400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шалқан (ертегісі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған іс әрекеті . Мектеп жасына дейінгі балаларға ортаңғы топтарға арналған Ертегі арқылы балалар түстерді есте сақтау қабілеті дамып, ертегіге деген қызығушылық артады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу іс-әрекет: «Коммуникация» білім беру саласы

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шалқан» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу

Қолданылатын көрнекі құралдар: атрибуттар, хрестоматия,түрлі –түсті жолақшалар.

Сөздік жұмыс: шалқан, ата, әже, қыз, мысық, күшік, тышқан

Көптілділік: ертегі –сказка-fairy tale ,шалқан –репка-turnip, көк-синии-blue,қызыл-красный-red,жасыл-зеленый-green , қара-черный -blak,сұр-серый-gray

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық





Ұйымдастырушы

лық-ізденістік






















































Рефлексиялық-түзетушілік


Шаттық шеңбері.

Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Н.Айтов

Кіріспе әңгіме.

Мен сендерге Шалқан ертегісін оқып беремін.Бірақ ертегідегілердің үстіндегі киімі түрлі түсті мұқият тыңдап отырамыз сосын ертегіні мазмұндаған түстерді қолданамыз.

Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал көк күбәйкесін киіп шығып, шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады.
Қызыл шәлісін тағып кемпір шығады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. 
Кемпір көмекке немере қызын шақырады.
Жасыл белдемшесін киіп немере қызы шығады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқан нан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды. Немере қызы итін шақырады. Көмекке қара иті келеді.Ит қыздың ететінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмай ды. Енді ит көмекке сары мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпір ден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса,
сұр тышқанды шақырады. Сұр тышқан келіп сары мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит жасыл белдемшесін киген немере қызының етегінен, қыз Қызыл шәлілі кемпірден, кемпір көк күбәйкелі шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.

Балалар тыңдаған ертегінің кейіпкерлерін түстермен рет-ретімен қояды. 

Көк

қызыл

жасыл

қара

сары

сұр

Сұрақ-жауап.

-Қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтадыңдар?

-Ата көмекке кімді шақырды?

-Әже көмекке кімді шақырды?

-Немересі кімді шақырды?

-Күшік кімді шақырды?

-Мысық кімді шақырды?

-Сонымен бәрі бірігіп не істеді?

Қорытындылау.

- Ендеше, балалар, өздеріңе ұнаған кейіпкерлердің атрибутын киіп, ертегіні сахналайық.



Қимылдар жасайды.











Балалар қызықтайды.






































Балалар ертегіні мазмұндағанда түстерді көрсетеді


-Әжені.

-Немересін.

-Күшікті.

-Мысықты.

-Тышқанды.

-Шалқанды жұлып алды.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек : ертегіні мұқият тыңдауды

Игеру керек: : сахналау арқылы мазмұнын игереді.

Меңгеру керек: ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл күйін сезінуді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі