Материалдар / Шалқан ертегісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шалқан ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі мазмұнын түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
653
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шалқан ертегісі

«Шалқан ертегісі»
Сабақтың
тақырыбы: Шалқан ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: ертегі мазмұнын түсініп, жүйелі әңгімелей білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Кейіпкерлердің іс - әрекетін, мінез құлқын, айта білуге үйрету. Театр түрлерімен таныстыру:» үстел үсті, саусақ театры, көлеңке театры, фланелеграф театры). Ертегі арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа, бір - біріне қамқорлық жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: көкөністер суреті, шалқан ертегісінің кейіпкерлері.
Қажетті құралдар: үйдің макеті.
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу рәсімі.
- Балалар жылдың қай мезгілі?
Күз айы неше айдан тұрады?
Ғажайып сәт.
( Біреу есік қағады)
Амандасайық.
- Сәлеметсің бе қарлығаш!
- Балалар міне қараңдар, тобымызға Қарлығаш ұшып келді. Өзімен бірге сиқырлы сандығы бар екен.
- Балалар, қараңдаршы қарлығаш өзімен бірге көптеген суреттер әкеліпті. Қанекей көрейік, қандай суреттер бар екен?
- Пияз, орамжапырақ, шалқан, сарымсақ.
- Балалар мұның бәрін бір сөзбен «көкөністер» деп айтамыз.
- Көкөністер қайда өседі?
- Бақшада өседі.
- Иә, солай.
- Мен сендерге жұмбақ айтамын, сендер не екенін ойланып табуға ойланыңдар.
Бұтақ та ілініп тұрамын.
Піскен себетке құладым.
(Жеміс)
Әкеміз ала баспақ асырады.
Күз келсе соямын деп асығады.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл.
(Қарбыз).
Ашулы қонақ бұл анық.
Тонын шешсе жыладық.
(пияз)
Сусыз піскен ас көрдім.
Домалаған бас көрдім.
(қауын).
Көк лағым көгенде тұрып семірген.
(қарбыз)

Дидактикалық ойын: «Көкөністермен мен жемістерді» ажырату.
- Кәне, тағы қарайыншы сандықта тағы не бар екен.
- Бұл қандай ертегі екен, қане ашып көрейік.
Сандық ішінен «Үйшік ертегісінің» кейіпкерлерін шығарып көрсету. Соңынан»Шалқан ертегісін» көрсету.
- Олай болса балалар қарлығашпен бірге арман, қиялым атты саяхатқа барайық. Ұшып келеміз, бұлттардан өттік, биік - биік таулардан өттік, өзендерден өттік. Балалар біздер ертегілер еліне келдік. Енді қарлығашымызға айтып берейікші бізде қандай қандай театер түрлері бар екен.
- Саусақ театры, үстел - үсті театры, көлеңке театры, қуыршақ театары, фленелеграф театры.
- Қарлығаш сен театр түрлерімен таныстың, енді бәріміз әрі қарай ұшайық. Ұшып келеміз, таулардан өттік, өзен - көлдерден өттік.
- Қараңдаршы балалар қандай әдемі үй. Бұл үйде ата мен әже тұрады екен.
- Ата бақшасына көкөністер мен жемістер егіпті.
Бақшадағы көкөністермен мен жемістерді атайық.
- Біз қай көкөніс туралы ертегі білеміз бе?
- «Шалқан ертегісі»
- Олай болса балалар осы»Шалқан» ертегісін мен көлеңкелеу арқылы көрсетіп айтып берейін.
Тәрбиеші: - Атай бақшасына шалқан егіпті. Шалқанға су құйып, күтіп баптапты. Күзде шалқан үлкен болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ болып, шалқалай тартады. Олай тартады, бұлай тартады, жұла алмайды.
- Атай әжейді шақырады
Әжей келіпті, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, жұла алмайды. Әже немере қызын шақырады. Немере қызы келеді, ол әжейдің белінен ұстайды. Атасы, әжесі, немересі үшеуі шалқанды олай тартқылайды, былай тартқылайды, жұла алмайды. Немересі күшігін шақырады. Күшік келді. Атасы, әжесі, немересі және күшік төртеуі шалқанды олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, жұла алмайды. Күшік мысықты шақырды. Мысық келеді. Атасы, әжесі немересі және күшік, мысық бесеуі шалқанды олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, жұла алмайды. Мысық тышқанды шақырады. Тышқан келді. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, бұлай жұлқылайды қатты тартқанда суырып алады.
Енді балалар осы «Шалқан ертегісін» кейіптендіріп берейікші.
Ата шалқан егіпті, шалқан үлкен өсіпті. Шалқанды ата желегінен ұстап тартыпты жұла алмапты, көмекке ол үйде жүрген кемпірін шақырды.
Кемпірі атайдың белбеуінен ұстап тартады, жұла алмады ой - ой...
Екеуі тартты ырғады жұла алмады ой - ой..
- Немерем, немерем тез кел. Бақшадағы шалқан үлкен болып өсіпті.
- Күшігім, күшігім тез кел. Бақшадағы шалқан үлкен болып өсіпті.
Жұла алмай жатырмыз, көмектес.
Мысығым, мысығым тез кел көмектес.
- Тышқан, тышқан тез кел көмектес. Тышқан келді көмекке.
Арлы - берлі ырғады жұлып алды шалқанды.
- Қарлығаш саған ертегі ұнады ма?

Қорытындылау.
- Балалар біз қандай ертегіні тамашаладық?
- Атай бақшасында қандай көкөніс егіпті?
- Атай кімдер көмектесті?
- қандай театр түрлерін білеміз?
Ал сендер ата - әжелеріңе көмектесесіңдер ме?
Міне қандай тату - тәтті отбасы! Бір - біріңе көмектесіп, өз туыстарың қамқорлық көрсетіңдер.
- Балалар қарлығашқа біздің ойындарымыз ұнады. Сендердің өнерлеріңе риза болды.
- Қарлығаш біздің балалар өте мейірімді, қамқоршыл. Біздің бау - бақшамыздың көкөністері мол болсын дей отыра, «Ертегілер еліндегі» орыс халқының «Шалқан» ертегісін көлеңкелеу театрымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Ортаңғы топ тәрбиешісі
Кабдуахитова Сағия Тілеккабыловна



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!