400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Сәлем сөздің анасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сәлмдесу туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:08.10.2018ж.

Сынып:1«В»

Сынып сағат тақырыбы: Сәлем-сөздің анасы. 
Сынып сағатының мақсаты: 
Оқушыларды әдептілікке баулу, амандасуды үйрету. Сыйлауды, кішіні құрметтеуді, ана тілін ардақтауды,халықты, салт-дәстүрді құрметтеуге үйрету.Оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, оқушы танымын, ақыл-ойын сөйлеу мәдениеті, әдеби шығармашылық қабілетін, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Оқушыларды имандылыққа адамгершілікке,әдептілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Мақал-мәтел жазылған слайдтар, і.
Барысы:
1/ Мұғалім сөзі
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға сұрақ қою.
1. Сен бір жұмыспен көршіңе келдің. Есік ашқан кісіге алдымен не деу керек?
2. Ассалаумағалейкум!
Сәлеметсіз бе?
1. Сенің үйіңе қонақтар келді. Кіріп келген адамға не дер едің?
2. Саламатсыз ба? Қош келдіңіз!
Атамыз қазақ «Сәлем – сөздің анасы» деп сәлемдесуге үлкен мән берген. Сәлем- арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан.Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады.Сәлемдесудің мәні- ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза, екенін білдіру.
Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкүм» деген сөзден басталады.Ол «сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, алдымен сәлем береді. Ал сәлем алушы «Уағалейкүмассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры сізге де жаусын дегені екен.
Сыртта жүргенде қария не жасы үлкен кісі өтіп бара жатса, жасы кіші адам оған әдейі бұрылып барып амандасу керек.Амандасып болғаннан кейін жасы кіші адам: «Жолыңыз болсын,қария!» - дейді. Ал қария: «Сенің де жолың болсын!»- деп жауап береді.
Көріспегеніне біраз уақыт болған жолдас, құрдас, ағайын-туыстар қауышып амандасады.Олар әуелі қос қолдап амандасады, содан соң құшақтарын жайып барып бір-біріне төс қағыстырып оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасады.
Жастардың амандасу түрлері: «Сәлеметсіз бе?», «Амансыз ба?»,т.б .Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті сыйласып өмір сүруді армандаған. Соның негізінде сәлемдесу әдебі салынған.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу
2. Мағынаны тану
Сайыс бағдарламасы:
1. «Сәлем-сөздің басы» атты таныстыру бөлімі.
2. «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» атты сәлемдесу жолдары.
3. «Ескірмейтін есті сөз» мақал-мәтел сайысы.
4. «Кішіпейілділік кісінің көркі» сурет сайысы.
5. Үй тапсырмасы: «Байлық пен ақыл» ертегісі
6. «Кім көп біледі?» ойыны
1. Топтардың аты:
«Сәлем сыры»
«Әдептілік»
Әр топ ортаға шығып топтарын таныстырады:
2. Сәлемдесу жолдары:
1. Қазақ елінің амандасуы
2. Әр түрлі елдің амандасу
3. Мақал- мәтел сайысы. Жалғасын табу.
1. Үлкенді сен сыйласаң,
(Кіші сені сыйлайды)
2. Әдепті елдің баласы
(Алыстан сәлем береді)
3.Сәлем беру де –парыз,
(Сәлем алу да –парыз.)
4.Алыстан алты жасар бала келсе
( Алпыс жасар қария сәлем берер.)
5. Бір күн тұзын татсаң
(Қырық күн сәлем бер.) 
6.Әдепті бала-арлы бала,
(Әдепсіз бала-сорлы бала)
7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
( Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
8. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)
9. Сәлем беру бір абырой
( Сәлем алу мың абырой)
10. Әдептілік ар-ұят
(Адамдықтың белгісі)
11. Сіз деген - әдеп , (біз деген-көмек)
12 .Жақсы сөз- (жарым ырыс)
13. Кішіден –ізет,( үлкенге-парасат)
14.Әдептілік белгісі- ар-ұят
4. «Кішіпейілділік- кісінің көркі» атты суреттер сайысы.
1-сурет. «Әдепті бала, алыстан сәлем береді».
2-сурет. « Әдепті бала арлы бала,
әдепсіз бала сорлы бала»
Оқушылар салынған суреттер бойынша көрініс қою.
5. Үй тапсырмасы: «Байлық пен ақыл» ертегісі
6. «Кім көп біледі?» ойыны 
1. Ой толғаныс.
Сиқырлы сөздер.
1. Гүлжан дәлізде біреумен байқамай соқтығысып қалды. Әлгі адам ашуланды. Гүлжан бір сөз айтып еді, әлгі адам жадырап қоя берді.
Сұрақ: Гүлжан не айтты? Әлгі адамның ашуы қалай басылды?
2. Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатыр. Ол әбден қартайғандықтан бүкірейіп кеткен. Бір бала оған қарсы кездесті. Әлгі бала қартқа жақындағанда бірдеме айтты. Қарт оған алғыс білдірді.
Сұрақ: Бала не деді? Қарт оған не деді?
Марапаттау.
Қорытынды.
Оқушылар сөзімді қорыта келе әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы мен өзіне ғана жарасатын әдет- ғұрпы болады, ұрпақтары ата-баба дәстүрінің кәусарын бойына сіңіріп өссе ғана халқына аброй әкеледі. Күн сайын біз қанша адаммен жүздесеміз, тілдесеміз, пікірлесеміз. Амандасудан адамның иманжүзділігі және инабаттылығы мен тәрбиелігі көрініп тұрады.
Қазақта «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария келіп, иіліп сәлем береді» деген қанатты сөз бар. Мұнда жасы үлкен адам келген баладан амандық сұрап, жасының үлкендігін бұлдамай өзінің кішіпейілділігін көрсетеді. Олай болса, сәлеміміз дұрыс болса, әлемімізде тыныш болады деп ойлаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.11.2018
1453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі