КЕЛІСІЛДІ БЕКІТІЛДІ
«Нұрлы жүрек» ӘҚКО» КММ «Нұрлы жүрек» ӘҚКО» КММ
күндізгі бөлім әдіскері оқу-әдістемелік және тәрбие
________А.А.Сейдазимова жөніндегі директордың
«___» _________ 2019ж орынбасары__________
М.А.Зейнелова
«__» _________2019ж
|
|
Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ |
|
|
«Оқу-әдістемелік кеңесі» |
«Шалқан» ертегісі
Астана
«Шалқан» ертегісі
Тәрбиелік мақсаты: Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға қоршаған орта, яғни жыл мезгілдерінің өзгеріске ұшырап отыратыны,жемістер мен көкөністерді қалай егіп,жеміс алуға болатыны туралы түсіндіру.
Осы ертегі барысында балаларға отбасы мүшелерінің бір-біріне деген мейірімділігін, ауызбіршілігін, қамқорлығын көрсету.«Бірлік болмай, тірлік болмас», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақалдардың мағынасын қарапайым тілде түсіндіру.
Түзету-дамыту мақсаты: Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға түрлі ойындар мен ертегілерді қолдану арқылы олардың ойлау, көру,есту, есте сақтау дағдыларын қалыптастыра отырып, ұсақ моторикасын, танымдық қабілеттерін, зейінін дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер:
«Шалқан» ертегі туралы слайд,үйшік,бау-бақшаның көрінісі, күрек,қолдан тігілген үлкен-кіші шалқандар.
Рөлдерді сомдайтын педагогтаржәне балалар: Шал – Ляззат.М Кемпір- Сауле.М
Немере – Гульдерай.Г.
Ит – Айбала
Мысық – Аяулым
Тышқан– Інжу
ЖҮРГІЗУШІ: Ерте, ерте, ертеде, ауылдағы бір үйде тату-тәтті жанұя тұрыпты.Қария мен кейуана бір-біріне көмектесіп,бір-бірін үнемі қолдап келеді екен(шал мен кемпір есік алдында әңгімелесіп отырады)
Олардың өздеріне лайықты бау-бақшасы болған екен. Көктем шыға шал бақшасына түрлі көкөністер егіпті. Қария өзі еккен егінді уақытылы суғарып, арам шөптерін жұлып, бақшасын күнделікті баптап жүреді екен.
КЕМПІР: Шал-ау, күн болса жылып келеді.Егіс егетін уақытта жақындап қалды,бақшаға дақылдармен көкөністердің тұқымын қашан саласын?Бақшаны барып көріп келсейші!
ШАЛ: Жарайды,барып көріп келейін(шал күрегін қолына алып,аяңдап бақшаға қарай бет алады,күрекпен жерді қопарып,дақылдарды сеуіп , үйіне келеді...). Уһ шаршадым,шәйің барма кемпір?(деп екеуі шәй ішеді)
ЖҮРГІЗУШІ: Асыға күткен жаз келді,күн жарқырап,жер құлпырып гүлдеді, араларгүлдерге қонып, бал жинайды. (аралар гүлдерден бал жинайды)
ЖҮРГІЗУШІ: Қария бақшаға егінді суғаруға барады,қараса шалқан әжептеуір өсіп қалыпты. Шал қуанып үйіне келеді, кемпірі шаршап келе жатқан шалының алдынан шығып сусын ұсынады.(екеуі отырады)
ЖҮРГІЗУШІ: Жаз да өтіп, күз келді, жапырақтар сарғайып, жемістер мен көкөністер пісе бастайды. Күндердің бір күнінде шал бақшаға барып қалса, еккен егістерінің ішінен ерекше үлкен болып шалқанды көреді. Шал шалқанды әрі-бері, әрі-беріырғап, суырап алмақшы болады, дегенмен оған шамасы келмейді. Сонан соң үй жаққа қарап, кемпірін шақырады.
ШАЛ: Кемпір, ау кемпір,кел мұнда, мына шалқанға қарашы, тым үлкен болып өсіпті, жұлайын десем шамам келер емес, көмектесші - депті. (Оны естіген кемпірдің қуанышы қойнына сыймай жүгіріп келеді.)
КЕМПІР: Қане, шамаң келмей жатқан шалқаныңды көрсетші маған(деп , шалқанның арғы жағынан бір қарап,бергі жағынан бір қарап). Қараңдаршы шалқанға, бойы өсті аспанға! Қане екеулеп тартып көрейік.
Қане ары, қане бері
Шалқанды біз тартамыз.
Бірақ оны орнынан,
Қозғалта да алмаймыз!
(Екеуі «уһ» деп терлерін сүртеді).
ЖҮРГІЗУШІ: Екеуі аһлап-үһлеп, маңдайларынан шып-шып аққан терлерін сүртіп, «енді қайтеміз» дейді. Суыра алмай шалқанды, кемпір немере қызын шақырады.
КЕМПІР: Қызым, қызым келе ғой, мына шалқанды жұлуға күшіміз жетер емес.
НЕМЕРЕСІ: Таңмен тұрып мен ерте, тыным таппаймын үйде, едендерді сыпырамын, ыдыстарды мен жуамын, тауықтарға жем шашамын, гүлдерге де су құямын, мен кішкентаймын, мен шаршаймын. (Әжесі мен атасы ренжіп қалады, ал шалқанды көрген немересі таң қалып, «мәссаған» - деп, санын ұрады).
Жақсы, жақсы барайын, көмегімді берейін.(деп, әжесінің белінен ұстап, бар күшімен шалқанды тарта бастайды. )
Қане ары, қане бері
Шалқанды біз тартамыз.
Бірақ оны орнынан,
Қозғалта да алмаймыз!
(Үшеуі «уһ» деп терлерін сүртеді).
ЖҮРГІЗУШІ: Үшеулеп жабылып тартса да шалқан тұрған жерінен қозғалмай тұра береді. Сөйтіп, суыра алмай шалқанды немере қызы қолын бұлғап үйдегі итті шақырады.
НЕМЕРЕСІ: Ақтөс, Ақтөс кел мұнда, бізге сенің көмегің қажет. Біз барлығымыз жабылып тартсақ та мына шалқанды жұла алар емеспіз. Егер көмек берсең, менен сыйлығыңды аласың(қалтасынан сүйекті шығарып көрсетеді). Қане белімнен ұста-дағы бар күшіңмен тарт. Жарай ма? Қане!
Қане ары, қане бері
Шалқанды біз тартамыз.
Бірақ оны орнынан,
Қозғалта да алмаймыз!
(Төртеуі «уһ» деп терлерін сүртеді).
ЖҮРГІЗУШІ: Дегенмен, шал, кемпір, немересі, иті қанша қозғаса да шалқанды орнынан қозғалта алмайды.
Суыра алмай шалқанды, Ақтөс қолын бұлғап мысықты шақырады.
МЫСЫҚ: Мені неге шақырды екен, мүмкін қаймақ, мүмкін сүт, (иіскеп қояды), әлде шұжық берер ме екен?
БАРЛЫҒЫ: Жоқ, жоқ -дейді.
МЫСЫҚ: Жақсы, жақсы барайын, көмегімді берейін!
БАРЛЫҒЫ: Қане ары, қане бері
Шалқанды біз тартамыз.
Бірақ оны орнынан,
Қозғалта да алмаймыз!
(Бесеуі «уһ» деп терлерін сүртеді).
ЖҮРГІЗУШІ: Суыра алмай шалқанды, мысық көмекке тышқанды шақырады.
ТЫШҚАН: Жоқ, жоқ бүгін демалыс қой, ірімшікті жеп алып, демалсам ба деп едім. Мен болмасам бұл маңда, не істер едіңдер сонда?дейді.(Барлығы ренжіп, теріс қарап қалады).
ТЫШҚАН: Жақсы, жақсы барайын, көмегімді берейін!
БАРЛЫҒЫ: Қане ары, қане бері
Шалқанды біз тартамыз.
Барлығымыз жабылсақ,
Суырып біз аламыз!
( деп, шалқанды суырып алып,барлығы жерге құлайды)
ЖҮРГІЗУШІ: Осылайша отбасы мүшелері жабылып үлкен шалқанды ырғап-ырғапсуырып аладыдағы,барлығы қуанады. Ал кемпір жанұясына арнап дәмді тағам пісіреді.
ШАЛ: Ал, менің отбасым, мінекей «Жалғыздың шаңы шықпас» -демекші, жалғыз өзімнің шамам келмеді, ал барлығымыз жабылып үлкен жұмыс атқардық. «Бірлік бар жерде тірлік бар» - деген осы болар ,сірә. Барлықтарыңа рахметімді айтып,батамды берейін!(шал батасын айтып,барлығы беттерін сипап,аумин дейді)
ЖҮРГІЗУШІ: Осылайша қарияның отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрметтері артып, сыйласып, бір-біріне қамқоршы болып, қандай жұмыс болса да бірге атқарып, көп жылдар бойы тату-тәтті өмір сүрген екен дейді.
Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлесіп істеген істің,әрдайым жемісті болатыны анық.
Құрметті ертегіні тамашалауға келген қонақтар, біздің кішкентай көрермендеріміз!
Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін көп рахмет!
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Дайындаған:___________Баекеева Г.Ш.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шалқан ертегісі

шағым қалдыра аласыз