жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шалғындағы көбелектер
Білім беру саласы: Таным. Қатынас. Шығармашылық.
Бөлімі:Экология негіздері. Құрастыру /оригами/.
Қарапайым матем.ұғым.қалыптастыру.Тіл дамыту.Музыка.
Тақырыбы: Шалғындағы көбелектер7
Мақсаты: Балаларға көбелектер туралы түсініктер беру және дәстүрден тыс
оригами әдіс- тәсілін қолданып әдемі көбелектерді жасауға үйрету.
5 –дейін ретімен және кері санауды бекіту.
Тақпақтар арқылы балалардың сөздік қорларын, тілдерін байыту.
Балалардың көркемдік талғамын, ұсақ қол маторикасын дамыту.
Балаларды әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап арқылыәңгімелеу,тақпақтар.
Қолданылатын көрнекіліктер: күз мезгілі және әдемі көбелектер слаиды
Қажетті құрал- жабдықтар:түрлі-түсті қағаз қол сүлгілері,түрлі-түсті қысқыштар
Сөздік жұмыс:шалғын
Полибелингвалдық комп: шалғын – поляна, көбелек – бабочка – butterfiy
Іс-әрекет кезендері |
Бейін оқытушысының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
|
Күннің көзі ашылып. Көкте шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті. Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге. Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей балалар. Сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп. Бас иеміз біз. |
-шаттық көңіл күймен жаттығуға сай қимыл қозғалыстар жасады |
Ұйымдастыру- ізденушілік
Сөздік жұмыс
Полибилингв. комп.
Қызықтыру сәті:
Сергіту сәті:
Полибилингв.комп.
Рефлексиялық -түзетушілік |
-Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Балалар осы күз мезгілінің үш айын маған атап беріңдерші?
- Балалар кәзір күз мезгілінің қай айы? -Қараша айын қалай атаймыз?
- Балалар жауаптарың дұрыс - Ал балалар енді көгілдір экранға көнілімізді аударайық /күз мезгілі туралы слаид/
- Балалар күз мезгілі туралы тақпақтар айтып беріңдерші?
-Балалар күз мезгілінің алдында қандай жыл мезгілі болды?
-Балалар сендер жаз мезгілін жақсы көресіңдер ме?
Олай болса балалар бәріміз көзімізді жұмып, жаз мезгілін көз алдымызға елестетейік /жаз мезгілі туралы ән әуендері қойылады/
-Ал енді балалар көзімізді ашайық - Балалар айналаға қараңдаршы біз жаз мезгіліне еніп кетіптік. -Балалар қараңдаршы мынау не екенін сендер білесіңдер ме? Балалар бұл шалғын. Көптеген жасыл шөптер өсіп тұрған көгалды шалғын дейміз. Шалғын – поляна
Балалар бұл жап- жасыл шалған. Балалар бірақ бұл шалғында бір нәрсе жетпей тұрғандай сондай көңілсіз соны сендер байқадыңдар ма? -Балалар кәнекей көрейікші шалғында не бар?
Жасыл шалғынға не жетпей тұр? Гүлдерге не қонады? Балалар гүлдерге не сән келтіреді?
Үркіген көбелектер шалғынды айнала ұшады. Қолында көбелек аулағышы бар Дара келеді. -Балалар сендер көбелектер қайда ұшып кеткенін көрдіңдер ме? -Сәлеметсіңбе Дара Дара: Сәлеметсіңдер ме балалар Жетекші: Дара сен не істеп жүрсің? Дара сен көбелектерді ұстауға және аулауға болмайтынын білмейсін бе? - Шалғындағы көбелектер қайда ұшып кеткен десек сен көбелектерді үркітіп қуып жүрген екенсің ғой. -Дара көбелектер тірі жан екенін ұмытпа, көбелектер өте нәзік болады. -Балалар көбелектерді ұстауға бола ма? Көбелектердің пайдасы өте зор олар гүлдерді тозандандырады. Сен білесің бе Дара көбелектер сұлулықтың нышаны
Дара мен балалардың назарын көгілдір экранға аудару /көбелектер туралы слайд/
Дара сен енді түсіндің бе көбелектерге неге тисуге болмайтынын. -Ия балалар енді көбелектерге тисуге болмайтынын мен түсіндім
Дара: Балалар мен енді көбелектер туралы көп нәрсе білдім, Кешіріңдер мені балалар мен енді көбелектерге тиіспеймін. Жетекші: Дара біздің балаларөте ақылды олар көбелектер туралы тақпақтар біледі
Дара: Балалар көбелектер туралы тақпақтар біледі екенсіңдер.
Жетекші: Дара біздің балалар кәзір саған мына шалғында қанша әдемі гүлдер бар екенін санап береді.
Дара: Олай болса 5 –тен 1-ге дейін кері санап беріңдерші? Жетекші: Көрдің бе Дара балалар кері де санай алады. Балалар гүлдеп тұрған гүлдердің түстері қандай?
Дара: -Балалар мен күні бойы көбелектерді қуып қатты шаршап тұрмын. Олай болса балалар кәнекей Дарамен көңілдісергіту жаттығуын жасайық
Жетекші:Дара саған жаттығу ұнады ма? Дара: -ия маған жаттығу ұнады мен серігіп қалдым Жетекші: -Балалар сендерге де жаттығу ұнады ма? Жетекші: Дара балалар сендердің көңіл күйлерің көтерілді, ал мына шалғандағы гүлдер көңілсіз тұр. Балалар гүлдерге көмектесемізбе? Гүлдерге не қондырамыз?
