400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сәлем саған, алтын ұя мектебім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәлем саған, алтын ұя мектебім!


1. Оқушыларды сапқа тұрғызу

2. Қонақтардың орналасуы

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.

4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру

5. Әнұран шырқалады.

6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)

7. Ән жолданады.

8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы

9. Салтанатты жиынның жабылуы.

10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару

11. Алғашқы қоңырау қағылады.

12. Салтанатты жиынды жабу үшін мектеп директорына сөз беріледі.

13. Салтанатты жиын 1-сынып оқушыларының алғашқы сабақтарымен жалғасады. (Әуен ойналып тұрады)


I жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!

ІІ жүргізуші: Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!

І жүргізуші: Биыл Асқақтаған Астанамыздың 20 жылдық мерей тойы және Бұхар Жырау бабамыздың 350 жылдық тойымен алғашқы оқу жылының тақырыптарына тұспа тұс сай келіп отыр..

Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

І жүргізуші: Және биылғы еліміздің даңқын асқақтатқан оқиғалар көп болды Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!

ІІ жүргізуші: Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.

ІІ жүргізуші: :

Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді,

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі Көк тудың желбірегені – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін. (Туды енгізу рәсімі)

І жүргізуші:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.

І жүргізуші:

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.


ІI жүргізуші:

«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Жаман Ербұланға беріледі.

І жүргізуші

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,

Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.

Қуаныш пен салтанатты шақтарда

Қонақтар да ақ тілегін ақтарар. Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.

( қонақтарға сөз беріледі)

II Жүргізуші:

Өмірдің бейбіт бағы гүл,

Асудан асып асқарлы.

Мінекей биыл тағы бір,

Жаңа оқу жылы басталды.

Шаттықпен шалқып толғана,

Ой толқытқан жүрегін.

Өмірге алмақ жолдама,

Сыр шертсін енді түлегің.

11- сынып оқушылары.

Кеше ғана аттаған,

Мектеп табалдырығын,

Бүлдіршін едік бастаған.

Ақ бантикті тұлымың

Иә, кеше, кеше еді,

Сәби едік балдырған

Азамат болып көшелі,

Табылмақпыз сан қырдан

Сусындап білім нұрына

Өткеріппіз он жылды

Қанығып өмір қырына,

Зердеге түйдік мол сырды.


Оқыған әпке, ағаңыз,

Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

Сендердей біз де болғанбыз,

Есейдік, міне, қараңыз.


Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін.

Құттықтап білім күнімен,

Сыйланар сізге әліппе.

Бар білімнің бастауы,

Қадірлеп оны дәріпте.


I Жүргізуші:

Егемен елдің төсінде,

Шуағын шашсын арай ,күн

Азамат болып өсіңдер,

Қызыға жұрттар қарайтын.

2-сынып оқушысы Әбілова Дильназдың орындауындағы Мектебім әнін қабыл алыңыздар

I жүргізуші:

Біреулер енші ап өмірден,

Аттанбақ болса асып қыр

Біреулер балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,

Солар жаққа бұрайық

Балдырғандарды базарлы

Қарсы алып, қол ұрайық.

II Жүргізуші:

Айқара ашқан есігін,

Қайнары білім нұрының.

Мектебің – алтын бесігің,

Жылы ұяң, міне сыныбың.

Қаламсап алып қолыңа,

Достасарсың да әріппен.

Шуағын себер жолыңа,

Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

I Жүргізуші:

Халқымыз “Ата-баба дәстүрі- асыл мұра” дегендей “Бала- бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 1- сыныпқа қабылданып “Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті. Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.

Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға рұқсат етіңіздер! (1-сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады, өнерлері тамашаланды)

Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2-3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.

II-жүргізуші:

Ойын қуған, жүрген думан бұл кімдер?

Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.

1-балдырған:

Мамам айтқан күзде мектепке барасың деп,

Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.

2-балдырған:

Онда мына машинаңды неге тастамайсың?

Сен әлі еш нәрсені түсінбейтін кішкентайсың.

3-балдырған:

Жоқ, ол жетіге толды,

Үлкен бала болды.

Мына қуыршақты, машинаны

Бөпесіне сыйлайтын болдық. Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы арада мектепке бара жатқан 2-сынып оқушылары ортаға келіп қосылады.

2-сынып оқушысы: Балалар, мектепке бармайсыңдар ма?

1- Балдырған:

Мектеп.Мектеп деген ол не өзі?

Оның бар ма мұрны, аузы, көзі?

2-сынып оқушысы:

Мектеп – ол үлкен орда,

Оқимын дегеннің бәрі сонда.

2- Балдырған:

Онда не береді?

Менің де барғым келеді.

2-сынып оқушысы:

Жетіге толсаң, ойын қумай бос текке,

Оқисың, әрине, сен де мектепте.

3- Балдырған:

Мектептен үйрендің сен нені?

Көп пе оның сендерге бергені?

2-сынып оқушысы:

Мектепте бәріміз білім аламыз,

Жан-жақты дамып өседі санамыз.

Біз секілді ағылшын тілін меңгересің,

Мектепте домбыра қағуды үйренесің,

Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің.

Ән сабағына қатысып ән айтасың,

Интернетке кіріп жаңалықпен қайтасың.

Спорттың неше түрімен шынығасың,

Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.

Бүгін 1- қыркүйек білімнің күні,

Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.

Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,

Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.

Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,

Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

I жүргізуші:

Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,

Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

II жүргізуші:

Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,

Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

1-оқушы:

Сәлем, саған мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие

Ой санама еккенің.

2-оқушы:

Қуаныш бүгін – мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем.

3-оқушы:

Бірінші қыркүйек күні мен

Аңқыған жұпар гүлімен Келіп ем,

қарсы алар мектебім

Сүйкімді қоңырау үнімен.

4-оқушы:

Биыл мен де мектепке

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.

5-оқушы:

Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

6-оқушы:

Алдыңа келіп, ұстазым,

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейіріңді сезіндім.

7-оқушы:

Отанның біз ұл-қызы,

Халықтың біз жұлдызы.

Оқимыз ақын-жырларын,

Оқимыз еңбек сырларын.


8-оқушы:

Сылдырлайды, сыңғырлайды

Мектеп жақта қоңырау.

Ұмытпаймыз бұл бір айды,

Гүлге толы омырау.

9-оқушы:

Гүл толы қала, дала да,

Гүл толы бүгін омырау.

Шақырып мектеп – анаға,

Соғылмақ тұңғыш қоңырау.

I жүргізуші:

Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып ,

5-сынып оқушысы Жұмаш Айзаданың орындауындағы Ұстазым әнін, қабыл алыңыздар.

I -жүргізуші:

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1-сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстазға береміз. Құрметпен ортаға 1- сынып жетекшісі Шолпан Қанатқызын шақырамыз.

II жүргізуші:

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың, қарағым,

Білімнің кілтін ашатын, - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз.

1 жүргізуші:

Күтіп тұр, алда сан қызық,

Асулар асқар, неше сын

Кеудеңе үміт жанғызып,

Азамат болып өсесің.

Үміттің отын жандырған

Қызырдан болсын қолдаушың

Хош келіпсің, балдырған

Қадамдарыңа нұр жаусын!

Ұшталған үміт арманнан,

Таудай бір болсын талабың! –

II Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз. (Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)

I Жүргізуші:

Аялар бейбіт күн нұры,

Мектебім, бізге жөргексің.

Алғашқы қоңырау сыңғыры

Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылын ашқасын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде

Қызмет көрсет халыққа

Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті

Мерейі үстем жыл болсын

Шәкірттеріміз өрісті

Елім дер қыз бен ұл болсын.

II Жүргізуші:

Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1-сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.

I Жүргізуші:

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.

ІI жүргізуші:

Ақ жол, бүлдіршіндер!

Біліммен асып - тасайық

Тілеуін берсін көк көптің

Тілекпен осы ашайық

Есігін енді мектептің

І - жүргізуші: Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған “ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

ІI жүргізуші: Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2018-2019 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады. Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!



«Бекітемін»

Тәрбие жұмысының

орынбасарының м.а

_______Ажибаева Г.С

« __» ____ 2018 жыл





















2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі