400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сәлемдесу" сынып жетекші сайысына арналған сәлемдесу, өлең жолдарын жариялағаны үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге, ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысың дархан мынау халқым менің

Армысың қазыналы, ардақты елім

Киелі, рухы биік Түркістанның

Мақтарал ауданынан мен де келдім.



Жиналған барша қауым, көрерменім,

Ұстаздар ойлайтұғын ел ертеңін

90 жыл мерейтойдың қасаңында

Бас иіп баршаңызға сәлем бердім.



Анасы сәлемдесу сөздің барша

Сәлемнен жастарымыз бата алса

Қазақтың көсегесін көлдей еткен

Бұл күнде өнегелі жастар қанша!



Ұстазбыз, сіз де мен де бәріңіз де

Алатын асулар көп әлі бізде

Бұл сайыс жетекшінің жұмысынан

Артты жүк, сын сағатта бәрімізге.



Мектептің құлпы-шәкірт, кілті бізде

Ұстаздар, армандар көп, үміт үзбе

Жолдыбай Нұрлыбаев мектебінің

Әкелдім ақ сәлемін бәріңізге.



Сыныптың жетекшісі мен боламын

Арқалап, жауапты ісін сан баланың

Ұлбала Бектұрғанныңқызы деген

Есіммен мүшесі боп мен қоғамның

Геогрография пәнім бар, сүйікті ісім

Деңгейдің аяқтадым үшіншісін

Кез келген шаруалардан қаймықпаймын

Бұл күнде заман көші-білім үшін.



Ізденем, ізденуден жалықпаймын

Құласам, сүрінсем де қамықпаймын

«Жығылған тоймас дәйім күреске»- деп

Өзімді-өзім қамшылап, шабыттаймын.



Жұмыстың қамын көптеп уайымдасақ

Бұйрық көп келеді ылғи орындасақ

Жетістікке жетер жол алыс болмас

Бұл күнде жүлдем де бар , өзіме шақ



Ұстаздар, тұған ғибрат, өнегесің

Шаш етектен жұмысқа кенелесің

Қиыны мен қызығы қатар жолда

Шәкірттің бақытына бөленесің



Бағбанымыз шәкірттің , арман асқақ

Қиналсақ та жұмыста, қарбалассақ

Шаршамаймыз, талмаймыз, ізденеміз

Арман бар ма біздерде алға бассақ?



Мүмкіндік туа бермес , бұл бір кезім

Сайысқа сұранған ем мен де өзім

Сәттілік, ал ендеше әріптестер

Тілеймін зор денсаулық ,мықты төзім!





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
06.11.2018
3884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі