«Шалқан» ертегісін
сахналау.
Мақсаты: Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын
арттыру. Ақыл-ой, ес, зейін қабілеттерін, диалогты сөйлеу
мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Бір –біріне көмек көрсетуге
үйрету. Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Автор:
Ерте ерте ертеде ертегілер
елінде ауылдағы бір үйде тату тәтті жанұя
тұрыпты.
Олардың бақшасы болыпты.Атасы
ерінбей бақша егіп, шалқан отырғызыпты.
(Атасы қолына күрек алып жерді қазып шалқанды
отырғызады.Содан кейін маңдайының терін сүртіп былай
айтады)
Ата:
Өс шалқаным тәп -тәтті
Өс шалқаным қап-
қатты.
Дәмді болып өссе екен.
Жемісім мол берсе екен.
(Орнына барып отырады).
Автор:
Асыға күткен жаз келді
Жер құлпырып гүлдеді
Айнала ұшып гүлдерді
Көбелектер
билейді.
Қыздар шығып гүлдерді айнала би билейді. Аяла мен
Аида
Немере қызы шығып гүлдерге су құйып
шығады.
(Билеп билеп көбелектер үйлеріне
қайтыпты)
Автор:
Жазда өтіп күз келді
Жапырақтарды бояды.
Бақша толып жеміске,
Жиын терім басталды.
Айсултан
(шалқан) орнынан тұрып
айтады:
Қараңдаршы бойыма
Қараңдаршы түсіме.
Айтатындай мақтана
Мені жейді
тамсана.
Автор: Атасы шалқанды ары- бері ары
-бері ырғап тартады.Суыра алмай шалқанды шал көмекке кемпірін
шақырады.
Апасы: -Қарандаршы шалқанға бойы өсті
аспанға.
Атасы: -Әй әй кемпір мақтанба
көмектессенші шалына.
Апасы: -Жарайды көмектесейін шалыма,
- дейді.
Автор: Шалқанды ары-бері, ары-бері
ырғап тартады. Суыра алмай шалқанды апасы көмекке немере қызын
шақырады.
Медина: Мен үйде көмектесем
бәріне
Ыдыстарды жуамын,
Еденді де сыпырамын,
Тауықтарға жем беріп ,
Гүлдерге су құямын.
Айтқан тілді аламын.
Көмегімді мен
берейін.
Автор: Шалқанды ары- бері ары -бері
ырғап тартады. Суыра алмай шалқанды немере қызы көмекке күшігі
Ақтөсті шақырады.
Медина:
-Ақтөс күшігім келе ғой.
Рамазан:
- Аф аф- Мені не үшін
шақырдыңдар?
Медина:
Мазалағаным үшін кешіре ғой ,
Берсең бізге көмегіңді.
Аласың міне сыйлығыңды.-деп қалтасынан алып
сүйекті көрсетеді.
Автор: Шалқанды ары-бері, ар -бері ырғап тартады. Суыра
алмай шалқанды күшік көмекке мысықты шақырады.
Бақнұр:
- Мяу мяу мені неге шақырды екен маған сүт берер
ме екен әлде шұжық берер ме екен. Бәрі хормен жоқ жоқ жоқ деп
айтады.
Апасы:
- біз сені көмекке шақырдық деп
айтады.
Бақнұр:
- Жақсы берейін мен көмегімді.
шалқанды ары- бері ары -бері ырғап тартады. Суыра
алмай шалқанды мысық көмекке тышқанды шақырады.
Райян:
-Шиқ шиқ мен болмасам не етер едіңдер?! Жақсы
көмектесейін.
Автор: Шалқанды ары- бері ары -бері ырғап тартады да
жұлып алады.
(Атасы сөз сөйлейді. Апасы сөз
сөйлейді)
Автор:
Балалар жұмыла көтерген жүк жеңіл деп текке
айтылмаған. Татулық пен достықтың арқасында шалқанды бірге жұлып
алды.Әрқашан тату болып көмектесіп жүріңдер.
Осымен ертегіміз аяқталды.
Ертегілер әлемінде сіздерге өнер
көрсеткен:
Динара Ж, Жадыра С, Айсұлтан Еркенұлы, Медина
Мерейқызы, Рамазан Русланұлы Бақнұр Азаматұлы, Райян Бауыржанұлы,
Аида Мерейқызы, Аяла Алмасқызы.