Балаларға оригами туралы түсінік беру. Балаларға түрлі- түсті қағаз сүлгілерді бүктеу арқылы көбелектерді жасауәдіс- тәсілін көрсету, түсіндіру, үйтеру. Балаларға жұмыс тәртіп ережелерін еске түсіру Көбелек – бабочка – butterfiy
Балалардың жеке жұмыстары. Жетекші: Дара қарашы балалар қандай керемет көбелектерді жасады саған ұнай ма? Дара: -Ия қандай әдемі көбелектер, балалар мен де көбелек жасадым. Жетекші: Ал, енді балалар осы әдемі көбелектеріңді өз гүлдеріне қондырыңдар. Көбелек туралы тақпақтар:
Дара:Балалар мен де әдемі көбелегімді гүлге қондырайын. Жетекші.Балалар ал енді жасыл шалғынымыздағы гүлдердің көңілдері көтеріліп сендерге рахмет айтып жатыр. Дара:-Балалар сендерге көп рахмет мен енді осы шалғындағы әдемі гүлдермен көбелектерге қамқор боламын.
Жетекші: Ал, енді Дара біздің балабақшаға кететін уақытымыз болып қалды. Дара сенің әрқашан көңілің көтеріліп жүрсін деп кішкентай ару қызымыз Камилаханым «Мен ауылға барамын» өлеңін тарту етеді.
Балаларды тынышталдырып қайтадан орындарына отырғызып көздерін жұмып күз мезгіліне оралу /жай ән әуені қойылды/
Ал, енді балалар көзімізді ашайық. Балалар біз жылдың қай мезгіліне ендік? Ол жерде не бар екен? Шалғын дегеніміз не? Дара нені қуып жүр екен? Біз не жасадық?
Көбелектерді жасағанда қандай әдіс- тәсілін қолдандық?
Көбелектерді нелерге қондырдық? Балаларды мақтап әр түрлі әдемі көбелектерді естелікке тарту
|
- кәзір жылдың күз мезгілі
- күз мезгілінде үш ай бар
- қыркүйек, қазан, қараша
- күз мезгілінің қараша айы - қара күз деп атаймыз
- балалар зейін қойып қызыға қарайды
-Инабат Көк аспаным мөлдіреп Алтын күзім елжіреп Асыр салып жүре бер Сары көйлегің желбіреп
-Кәусәр Алтын, сары, қызыл, көк Алуан –алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап О, алақай тамаша Шашу шашып жапырақ Бақтың іші алаша Жатар ма едім аунап ап
-жаз мезгілі болды
-ия біз жаз мезгілін жақсы көреміз
-балалар тыныш отырып көздерін жұмады, ән әуенін қызыға тыңдайды
- балалар көздерін ашады
-жоқ білмейміз
- қайталайды - шалғын –поляна
-әдемі әр түрлі гүлдер, жап- жасыл шөптер, жәндіктер бар
- көбелектер -көбелектер гүлдерге сән келтіреді
-ия көрдік
- сәлемсізбе Дара
-жоқ білмеймін
-болмайды
- білмеймін
-зейін қойып қызыға қарайды
- Қайыржан Тұтқиылдан састыра Жаңбыр жауса себелеп Тақияның астына Тығыла ғой көбелек
- Керімжан Мен тимеймін жасқанба, Дос болайық көбелек Жайнап тұрған бақшамда Гүлдерімді көре кет
- Диана Көк шалғында Дара Қуып жүрді көбелек Қызыл сары қанатты Қызғалдақтай керемет
-Бір, екі,үш, төрт, бес
-Бес, төрт, үш, екі, бір
-ақ, қызыл, сары, көк, жасыл түсті гүлдер
- жақсы көңіл күймен көгілдір экранға қарап жаттығуға сай қимыл қозғалыстар жасады
- ия ұнады
-ия көмектесеміз -гүлдерге әр түрлі көбелектерді қондырамыз
- зейін қойып қызыға қарайды
-қайталады - көбелек – бабочка – butterfiy
-балалар көбелектерді гүлдерге тақпақтап қондырады -Камилаханым Көбелек –ау көбелек Әдемісің керемет Гүлге келіп қона ғой Өзіңде гүл бола ғой
- Айсезім Көбелек –ау, көбелек Әдемісің гүлдейсің Ұстап сені не керек Ойнамайсың күлмейсің.
- Жаннұр Көк көйлек, көк көбелек Көздері дөп дөңгелек Гүл көрсе күлімдейді Қолыма ілінбейді Көк шөптің арасынан Түр- түсі білінбейді
-балалар қосыла өлең айтады
- балалар тыныш отырып көздерін жұмады, ән әуенін қызыға тыңдайды
- балалар жайлап көздерін ашады -жаз мезгіліне ендік
- жап- жасыл шалған -жасыл көгал - көбелектерді қуып жүр - біз әр түрлі көбелектерді жасадық
- түрлі- түсті қағаз сүлгілерін бүктеу әдісін қолдандық
-гүлдерге қондырдық
- қуанды
|
Күтілетін нәтиже:
Білді: Балалар көбелектер туралы тақпақтар айта алды.
Оригами туралы түсініктері кеңейді.
Меңгерді:Түрлі-түсті қол қағаздарын бүктеу әдіс- тәсілін игерді.
Жасай алды:Түрлі- түсті парақтардан көбелектерді бүктеу арқылы жасап әр түрлі
гүлдерге қондырды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген