"Шалқан" ертегісі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Шалқан" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Шалқан ертегісін балаларға түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы











Мақсаты: Балаларға ертегіні рөлдерге бөліп ойнатудың мағынасын түсіндіру. Балалардың дүние танымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, сөйлемдегі сөздерді, сөздердегі дыбыстарды анық айту дағдыларын қалыптастыру. Балаларды еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: үй, қорған, шалқан, су құйғыш т. б



Тәрбиеші:
Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей тіптен үйден де дәу болып өсіпті. Атай шалқанды жерден жұлып алмақ болып, шалқалай тартады. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды тартып жұла алмайды. Атай әжесін шақырады.
Атасы:
- Кемпірім, кемпірім келші маған шалқанды жұлуға көмектесші, - дейді.
Тәрбиеші:

Кемпірі көмекке келеді. Әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Екеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да әжей немересін шақырады.
Әжей:
- Қызым, қызым бері келші, бізге шалқанды тартысып жіберші.
Тәрбиеші:

- дейді. Немересі көмекке келеді. Немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Үшеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да немересі күшігін шақырады.
Немересі:
- Күшігім, күшігім бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.
Тәрбиеші:

- дейді. Күшік көмекке келеді. Күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Төртеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да күшік мысығын шақырады.
Күшік:
- Мысығым, мысығым бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.
Тәрбиеші:

- дейді. Мысық көмекке келеді. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Бесеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да мысық тышқанды шақырады.
Мысық:
- Тышқан, тышқан бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.
Тәрбиеші:

- дейді. Тышқан көмекке келеді. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Барлығы бірігіп шалқанды ары тартады, бері тартады да шалқанды жұлып алады.
Сөйтіп барлығы үй ішімен шалқанды жұлып алып мәре – сәре болады.

Сұрақ-жауап. 
-Атай не екті? - Шалқанды

Атай көмекке кімді шақырды? -Әже көмекке кімді шақырды? –Немересі нені шақырды? -Күшік нені шақырды? -Мысық нені шақырды? -Сонымен бәрі бірігіп не істеді? 



-Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. 

Әжейді Немересін Күшікті Мысықты Тышқанды Шалқанды жұлып алады. 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.10.2023
330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі