400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Шалқан" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіші топ балаларына ұйымдастырылған қойылым ертегі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Шалқан» ертегісін сахналау.

Мақсаты: Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын,

қиялын дамыту, үй жануарларының дыбысын ажырата білу.

Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреттері, көрініске керекті құралдар.

Тәрбиеші: Сурет арқылы балаларға «Шалқан» ертегісінің мазмұнымен түсіндіру.

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдына шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күннің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.

Ата К.Мөлдір апай : Ой, бәрекелді,менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.

Тәрбиеші: Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.

Ата К.Мөлдір апай: Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірімді шақырайын.

- Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел ,екеуміз бірге тартайық!

Кемпір М.Мөлдір апай: Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!

Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.

Кемпір М.Мөлдір апай: : Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз Томирис: Жарайды апа сізге көмектесемін.

Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.

Қыз Томирис : Итім, итім көмекке келші.

Ит Көзайым: Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін.

Тәрбиеші: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады.

Ит Көзайым: Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық С.Амир: Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.

Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі тартады, бері тартады, бірақ шалқан шықпайды. Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

Мысық С.Амир: Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.

Тышқан Сафия: Әрине көмектесіп жіберемін. Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.

Тәрбиеші: Қане, балалар енді осы ертегіні бүгінгі біздің қонақтарымызға және қоянға арнап көрніс етіп қойып берейік. Рөлдерде ойнайтындар: Шал, кемпір, немере қыз, ит, мысық, тышқан.

Тәрбиеші: Балалар осы ертегіде қандай үй жануарлары бар екен?

-Ит, мысық, тышқан.

Дауыстыры арқылы дыбыстарын ажырату.(аф-аф, мяу, шиқ-шиқ.)



Ертегіні қорытындылау:

Тәрбиеші: 

  • Біз бүгін өандай ертегімен таныстық?

  • «Шалқан» ертегісімен.

  • Ертегі сендерге ұнады ма?

  • Ұнады.

  • Осы ертегіде қандай үй жануарлар бар екен?

  • Ит, мысық, тышқан

Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер «Шалқан» ертегісінің көрінісін қойыңдар. Сендерге балалар дән риза болды.

Тәрбиеші:.Балаларды мадақтау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.02.2023
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі