400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Сәлем сөздің анасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сәлем – сөздің анасы»

Тақырыбы:   «Сәлем – сөздің анасы»

Мақсаты:         Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы  түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді  сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

   Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым  – қатынас жасай білуге баулу.  

Әдісі:       сұрақ – жауап, түсіндіру, үйрету.

Көрнекілігі:    мазмұнды суреттер, нақыл сөздер.

   Барысы:

  І. Ұйымдастыру

  ІІ. Кіріспе

 ІІІ. Сәлем беру түрлері

ІV. Қорытынды

Амандасу.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметсіз бе, амансыз ба?

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз тату болайық!

     Құрметті  апайлар  мен  жас бүлдіршіндер!

Бүгінгі «Сәлем – сөздің анасы» атты ашық оқу қызметімізге қош келдіңіздер!

       «Сәлем – сөздің анасы» деп аталатын тақырып, яғни ол тегін емес. Неге десеңіздер сәлем - әдептілік белгісі.

            Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.

         «Сәлем – сөздің анасы» деп неге айтқан?

  Үлкен адамдарға сәлем беру – кішінің міндеті. Сәлем беру  инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

          Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.

 Бәріміз хормен айтамыз.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәрімен де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Сәлеметсіз бе, ағай!

Сәлеметсіз бе, апай!

Ассалаумағалейкум атай!

Амансыз ба, әжей!

Ұл – қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

 

Тәрбиеші:   Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап алдынан қия өтпей сәлем беру ата – дәстүрімізде бар қасиет.

 Енді біз үлкен кісілеріміздің алтын ақылдарын еске түсірейік.

 

Аяжан          Үйде, балабақшада, көшеде : «Сәлем !», «Сәлеметсіз бе!», «Қайырлы күн!»

                деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!

 

Рахман       Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді,

                    ал ұл балалар қыздарға амандасады.

 

Інжу К Сұрағыңа жауап немесе сыйға ұсынылған затты алып тұрып, «рахмет»

                   деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!

 

Шұғыла       Егер сен байқамай біреуді қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң, сол жерде

                   кешірім сұра.

 Тәрбиеші: Ал енді ата мен жігіттің, әже мен қыз баланың сәлемдесу түрлерін көріп салыстырайық.
Жігіт: Ассалаумағалейкум ата.
Ата: Уағалейкумссалам балам.
Жігіт: Денің сау, аман - есенсіз бе?
Ата: Құдағай шүкір балам жүріп жатырмын.
Жігіт: Бала – шағаңыз аман ба?
Ата: тегіс аман - есен.
Тәрбиеші: Енді екінші көріністі тамашалайық.
Қыз: Армысыз әже.
Әже: Бар бол балам.
Қыз: Үй - іші, бала - шағаңыз аман ба?
Әже: Құдайға шүкір аман есен.
Тәрбиеші: Осы көріністі салыстырып, ұқсас айырмашылықтарын табыңдар


Хор:  «Әдепті бала боламыз»

 Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерге жол беріп,

Біз ақылды боламыз.


Тәрбиеші:    Балалар, сәлем беру, әдептілік туралы көптеген даналар өз ойларын айтқан

                    екен. Өздерің білетін нақыл сөздерді айтайық.

 

Інжу С        Әдепті бала ата-анасын мақтатар

                          Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар

 Нүрсұлтан            Кеспе жолын үлкеннің, шыдамсыздық үлкенмін

 

Фариза           Сыйлап үлкен кісіні, аялаған кішіні

 

Жохонгер               Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет

 

Хор:       Білер қазақ баласы

              «Сәлем – сөздің анасы»

Сергіту сәті

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз


  Қане, балалар атаң мен әжеңнің аузынан естіген әдепті, тағылымды сөздерді кім айта алады ?

 

Інжу С                      Атам менің әрқашан

                                   Кішіпейіл бол деген

                                   Ақыл сөзі санамда

                                   Мақтанбауды жөн көрем

 

Аяжан                     Кім үлкенді тыңдаса,

                                   Кім үлкенді сыйласа

                                   Үлкен болған кезінде

                                   Сыйлы болмақ өзі де

 

  Енді балалар, мен сендерге әдептілік жайында өлең оқимын, қандай әдепті сөз айту керек екенін айтасыңдар. Мұқият тыңдаймыз.

 

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенін жақсысын,

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?

                                                                 «Рахмет»  деу керек

 Әжең сенің түскі асқа,

Қант – кәмпит алды ол

Жұрттан бұрын ыдысқа,

Өз бетіңмен салдың қол

Не деу керек апаңа

                                                            «Жеуге болама»  деу керек

 

Естіледі айқай, шу

Сен де шықтың, сөреден,

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек

                                                                  «Кешіріңіз»  деу керек

 

            Енді балалар тақтаға қараңдаршы. Сәлемдесудің түрлері ілінген. Қане, бәріміз сәлемдесудің қандай түрлері бар екенін айтайық. Жаңа өздерің түрлерін айттыңдар. Еске түсіреейік.


Ой шақыру

 Амансызба?                                                                                                                                                                                                                                          Сәлеметсіз бе?

  Ассалаумағалейкум

 Қорытынды

 Міне, балалар осынау бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?

Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер.

Сәлемдесе білейік.

Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.

Сәлем беру – кішіліктің белгісі

«Әдептілік бергісі – иіліп сәлем бергені»

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық.

Біздің топта ұл – қыздар

Тату – тәтті ойнаймыз

Әлемдегі бар жанға

Тек жақсылық ойлаймыз 

деп бүгінгі «Қошақан» тобында болып өткен «Сәлем – сөздің анасы» атты ашық сағатымызды аяқтаймыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі