400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Сәлем, ғажайып әлем!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл авторлық шығармашылықпен құрылған жұмыс. "Әлем" тақырыбына берілген конкурстық тақырып болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы №68 орта мектеп Сулеева С.З.

Тақырыбы: Сәлем, ғажайып әлем! ( әдеби- сазды кеш.)

Мақсаты:

Рухани - адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы, сөзі, ісі бірлікте өмір сүретін, тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

  • әлем ғажайыптары арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

  • жалпыадамзаттық құндылықтырының мәнін ашу.

Ресурстар: плакаттар, слайд, бейне көрініс.


Сәлем, ғажайып әлем!

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздың қолында

Н.Ә.Назарбаев

ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

Жүргізуші:

-Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

«Сәлем, ғажайып әлем!» фестиваліне қош келдіңіздер!

- Әлемдегі ең аяулы адам - ол ана! Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен-жан! Елдің анасы, «Өзін-өзі танудың» авторы- Сара Алпысқызы да - «Бөбектердің» анасы.

«Бөбектердің анасы» сөзі: С.Сулеева





1-оқушы:

Бар бала жүрегінен орын алған,

Сәби жүрек бөбекке пана болған.

Құндылықты баршаға тиек еткен,

Кең жүректі, кең пейіл қандай адам?

2- оқушы

Бір өзіңсің бар баланың анасы,

Бөбектердің арқа сүйер панасы.

Бір жүрекке бар баланы сыйғызған,

Сара апамыз-аналардың анасы.

3-оқушы

Авторысыз «өзін-өзі танудың»,

Бағыт берген жолын өмір танудың.

Тіледіңіз бөбектердің бойына,

Құндылықтың құнды болып даруын.

4- оқушы

Ана ғана шын ұғынған жаныңды,

Ана берген жүректерге жалынды.

Жадыратса жаздай етіп жаныңды,

Аналардан аямаңдар барыңды.

5-оқушы

Ұзақ өмір жасай берсін аналар,

Аналарын қадірлесін балалар.

Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған,

Аман болсын ақ жаулықты аналар.

Би «Бүлдіршіндер биі.»

Жүргізуші:

-Әлемдегі бір ғажайып ол – табиғат. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ. Сұлулық сыйлаған, әдемілікке толы жердің, табиғаттың тұнық ауасын, тауын, суын, сұлулығын неге айтып тебіренбеске...

Picture 1













«Табиғат әлемі.» сөзі: С. Сулеева

1-оқушы

Болдың ба сен?

«Жасыбай» баурайында.

Көрдің бе сен?

«Жасыбай» тауларын да.

2-оқушы

Жүздің бе сен?

«Торайғыр» көлдерінде.

Суы тұнық, мөп-мөлдір, бір ерекше,

Ағаш өскен таулардың белдерінде.

3-оқушы

Сипаттауға табиғатын жерімнің,

Сөз жетпейді суреттеуге тілімнің.

Бір ерекше табиғат, тылсымы көп,

Табиғаты ерекше бұл елімнің.

4-оқушы

Сол жерлерді көрейік, бағалайық,

Әрбір тасын бағалап, аялайық.

Табиғаттың сұлу бір тамашасын,

Қадірлейік, қамқорлықты аямайық.

Ән: «Ертегілер әлемі»

Жүргізуші:

Әлемдегі мекенімнің ертеңі,

Астана - бұл ғажайып ертегі.

Елі жайлы, жері жайлы әлемнің.

Ұландары көңілден күй шертеді.

Picture 5













«Астана әлемі.» сөзі: С. Сулеева

1-оқушы

20 жасқа толды менің-Астанам,

Нұрлана бер, нұрлы әлемде жас қалам.

Таңғажайып әлеміңмен шаттанып,

Көркейе бер, гүлдене бер, Астанам.

2-оқушы

Көріктісің, көз жүгіртсем қырыңа,

Үңілемін әр саясат сырыңа.

Сыртқы бейнең ертегідей көрінер,

Қиялменен сырт қараған ұғымға.

3-оқушы

Шырқалсыншы әлемдерге жыр-әнің,

Құлпырсыншы бөбектермен сән- сәнің.

Бәсекеге қабілетті қала бол,

Сол емеспе әлемдегі зор мәнің.

Ән «Көк тудың желбірегені» сөзі: И. Ескендір

Жүргізуші:

Сан ғажайыпқа толы әлемнің қыр-сырын жырлап, әлемге жүректеріңді ашқан «Сәлем, ғажайып әлем!» іс-шарамызды аяқтаймыз.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.02.2019
1173
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі