Тақырыбы: «Сәлем - сөздің анасы »
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, бабалардан қалған ғибрат аралық сөздерді балаларға ұғындыру;
Халық салт-дәстүрімен таныстырып,өз халқының дәстүрін,салтын , мәдениетін,әдет-ғұрыпын үйрете отырып, бойларына сіңіру;
Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру,сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: ертегі, сұрақ-жауап
Сабақ көрнекілігі:
Жақсы сөз –жарым ырыс
«Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы»
«Сәлем-әдептілік белгісі»
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіздер ме?
-қыздар, қалай ойлайсыңдар адамдар бір-бірімен кездескенде не істейді?
-Амандасады. Неліктен?
-Өйткені, амандасу, сәлем беру әдептілік белгісі, ал әдептілік сәлемдесуден басталады.
-Жақсы .Ендеше біздіңгі бүгінгі тәрбие сағатымыз осы сәлемдесу,амандасуға арналады.« Үлкенге құрмет, кішіге ізет »
Сұрақ:
Ана тілінің
қадір-қасиетін біле білген халқымыз
оны ұлттың рухына, қазына байлығына
балайды. Себебі не?
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел -
тірі өлген ел
Мұғалім: Бүгінгі біз ата дәстүр, оның ішінде ең керектігі сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын тереңірек болып табылады.
Ендеше балалар, тәрбие сағатында білгенімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді осы сабақта үйрене алады екенбіз.
1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
2-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3-оқушы: Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің.
4-оқушы Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Мен – қазақпын
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Көрініс:
Ерте, ерте, ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Шал шаршап, шалдығып, үйіне кіреді.
Шал:
-Амансыңба кемпірім?
Кемпір:
-Қош келдің .Отыр, шайға кел,мен саған ыстық бауырсақ пісіріп қойдым.
-Бауырсағым қайда кеткен?
Бауырсақ: -ля,ля,ля –деп әндетіп келе жатады.
Алдынан қоян шығады:
-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:
-қоян, алдымен мені жемес бұрын амандаспаушымедің
Қоян:
-Не дейді мынау.Қайдағы сәлем, өзімнің қарыным ашып тұрғанда.
Бауырсақ:
-Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.Олай болса мен саған бір өлең айтып берейін:
Өлеңдетіп бауырсақ қояннан қашып кетеді.Бауырсақ әндетіп келе жатады .
Алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр:
-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін .
Бауырсақ: Қасқыр мені жемес бұрын ең алдымен амандаспаушымедің
Қасқыр: Қайдағы амандық,қайдағы сәлем беру өзімнің қарным ашып тұрғанда.
Бауырсақ:
-«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді»-деген әдепті сөз бар. Енді тыңда мен саған өлең айтып берейін:
Бауырсақ өлеңін айтып ақырын қасқырдан қашып кетеді.
Әндетіп келе жатса алдынан аю шығады.
Аю: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ мені жемес бұрын амандаспаушымедің аю аға
Аю қайдағы амандасу ,сәлем беру менің қарным ашып тұр.
Бауырсақ:
-Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген кіші адамға, үлкен адамдар өздері сәлем береді. Әнін айтады.
Аюдан ақырын әндетіп қашып кетеді.
Алдынан түлкі шығады.
Түлкі: Амансың ба бауырсақ?
Бауырсақ: Ой, сәлеметсіз бе түлкі ?
Түлкі : Сен неге сонша қорқып тұрсың?
Бауырсақ: Орманды аралап келе жатып,қанша аңдарды көрдім,олар менімен амандаспай бірден жегілері келді.Ал мен олардан қорықпай сәлемдесудің мән-мағынасын түсіндіріп қашып кеттім.Ал сен амандасуды қайдан үйрендің?
-Менің құлағым жақсы естейді, сенің сонау жақтан жан-жануарларға үйретіп келе жатқан әндеріңді естіп үйрендім.Сәлемдесудің маңыздығын түсіндім.
Қоян,қасқыр, аю барлық аңдар жүгіріп келіп:
-Бауырсақ,бауырсақ саған рахмет,сен кеткен соң көп балалармен таныстық,олар бізге амандасу туралы тағы көптеген кеңестер берді.Сәлемдесу арқылы адамдаға да сыйлы болуға болады екен.Сол балаларды осы жерге алып келдік:
1-ші оқушы : Сәлемдесу-тұңғыш рет немесе араға белгілі уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз ишарат не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай таңытуы.
Сәлем -әдептілік белгісі
Сәлемнің сәлемдесу,сәлем беру,сәлем қылу сияқты түрлері бар.
2- оқушы : Амандасу адамгершіліктің,әдептіліктің бір белгісі болып табылады.
Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып,басын изейді. Не болмаса қолын береді.
3-оқушы: « Сізді шын жүректен құрметтеп,амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.
Сәлемдесудің бірнеше түрлері бар.
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлеметте болыңыз!
-Аман саусыз ба?
-Аман сау болыңыз!
-Аман есенсіз бе?
-Аман есен болыңыз!
-Бала-шағаңыз,мал-жаныңыз аман ба?
-Үй –ішіңіз аман ба, Лені қарныңыз сау ма?
4-оқушы: Әсіресе араб тілінен енген:
-Ассалаумалейкум!
-Уаалайкум салам!
Яғни: -Сізге амандық тілеймін!
-Сізге де амандық тілеймін! Деген сәлемдесу түрлері қолданылады.
5-оқушы: Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті.
Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді»-деген әдеп сөз бар.
6-оқушы: Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады.
Мұғалім: ал қазір солардың бірнешеуін қимыл –қозғалыстармен көрсетейік:
1.Қазақстан халқы қол беріп амандасады.
2. Италияда құшақтасып амандасады.
3. Зимбабвада арқаларын төс қақтырып амандасады.
4. Никарагуада шынтақтарын тигізіп амандасады
5. Бразилияда арқаларын сипап амандасады.
6. Австралияда үш түрлі амандасады екен.
А) қол шапалақтайды
ә) Секіреді
б) Жамбаспен оң жақ бүйірге,сол жақ бүйірге соғып амандасады
Ал енді бұл сабағымыздан не білдік?
Үлкендермен амандасқанда не істеуге болмайды?
Үлкендердің-иғын қағуға болмайды
Амандасқанда-танауыңды көтеруге болмайды
Жетесіздей жеңіл-желпі-бас изей салуға болмайды екен.
Ал не істеу керек ?
Үлкеннің алдында-кішілік көрсету керек
Амансаушы амандыққа-қуанышы мен тілектестігін білдіру керек
Сәлем бергенде-сыпайы, әдепті болуы керек.
-Сонымен әдептілік,мәдениеттік тек амандасу ғана емес,ол сенің мектептегі жүріс-тұрысың, қонақта болсаң өзіңді дұрыс ұстауың, әрбір адаммен, сыныптас құрбыларыңмен мейіріммен сөйлеуің т.б осының бәрі мәдениеттіліктің белгісі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген