400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры: Б.Селтанова





Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

№74 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!»






























Абай ауылы

2017-2018 оқу жылы




Безендірілуі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты көрме, баннер т.б.

Өткізілетін мерзімі: 02.09.2017 жылы

Уақыты: 09:00

Өткізілетін жері: мектеп алдындағы алаң

Сыныптар: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11


Жүргізушілер:

Аримкулова Айгерим 11а сынып оқушысы

Қалдыбек Нұрхасен 11әсынып оқушысы


Мақсаты: Жаңа оқу жылымен құттықтау; оқушылардың сапқа тұру мәдениетін қалыптастыру; жас ұрпақты ұлтжандылыққа, ел-жандылыққа, адалдық пен мейірімділікке, имандылыққа, мектеп пен ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу.

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу
2.
Қонақтардың орналасуы
3. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік туын шығару.
4.
Әнұран шырқалады.
5. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру
6.
Құттықтаусөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)
7. Әнжолданады.
8. Алғашқы қоңырау қағылады.
9.ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттіктуыншығару

10. Салтанатты жиынның жабылуы
11. Салтанатты жиын 1-
сынып оқушыларының алғашқы сабақтарымен жалғасады.
(Әуен ойналып тұрады)

Фан-фары ойналады.

АӘД жетекшісі: Мектеп! Түзел, тік тұр! Назар ортаға!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарап сап түзендер! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!

(Туды енгізу рәсімі)


Ән үран орындалады
Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.

Мектептің АӘД жетекшісінің рапорты:

Директор ханым! Жүсіп Баласағұн атындағы №74 жалпы орта мектебі «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына дайын!

Рапорт беруші: Мектептің АӘД жетекшісі Айдаров Нұрлан


Мектеп директоры: Рапорт қабылданды! Жиынды бастауға рұқсат.


Мектептің АӘД жетекшісі:

Мектеп, еркін тұр!


Айгерим:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірменді ата-аналар мен оқушылар!

Нұрхасен:
Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуы мен «Білім күні» және барша мұсылманға ортақ құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Құрбан айт мерекесі мен жаңа оқу жылында баршаңыз мол табысқа, жақсы жетістікке жетулеріңізге тілектеспіз.


Айгерим:

2017 жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашып, Павильондар дайындалып 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысып, межеге жетуге шақ қалды.

ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылай білуге үйрету білімін қалыптастыру.

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өз жұмысын 2017 жылғы 10 маусымда басталды, 10 қыркүйекте аяқталады.


Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.


Айгерим:
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.

Биылғы бітіруші түлектеріміздің жетістіктерін атап кетсек:

Мемлекеттік грант иегерлері болған бітірушілерімізді атап өтсек:

Саттыкова Бану

Даулет Салтанат

Анварова Ақнұр

Ергашов Шынболат

Смаилова Мөлдір

Дюсенбаева Әсел

Даулетов Нұрислам

Әлішер Айман

Әлішер Шолпан

Оңғаров Темірхан

Пазылбек Айжан

Казакова Айя

Оқушылар, мектеп табалдырығын аттаған балғын бүлдіршіндер сендер де білім нәрімен сусындап, келешекке қанаттанып, аға-әпкелеріңнің жолын қуып, үздік оқушы бола беріңдер!
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын! 


Музыкалық номер:


Нұрхасен:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне арналады.


Айгерим: Бірінші сынып оқушыларын және олардың мұғалімдерін құттықтап қояйық!
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой- санама еккенің.
1 «А» сыныбын білім әлеміне Мамбетова София апай бастап апарады 

Нұрхасен:
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем

1 «Ә» сыныбын білім әлеміне Омарова Зура апай бастап апарады


Айгерим:

Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алды мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен 

1 «Б» сыныбын білім әлеміне Ниязова Динара апай бастап апарады

(Музыка ырғамымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)


Нұрхасен:

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.


Айгерим:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды директор апай баршаңды, - деп осындай қуанышты шақта өздеріне арналған алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Селтанова Бибіткүл Алтынбекқызына беріледі.


Музыкалық номер:


Нұрхасен:
Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
----------------------------------------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------------



Нұрхасен:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

Өмірде сенің алар орынңыңды,

Жүрегімнің төрінде бағаладым.

деп сөз кезегін ардагер ұстаздарға береміз–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––


Музыкалық номер:


Айгерим:
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық.



Нұрхасен:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың

Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.



Музыкалық номер:


Нұрхасен:
Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.


1-оқушы:

Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпары гүлімен

Келіп ем, қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен


2-оқушы:

Бүлдіршіндер-ертеңгі ұландары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары.

Құтты болсын, басталған оқу жылы,

Құтты болсын, алғашқы баспалдағы.


3-оқушы:

Мектеп қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз


4-оқушы:

Елдін атын жазамын,

Жердін атын жазамын

Туған тілге тазамын

Батанды бер қазағым

Мен мектепке барамын


5-оқушы:

Бақытты балғын баламыз,

Өсті ой мен санамыз.

Әріп танып, сабақ оқып,

Білім нәрін аламыз.


6-оқушы:

Міне мен де үлкен болдым,

Жасым толды жетіге.

Арқама сөмке асынып,

Мектепке барам асыға.


7-оқушы:

Келдік алғаш мектепке,

Білмейтін едік әріп те,

Оқып, бізді үйретер,

Ғылым анасы – Әліппе!


8-оқушы:

Мен мектепке барамын,

Кілең бестік аламын.

Ата-анамды қуантып,

Шоқ жұлдыздай жанамын


Айгерим:

Алдыңғыны қуып жетер толқындар,

Бұл өмірде жалғастық бар ұғындар.

Жақсы істер қуантады елді міне,

Айтылмақшы соңы қабыл алыңдар – дей келе директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абилмажинова Күнсұлу апайға сөз беріледі




Нұрхасен:
Күтіп тұр, алда сан қызық,
Асулар асқар, неше сын
Кеудеңе үміт жанғызып,
Азамат болып өсесің.

Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің, балдырған
Қадамдарыңа нұр жаусын!

Ұшталған үміт арманнан,
Таудай бір болсын талабың!


Айгерим:

Ең алғашқы қоңырау,

Қалар мәңгі есіңде.

Есейгенде өмірі,

Елеңдейсің осы үнге.

Қалғып-мүлгіп жатпайсың,

Түске дейін бұл күні.

Мәңгі есіңде сақтайсың,

Сыңғырлаған күлкіні.

Ұстаздарға жолығып,

Сусыедаймыз бұлақтан.

Қоңыраудың сол үні,

Қалар мәңгә құлақта.

алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.
(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)

11асынып оқушысы Жолдасова Ақерке
1асынып оқушысы Жүсіп Әмірдін


Нұрхасен :
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің


АӘД жетекшісі:

Мектеп! Түзел, тік тұр!

Мектеп туы алып кірілсін


Айгерим:
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

Нұрхасен :
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2017-2018 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады. 
Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары! 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
385
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі