400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шалқан ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Шалқан ертегісі балабақша балаларына сахналау үшін керекті материал.Тәрбиешілерге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын орталық тобының  ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық  картасы.  

Тақырыбы: «Шалқан ертегісі»  (сахналық қойылым)

Мақсаты: балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін, сөз қорын жетілдіру, жан – жақты білімдерін кеңейтіп, өзін – өзі көпшілік мәдени ортада, әдепті, әдемі болуға үйрету, достық пен сыйластыққа үйрету.

Көрнекіліктер: адам мен аңдардың бет перделері,суреттер.

Әдіс тәсілдері: сұрақ, жауап көрініс.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: Қызыл телпек, маша мен аю, мақта қызбен мысық.
Тәрбиеші: Балалар сендер көп ертегі біледі екенсіндер. Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз орыс халқынын ертегісі «Шалқан»
.Біз бүгін «Шалқан» ертегісін сахналаймыз.
Автор: Баяғыда  бір  үйде,

Шал мен кемпір болыпты.

Тірліктеріне өмірде,

Көңілдері толыпты.

 Бір күні шал аулаға,

Шалқан дәнін егіпті.

Шалқан қашан піскенше,

Маңдай терін төгіпті

 Шалқан әбден піскесін,

Шал келеді жұлуға.

Арлы – берлі тартқылап,

Жұла алмасын біледі.

 Шақырады көмекке,

Үйде жүрген кемпірін.



Екеуі жұлып ала алмай

Шаршап қалды ентігіп,

 Шақырады тағы да,

Немересін үйдегі

Үшеулеп жүріп тартса да

Шықпайды шалқан түйнегі

Үшеуі жүріп ойланып,

Шақырады күшігін,

 

Төртеуі тартып ары – бері,

Шаршады, әбден терледі.

Мысығы келді көмекке,

Онда да әлдері келмеді.

 

Не істеу керек деп,

Отырып бәрі ойланды.

Көмекке енді келетін,

Үйде енді кім қалды.

 

Үйлерінде тышқаннан,

Басқа ешкім жоқ еді.

Шақырғасын тышқанды,

Көмекке ол да келеді.

 

Шалы барып шалқанның,

Сабағынан ұстайды,



Бір – біріне жалғасып,

Күштерін жиып нықтайды.

 

Жабылып бәрі тартады,

Күштері енді артады,

Бірлесіп тартып қалады,

Шалқанды жұлып алады.

Автор-Мұрат Парасат
Шал – Кеңесбай Махамбет
Әже – Теміржан Айназ
Қыз – Талғат Аяна
Ит – Жеңісбек Нұрдәулет
Мысық – Самат Батырхан
Тышқан – Нұржан Алишер
Қортынды: Балалар бүгін қандай ертегімен таныстық?
Балалар: Шалқан ертегісімен



Тәрбиеші: Балалар біздер бәріміз еңбекқор атамыздай болайық, атамыздың шалқан өскен бақшасына арнап «
Көңілді жемістер» биін билеп берейік.
Бау – бақшамыздын жемістеріміз көп болсын дей отыра «Ертегілер еліндегі» орыс халқынын «Шалқан» ертегісі атты
ойын-сауығымыз аяқталды.
Сау болыңыздар.



















Есбол орта мектебі















(Орыс халық ертегісі)


(Шағын орталық тобы)



Тәрбиешісі: Есенаманова Ақтоты Жоламанқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі