400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шалқан ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
өтте қажетті материалдар сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

2016

Бекітілді_____________

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Блок: «Заттар әлемі»

Апта тақырыбы: «Жер,су,ауа»

Білім беру саласы: «Драма»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Коммуникация»

Тақырыбы: «Шалқан»Орыс халық ертегісі(үстел үсті театры)

Мақсаты:Балаларға ертегі мазмұнын түсініп, жүйелі әңгімелей білуге дағдыландыру. Кейіпкерлердің іс - әрекетін, мінез құлқын, айта білуге үйрету. Театр түрлерімен таныстыру:(үстел үсті). Ертегі арқылы балалардың тілдерін дамыту.Достыққа, бір - біріне қамқорлық жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: : «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері, көкөністер.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,мағұлмат беру,үйрету.

Билингвальды компонет.Шалқан-Репка,ертегі-сказка,кейіпкер-персонаж.

Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекет қызметі

Балалардың іс-әрекет қызметі

Мотивациялық- қозғалушылық

Шаттық шеңбері Қолды белге қоямыз, Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс айтасыңдар.

(Біреу есік қағады)

- Балалар бізге конаққа торғай ұшып келді.

Амандасайық.


- Балалар, қараңдаршы торғай өзімен бірге көптеген суреттер әкеліпті. Қанеки

көрейік, қандай суреттер екен?

-Қараңдаршы балалар мынау қандай сурет?

-Балалар мұның бәрін бір сөзбен «көкөністер» деп айтамыз.

-Шалқан-репка, көкөніс-овощь.

-Көкеністер қайда өседі?

- Торғай сен білесің бе, біздің балалар көптеген ертегілер біледі және театр түрлерімен көрсете алады.

-Солай ғой балалар? Қане, кане түрамыз.

Үлкен шеңбер құрамыз.

Біз бақытты балдырған ,

Біз көңілді балдырған Ойыншықпен ойнаймыз.

Тату-тәтті боламыз.

-Сәлеметсіздер ме, қонақтар?

-Қош келдің торғай

-Сәбіз, орамжапырақ,

шалқан, сарымсақ.

-Балалар хормен қайталайды.

-Бақшада өседі.

-Иә,солай.


-Олай болса балалар торғаймен бірге ертегі арман, қиялым атты саяхатқа барайық. Ұшып келеміз, бұлттардан өттік, биік-биік таулардан өттік, өзендерден өттік. Балалар біз ертегілер еліне келдік. Енді торғайға айтып берейікші бізде қандай театр түрлері бар екен. –Торғай сен театр түрлерімен таныстың, енді бәріміз әрі қарай ұшайық. Ұшып келеміз, таулардан өттік, өзен-көлдерден өттік. -Қараңдаршы балалар қандай әдемі үй. Бұл үйде апа мен ата тұрады екен. -Ата бақшасына көкөністер мен жемістер егіпті. Бақшадағы көкөністер мен жемістерді атайық.

-Біз қай көкөніс туралы ертегі

білеміз?

-Атай бақшасына шалқан егіпті. Шалқанға су құйып, күтіп баптапты. Күзде шалқан үлкен болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олай тартқылайды, былай тартқылайды, жұла алмайды.

-Атай әжейді шақырады.


-Әжей келіпті, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Олай тарткылайды, былай тартқылайды, жұла алмайды. Әжей немере қызын шақырады.

-Немере қызы келеді, ол әжейдің белінен ұстайды. Атасы, әжесі, немересі үшеуі шалқанды олай тартқылайды, былай тартқылайды, жұла алмайды. Немересі күшігін шақырады.

-Күшік келеді. Атасы, әжесі, немересі және күшік төртеуі шалқанды олай тартқылайды, былай тартқылайды, жұла алмайды. Күшік мысықты шақырады.

-Мысық келеді. Атасы, әжесі, немересі және күшік, мысық бесеуі шалқанды олай тартқылайды, былай тартқылайды, жұла алмайды. Мысық тышқанды шақырады.

-Тышқан келеді. Атасы, әжесі, немересі және күшік, мысық, тышқан барлығы шалқанды олай тартқылап, былай тартқылап, жұлып алады.

Сөйтіп балалар ертегі аяқталады.


Күз


Балалар сураққа жауап береді.




Балалар амандасады.









Балалар сұрақтарға жауап береді.









Шеңберге тұрады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың белсенділігін бағалау,мақтап мадақтаулар айтамын.

Балалар ертегі немен айақталғанын айтып береді.





Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Балалар шалқан ертегісімен танысты. Ертегіні рөлге бөліп

ойнай алады.

Игереді: ертегіні түсініп, түсініктерін өз сөздерімен жеткізе білуді.

Меңгереді : Балалар кейіпкерлерді айта алады.

Толтырған:Төлегенова .Ә.Қ


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі