400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

шалғын өсімдіктері мен жануарлары 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты: дүниетану


4 «а» сынып


Сабақтың атауы

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары


Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады. Өсімдіктер мен жануарлардың жаңа атауларын дұрыс атай білуге, пікірлерін талқылауға үйренеді.


Шалғын туралы түсініктемелерді біледі. Шалғын өсімдіктері мен жануарларын ажыратып талдай алады. Қосымша тапсырмаларды орындап, талдай алады.

Мақсаты





Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Жарқырап күнде ашылды,
   Айналаға нұр шашылды.
   Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
   Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
   Мақсатымыз - білім алу,
   Міндетіміз - еңбектену,
   Еңбектену арқ
ылы,
   «5»-ке қолды жеткізу.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасы

  1. Өсімдіктер мен жануарлар неге өзінің тіршілік ортасына бейімделуі керек?

  2. Қандай жануарларды жойылып кеткен дейміз?

  3. Өсімдіктер тіршілігіне нелер қажет?

  4. Шалғында өсетін өсімдіктер, шөл далаға бейімделе ала ма?

  5. Далалы жерде өсетін түлкі мен қарсақтың түсі қандай болады? Сарғыш сұр


Топқа бөлу

II Топқа бөлу (гүлдер бойынша)

1.топ. Өсімдіктер.

2.топ. Құстар.

3.топ. Жануарлар.

Гүлдер арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақтар

Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ,

Балалары тұр қаптап.

                                (Бақбақ)


Саздауыт жерде өседі,

Хош иісі аңқыған,

Шипа өсімдік деседі

                                 (Жалбыз)

                                                                                  
   1. Дала кілемі не?
(Шөп, өсімдіктер)
   2. Біреуге найза түйрейді,
Өзі де содан күйрейді.   (Ара)
   3. Шидім, шидім,шидім құс,
Ши басына қонған құс
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс. (Шыбын)
   4. Құстай ұшады,
Құландай жортады,
Қойдан да қорқады.   (Қоян)

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру:

  • Бүгінгі  жаңа тарау – Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары. Соның ішінде «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары»

Сергіту сәті

Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)

Жаңа сабақ

Ертегі:

Ерте, ерте, ертеде ме, бәлкім осы күндері ме. Кең даланың төрінде, дүниетану жерінде, шалғын деген бір қария өмір сүріпті. Қарияның – қоңыраугүл, гүлкекірек, қалампыр, сарғалдақ, әсем деген қыздары мен қоянбек, тықшанбек, бөденеғали, шегірткеғали және көртышқанбек деген ұлдары болыпты. Олар кең далада емін еркін тату-тәтті өмір сүріпті. Қарияның қыздар көктем шыққанда құлпырып, ұлдар қорек жинау шаруашылығына кіріседі екен.

Сұрақ қою: Бұл ертегі не туралы деп ойлайсыңдар? Оны қайдан білдіңдер?

(Шалғынның суретін ілемін)

Жаңа сабақты түсіндіру. Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте - көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін - шалғын дейді. Шалғындар, көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл аңғарларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да және таудан да кездестіруге болады.

Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күнінде шөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ сияқты алуан, түрлі-түсті гүл күлтелері көздің жауын алады.

Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді. Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Шалғынды мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға: уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады. Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң қайнаған тіршілікке кездесесің. Жылдың бұл мезгілінде шалғынды бунақденелілер өте көп балады. Гүлден-гүлге қонып тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де гүлге ұқсас көбелектерді көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар да, көкшегірткелер,түкті аралар да қаптап жүреді.

Шалғында бөдене де көп кездеседі. Оның  шөп арасында «бытпылықтаған» дыбысы естіледі. Олар жорғалап жүріп, көбінесе шөп дәнімен, оның жас сабағымен , бунақденелілермен қоректенеді. Бөдене ұйысқан қалың шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады.

Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын. Ал, саршұнақ, көртышқан сияқтылар аз емес. Олар қалың шөптен бөктергінің көзіне онша түсе қоймайды және өз тіршілігіне қажетті басқа да жағдайлардың бәрін табады.

Оқулықпен жұмыс.Оқушылар тізбектей оқиды.Шығармашылық тапсырма. (Әр топ өз топтары бойынша постер қорғайды)

   VI Сергіту сәті.

   VII  «Рас па?» стратегиясы

  - Шалғынның шөптесін өсімдік өсетін жер екені рас па?
  - Сарғалдақтың бес сары күлтесі бар екені рас па?
  - Сарғалдақтың дымқыл жерді ұнататыны рас па?
  - Гүлкекіренің көгалдағы барлық гүлдерден биік болып өсетіні рас па?
  - Адамдарпдың көгорай шалғынға мал жаятыны рас па?
  - Көк шалғынның шағын джунглиге ұқсас екені рас па?
  - Түкті ара, балара, жабайы ара және
көбелектер гүлдердің тәтті нәрін жинайтыны рас па?
  - Дала тышқандары, көртышқандары, қояндар мен құстар
да шал паналайтыны рас па?
  - Шалғында бөденелердің көп кездесетіні рас па?
  - Шалғын үстінде бүркіттің шарықтап ұшып жүретіні рас па?

   VIII  Семантиткалық карта толтыру (топпен жұмыс)



1. Өсімдіктер тобы.


Құс

Бунақдене

Жануар

Өсімдік

Қоян



+


Түкті ара


+



Бүркіт

+




Қүреңот




+

 2. Құстар тобы.


Жануар

Құс

Өсімдік

Бунақдене

Жұпаргүл



+


Шегіртке




+

Бозторғай


+



Қөртышқан

+




 3. Жануарлар тобы


Өсімдік

Жануар

Бунақдене

Құс

Саршұнақ


+



Жоңышқа

+




Көбелек



+


Бөдене




+


Рефлексия

«Сабақты тест жұмысы арқылы бекіту»

   1. Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті аумағы жағынан үлкендерін не деп атайды?
 А. Көгал     
 Ә. Шалғын +     
 Б. Гүл

   2. Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктерді тап:
 А. Раушан, қызғалдақ    
 Ә. Балшатыр, қоғажай   
 Б. Уқорғасын
, сарғалдақ +

   3. Шалғында қандай құс көп кездеседі?
 А. Бөдене +       
 Ә. Қарға       
 Б. Қарлығаш

   4. Шалғында өз тіршілігіне қажетті жағдайлардың бәрін табатын жануарларды ата?
 А. Қасқыр, аю       
 Ә. Саршұнақ, көртышқан +             
 Б. Жолбарыс, түлкі

   5. Шалғында қандай бунақденелілер көп кездеседі?
 А. Қоңыз, көкшегіртке, түкті ара +    
 Ә. Қосаяқ, сартышқан
 Б. Қарақұйрық, сұркелес

   6. Шалғындағы ірі жыртқыш құс?
 А. Сұңқар     
 Ә. Бүркіт +       
 Б. Қарға

   7. Шалғын өсімдіктерін тап?
 А. Ботагөз, қазжуа
 Ә. Күреңот, жұпаргүл +
 Б. Жүзім, өрік

   8. Бөдене қанша жұмыртқа басып шығарады?
 А. 12-15        
 Ә. 40-50        
 Б. 10-20 +

  1. Шалғында өсетін өсімдіктерді ата.

  2. Пішен дайындалатын шалғынды не деп атайды?

  3. Шалғында кездесетін жануарларды ата.

Дәптермен жұмыс

Өсімдіктер

Жануарлар

Бунақденелілер

Құстар

Жоңышқа

Қылтанақсыз арпабас

Атқонақ

Жүпаргүл

Күреңот

Тышқанбұршақ

Саршұнақ

Көртышқан

Қоңыздар

Көкшегірткелер

Түкті аралар

Бөдене


Үйге тапсырма

Мазмұндау Жұппен беру.

1 жұп: Адам ағзасына бөдененің пайдасы.

2 жұп: Оның етін, жұмыртқасын қандай ауруларға пайдаланады.

3 жұп:Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер.

4 жұп:Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар.

5 жұп:Дәрілік өсімдіктер.

6 жұп:Адам өміріне қауіпті улы өсімдіктер туралы жазу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

«2 жұлдыз, 1 ұсыныс» Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып.

«Білім ағашына» ілу.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
917
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі